Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.
Жаңбыршиннің "ерлігі" туралы...
Ең бірінші Жаңбыршиннің надандығы туралы. Әрине, ұлтшыл, комплексқа толы адам үшін бұл жәй ғана сөз... Ол тұтас бір континентті қорлап сөйледі ғой негізі...
Бір еуропалық отырып, біз түркі халықтары сияқты диктаторлардың жеке меншігі емеспіз десе қалай? Шамыңызға тиема? Сол депутатты сол күні итжеккенге айдап жіберетін еді өздері... себебі, ол сау қоғам ғой... тұтас бір континентті абориген деп кемсіткен адамға тамсанып біз отырмыз... сөйтіп жүріп адам болғымыз келеді еще...
Екіншіден мен бұл жерде Жаңбыршиннің көздегені не деген сұраққа баса назар аудару керек деп есептеймін. Егер әуекомпаниясы бірдеңені дұрыс жасамаса, оны реттеу керек мемлекеттік жауапты органдар бар ғой. Неге соны қозғамайды? Олар неге жұмыс істемей отыр. Кім-кіммен ауыз жаласқан деп неге зерттеу жасап, факт жинап келмейді... түбі стрелка АП-ға не тигрға әкелетінін бәрі біледі... оған сіздердің "ерлік жасағыш" депутаттарыңызда көтте, білімде жоқ...
Үшіншіден ол кісі "Бізді халық сайлады, мына жерде отырғандар халық қалаулылары" деді. Біздің елде ешқандай әділ сайлау жоқ. Ол жерде тағайындалғандар ғана. Оны өздеріде біледі ғой...
Жалпы Фостер дегенді әкеп "тергеп" жатқандарына қарағанда бір гәп бар-ау...
Бағана біреулер "Айр Астананы" Иванов дейма біреуге бермек деп жатыр екен...
Мен осы жерде бір ғана дүниені ескерткім келеді. "Арселлор Митталдың" қалай қолдан қолға көшкенін бәрін білеміз ғой... аяқ асты бір "батырлар" дәл осылай мінберден шүйлігіп, қаншама шахта аяқ асты жарылып қаншама адам көз жұмды... бәрі сценарий бойынша тез-тез жасалды ғой... содан мә саған, мә маған бір басшының орнына екіншісі келе салды... бірақ, одан халыққа пайда болмады...
Жалпы біздегі бір бизнесті шет елдік олигарх не менджерден алып орыстарға беретін кезде адам шығыны болатыны қызық құбылыс маған...
Құрметті қолдан қолға бизнес өткізуге жауапты АП-дағы мырзалар! Ешқандай самолётты аспаннан құлатпай-ақ қолдан қолға өткізе салыңыздаршы... біз бәрі бір оған қарсы шықпаймыз...
"Сыртқа кеткен білімді мамандардың алды-артына бір уыс топырақ, елден ішіп-жеп, еңбегін шетке сатқан сатқындар неме!" - деген пікірде бәрі керемет, бір жері ғана кем.
Нәтиже.
Ноль.
Тіпті керісінше.
Бұндай әңгіменің нәтижесі - елдің барлық салада құлдырауына алып келетінінде. Тоқмейілдікке дем беруінде. Ел жағдайын ұшпаққа шығарып, саланы көркейтетін алтын бастарға "патриотизм" желеуімен жасалатын қиянатта.
Лайықты өмір сүру деген күнде вешір-күнде-той болып, бір кредиттен екінші кредитке дейін шалқып жүру емес, күн-түн демей кітап жастанып, жаттығып жиған біліміңді қу тірлікпен арпалысуға, тұрмыс мәселесін реттеуге еш алаңдамай ел игілігіне жұмсауға мүмкіндігің болуы.
Совет үкіметінің экономикалық қатесі де сол болған. Адамның лайықты өмірге ұмтылысын "ел қатарлы" деген түйсікпен алмастырып, күшік кезінен өлтірген. Нәтижесінде, ел қатарлы өмір сүрген үздік мамандар жұмысын да "ел қатарлы" жасай бастаған. Яғни ортанқолдан артық жасауға талпынбаған.
Біздің мәселе сонда, біз өз балаларымызды тегіс елден ақылды, елден данышпан көреміз. Оқымасаң, жер қаз, мал бақ демей, өтірік шынымызды салып, жоғарыға тыққыштаймыз, білімді біреуге қиянат қылдық деп ойламаймыз.
Жағдайды түзеп алған соң, біреудің кетем деген баласына кетсең кет, алды-артыңа уыс топырақ деп масайраймыз.
Ондай көзқарастан өркендеп кетер ел болса, елде не көп, топырақ көп, камазбен тапсыруға болар еді.
Сондықтан, бұл мәселені басқа елдер қалай шешіп жатыр, үздік мамандарды қолдан сусытпау үшін не істей аламыз? - деген әңгіменің нәтижесі құндырақ болар еді деп ойлаймын.
