қауырсын қанат жырымнан…

Description
мен сол қара жігітпін, ағармаймын
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 1 month, 3 weeks ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 1 month, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 4 months ago

2 months, 1 week ago

иә, әйелдің жүрегіне махаббат шоғын тұтату қиын, ал тұтатып алғаннан кейін оның сені өз ырқына біржола көндіріп алмақ боп лапылдап лаулаған құштарлық жалынын, яки сені сырт теуіп өзінің қорланған сезімі үшін өртеп жіберуге әзір кекті күйін сөндіру тіпті қиын…

2 months, 1 week ago

сен менің “жырларымның” ішіндегі кейіпкері…

#десең

2 months, 1 week ago

ақындық деген жарықтықтың екі ұшпағы бар:
бірі — ұлылық, бірі — масқаралық.
ұлы бола алмаған ақын масқара болады. көп ақылды адамдардың өз ақындығын жасыратыны сондықтан.

(с) Шерхан Мұртаза

4 months, 3 weeks ago

“дүниеде әйелден берік, әйелден айқын ешнәрсе жоқ, ендеше еркектің одан өзге сүйенері және жоқ”

(с) Максим Горький

4 months, 3 weeks ago

тәуекел түбі жел қайық,
өтерсің де кетерсің,
уайым түбі тұңғиық,
батасың да кетесің.

4 months, 3 weeks ago

Бір күніммен қоштастым

тағы, міне, қоштастым бір күніммен,
қош айтыстым бір күнгі тірлігіммен.
тоқтатып кер толассыз қозғалысты,
түссең-дағы тәңірдің кіндігінен.

айлар, жылдар, ғасырлар алға аттаған,
алға аттады күнім де ардақтаған.
мынау жарық әлеммен бірге айналып,
заулап барам, бір күні аунап қалам.

аунап қалам...
білемін, білемін мен!
ажыраймын жармасқан тірегімнен.
құлай білем,
себебі, жүре білгем,
құсым ұшса болғаны жүрегімнен.

бір құсым бар кеудемде-зынданымда,
бірге туған менімен, туғанымда.
байғұсыма бостандық берсем болды,
аунап кетпей әзірге тұрғанымда❤️‍?

5 months ago

бұлақ өмір сүргенімен құрақсыз,
сезім өмір сүре алар ма мұратсыз.
жүрегіңде ерлігі жоқ адамның,
барлығы да махаббатқа тұрақсыз❤️‍?

(с) Мұхтар Шаханов

5 months ago

“мой Господь испытывает меня иногда, но оказывает милости ежедневно”

5 months ago

неғұрлым есейген сайын соғұрлым күмәнданамыз. достықтан, махаббаттан, жақын жандардан, оқудан, жұмыстан, жалпы өмірден. әр адам біз ойлағандай адал емес екенін түсіне бастаймыз. барлығы сенің жетістіктеріңе шын қуанбайды, бірақ жеңілістеріңе қуанады. барлығының ниеті таза емес, көптеген жүректер қараңғылық пен жек көрушілікке толы, ал көпшілігінің жүрегі мүлдем жоқ. аз сөйлеп,көбірек байқай бастаймыз, айналамызға қарап, екіжүзділік пен қызғанышсыз шынайы адал адам сирек кездесетін ерекшелік екенін түсінеміз.
бірақ, бұл әлемдегі ең бастысы - сондай адам болмау һәм айналмау.
Әуезов айтпақшы: “ит мені қапты екен деп, мен оны қапсам, адамдық аузымда не қадір-қасиет қалады?”

барынша адамдарды саралауды үйреніп, өмірдің кез-келген сынағынан оңды сабақ алайық.

5 months ago
мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
үлкен арман керек екен адамға?

We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 1 month, 3 weeks ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 1 month, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 4 months ago