Бірақ өкініштісі сол, ондай әңгіменің үні "сатқын, қараңды тиыш батыр" деген нәтижесіз, қысыр әңгіменің төңірегінде тұншығып қала береді.
Oskar Gasta
Әкем плюс белгісі бар төртбұрыш сумкасын асынып шығып кетіп, айлап оралмайды екен.
Әке ,
Сенің шаранаңнан шайқалған құс едім ,
Мен енді сенің жолыңа түсемін!
Сен құсап қаңғырып …
Сен құсап ішемін …
Сен сияқты менің де бағынбайтыным уақыт ,
Боғыңмен бірдей, әке,
Дүние, байлық, мансап, бақыт !
Қаншама бала тәтті кәмпит жеді екен ,
Сен босатқан бөтелкелерді сатып …
Сенің жамандығыңның жақсылығы Соларға нәсіп …
Жетім құстарды асырадың ырыздығыңды Далаға шашып …
Әке , түсімде баяғыдай қаңғып жүресің.
Йығыңа -
Плюсы бар төртбұрыш сумкаңды асып !
Ізіңді енді таппасам уақыттың уысында Жоғалар ,
Жалғыз ақйқат-адамға шексіз Жақындайды молалар…
Саған жарты шөлмек құйып беруге Жарамай жүргенін білем әке…
Кеше сен кіндігін кескен балалар.
Көктемде ауылға қайтсам бар ғой, әке ,
Ең қымбат,
Ең ащы арақ аламын ,
Шешеме көрсетпей әлгі төртбұрыш Сумкаңа саламын !
Жаным балам деп маңдаймынан Шолпылдатасың сонда жадырап -
Бір өмір ашылмаған қабағың …
Рухың тасып баяғыдай
Жігерің күшейіп ,
Айтылмай кеткен іштегі әңгімеден түсейік...
Бокалдардың дауысы қасіретті үн Шығарады, әке,
Қағыстырмай ішейік …
2022
Қуаныш Өмірбек
Қара аспанды төндіргім келмейді. Бірақ күн санап Қазақстанда сөз және баспасөз бостандығы ушығып бара жатыр. Ал өзін журналист, медиа менеджер санайтын кісілер авторитар режимнің репрессив саясатына қарсы тұруды ойластырудың орнына “той тойлап” (форум өткізіп), биліктің таратқан марапатына сүйінші сұрап, “АЭС-сіз күніміз қараң” деп мемлекеттік пропаганданың шашбауын көтеріп жүр. Соған қарағанда біздің журналистер қауымы проблемасы шаш етектен келетін авторитарлы Қазақстанда емес, Тоқаев әкімшілігімен бірге жасап алған “Жаңа Қазақстан” әлемінде тұратын сияқты.
Екі күн бұрын журналист Қарлығаш Еженованың бізге “либеральный авторитаризм” керек деген сұхбатын көріп, түңіліп кете жаздадым. Авторитаризмнен елге зияннан басқа ештеңе жоқ екенін журналистеріміз ұқпаса, онда басқа азаматтарға өкпелеудің жөні жоқ шығар… Сонда да саясаттанудағы аксиоманы қайталағым келеді: сөз бостандығы өлген елде демократия тумай жатып өледі.
Шалқар Нұрсейітов
Ақпараттық соғыс деген қызық қой...
Латын Америкалық революционер, қаншама елдің президенті болған Симон Боливардың айтатындайы бар екен: "Мен әскерімнен емес, БАҚ-тан айрылғанда жеңілгенімді түсіндім" деп.
Бүгінгі таңда АЭС туралы әңгіме өршіп тұр. Референдумға халықты шақыру тоқтар емес... ақпарат алаңында АЭС пен референдумды қолдайтындарды әшкерелеуде қатар жүрді... ашық қолдағандардың бәрі пропагандист екені халыққа белгілі болып қалды...
Енді пропагандондар басқа тәсілге көшті. "Мен АЭС салуға қарсымын! Сондықтан референдумға келіп қарсы дауыс бер!" деген, лозунг "ойлап тауыпты". Бұл қалайда халықты референдумға әкелу, сендіру айласы.
Біздің елде ешқандай да ӘДІЛ САЙЛАУ ЖОҚ!
Референдумға бару, АЭС-ті қолдау деген сөз!
Жалпы халықтың референдумға көптеп келуі біздің билікке не үшін қажет?! Белгілі бір халықаралық келісім-шарттарға, халықаралық ұйымдарға отчёт үшін ғана. Сіздің қарсы дауыс саналмайды... олар өздеріне керек цифрды жазады бәрі бір... міне Ресейдің АЭС салуына халық қарсы емес деп көрсетеді ертең құжаттың бәрінде... ол жерде тек явка маңызды... ол белгілі бір саяси, экономикалық, экологиялық санкцияларды айналып өту үшін керек... Қазақстан санкцияға ілінсе Ресейге одан бетер қиындық туғызады... сондықтан "халықпен келісіп шешу" операциясын жасап жатыр...
Референдумды қолдау - АЭСті қолдау! Дәл қазіргі саяси ахуалда референдумға бару, АЭСті қолдау - Отаныңды сатумен бірдей!
Ақылың тасып тұрсын, ғаламат физик бол, АЭСті ойлап тапқан өзің болсаңда, дәл қазіргі саяси ахуалда Қазақстанда АЭСті салуды қолдау, референдумға шақыру - Отаныңды сату!
АЭС, АЭС дейсіздер.
АЭС салатын ел болашағын әріден ойлайды.
АЭС-тің тамағы – байытылған уран. Уран өндіретін әлемдегі алпауыт компанияның бірі – “Қазатомөнеркәсіп” байытылған уран шығаратын ресейлік-қазақстандық кәсіпорындағы (ЦОУ)
50 пайыз үлесін 2020 жылы Ресейге сатып жіберген. Қазір 1 ғана акцияға ие екен.
Енді миллиардтаған теңгеге солардан сатып алып отыр. Мысалы 2023 жылы байытылған уранды 40,6 миллиард теңгеге сатып алған. АЭС салынса, қанша миллиардқа сатып алатынын болжай беріңіздер.
Қайран шылқыған байлық, шикізат боп шетке кетіп жатқан.
Баяғыда, оншақты жылдай бұрын марқұм Аманхан Әлімұлы “Барлық салада позициямыздан айырылып жатырмыз” деп налушы еді. Сол ғой әлі де…
Дина Имамбай
Мен ешкімнен рұқсат сұрамай-ақ қартайдым.
Әжімдерімді жасырмай, артық салмақты тықпай, нешеге келгенімді білдіріп қоятын жанарларымды көлегейлемей, осындай әдемі қалпыммен Қызыл кілемнен жүріп өттім.
Қартаю, жасаруға қатысты ешкімнің пікірін құлағыма ілмей, табиғаттың бұл жаста маған берген барлық ғажабымен елдің алдына шықтым.
Бұл планетада біреу қартаю деген ұялатын нәрсе емес екенін айтуы керек қой!
Моника Беллуччи
Аударған Жанар Шәмел
2040-шы жыл, викторина ойыны:
Қайрат Нұртас кім?
А) Тойский Әнші B) Физик
С) АЭС маманы D) Қойский әнші
7 ҮЛКЕН КҮНӘ
Қағидасы жоқ саясат (Politics without Principal).
Еңбек етпей баю (Wealth without Work).
Ар-ождансыз ләззат (Pleasure without Conscience ).
Сапасыз білім (Knowledge without Character).
Әдепсіз сауда (Commerce without Morality).
Адамдығы жоқ ғылым (Science without Humanity).
Садақасы жоқ ғибадат (Worship without Sacrifice).
МАХАТМА ГАНДИ
Әлемдегі нөмірі бір марафоншы - Марат Жыланбаевты қамап тастап, Астанада марафон өткізбек екен...
Жыланбаевқа деген құрметі бар марафоншылар қатыспайды деп сенем...
Жыланбаев түрмеде шырылдап көмек сұрап жатыр... бұлар тұмсығына тіреп әкеп марафон өткізбек... диктаторлар демократтарды осылай қорлап, осылай жеңбек...
Қол-аяғымыз дірілдеп, қара басымыздың қамы үшін үстелдің астына тығылмай бәріміз сап түзеп Жыланбаевпен бір қатарда тұрғанда шіркін... бүгінгі күні еліміздегі диктатура мен тирандардың күні көкке ұшатын еді...
Жүз мыңдаған әскері, милициясы, басқада күштік құрылымы бар диктаторларға бет қаратпай арпалысқа шыққан арыстан жүрек демократтарды диктаторларға қорлатып, қаматып, өлтіртіп, қуғындатып былқ етпей отырмыз. Біз кімбіз бұдан кейін? Расымен осы біз кімбіз?
Тәнімдегі 90 келі етімді аман алып қалу үшін, мен диктаторларға шындықты, әділдікті, ізгілікті, мәдениетті, өркениетті жан баласында болуы мүмкін барлық жақсы қасиетті қорлауына мүмкіндік беріп қойдым. Мен осыдан кейін кіммін?
Жыланбаев күреске бекер түскен жоқ. Ол әділдіктің туын қолына алып тарих биігіндегі ғасырлар марафонына шықты. Ол әділдік іздеп шыққан күні барлық диктаторларды жеңген. Тек, оның жеңімпаз екенін дауыстап айта алатын халқы болмай тұр...
Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.