Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.
Қара аспанды төндіргім келмейді. Бірақ күн санап Қазақстанда сөз және баспасөз бостандығы ушығып бара жатыр. Ал өзін журналист, медиа менеджер санайтын кісілер авторитар режимнің репрессив саясатына қарсы тұруды ойластырудың орнына “той тойлап” (форум өткізіп), биліктің таратқан марапатына сүйінші сұрап, “АЭС-сіз күніміз қараң” деп мемлекеттік пропаганданың шашбауын көтеріп жүр. Соған қарағанда біздің журналистер қауымы проблемасы шаш етектен келетін авторитарлы Қазақстанда емес, Тоқаев әкімшілігімен бірге жасап алған “Жаңа Қазақстан” әлемінде тұратын сияқты.
Екі күн бұрын журналист Қарлығаш Еженованың бізге “либеральный авторитаризм” керек деген сұхбатын көріп, түңіліп кете жаздадым. Авторитаризмнен елге зияннан басқа ештеңе жоқ екенін журналистеріміз ұқпаса, онда басқа азаматтарға өкпелеудің жөні жоқ шығар… Сонда да саясаттанудағы аксиоманы қайталағым келеді: сөз бостандығы өлген елде демократия тумай жатып өледі.
Шалқар Нұрсейітов
Ақпараттық соғыс деген қызық қой...
Латын Америкалық революционер, қаншама елдің президенті болған Симон Боливардың айтатындайы бар екен: "Мен әскерімнен емес, БАҚ-тан айрылғанда жеңілгенімді түсіндім" деп.
Бүгінгі таңда АЭС туралы әңгіме өршіп тұр. Референдумға халықты шақыру тоқтар емес... ақпарат алаңында АЭС пен референдумды қолдайтындарды әшкерелеуде қатар жүрді... ашық қолдағандардың бәрі пропагандист екені халыққа белгілі болып қалды...
Енді пропагандондар басқа тәсілге көшті. "Мен АЭС салуға қарсымын! Сондықтан референдумға келіп қарсы дауыс бер!" деген, лозунг "ойлап тауыпты". Бұл қалайда халықты референдумға әкелу, сендіру айласы.
Біздің елде ешқандай да ӘДІЛ САЙЛАУ ЖОҚ!
Референдумға бару, АЭС-ті қолдау деген сөз!
Жалпы халықтың референдумға көптеп келуі біздің билікке не үшін қажет?! Белгілі бір халықаралық келісім-шарттарға, халықаралық ұйымдарға отчёт үшін ғана. Сіздің қарсы дауыс саналмайды... олар өздеріне керек цифрды жазады бәрі бір... міне Ресейдің АЭС салуына халық қарсы емес деп көрсетеді ертең құжаттың бәрінде... ол жерде тек явка маңызды... ол белгілі бір саяси, экономикалық, экологиялық санкцияларды айналып өту үшін керек... Қазақстан санкцияға ілінсе Ресейге одан бетер қиындық туғызады... сондықтан "халықпен келісіп шешу" операциясын жасап жатыр...
Референдумды қолдау - АЭСті қолдау! Дәл қазіргі саяси ахуалда референдумға бару, АЭСті қолдау - Отаныңды сатумен бірдей!
Ақылың тасып тұрсын, ғаламат физик бол, АЭСті ойлап тапқан өзің болсаңда, дәл қазіргі саяси ахуалда Қазақстанда АЭСті салуды қолдау, референдумға шақыру - Отаныңды сату!
АЭС, АЭС дейсіздер.
АЭС салатын ел болашағын әріден ойлайды.
АЭС-тің тамағы – байытылған уран. Уран өндіретін әлемдегі алпауыт компанияның бірі – “Қазатомөнеркәсіп” байытылған уран шығаратын ресейлік-қазақстандық кәсіпорындағы (ЦОУ)
50 пайыз үлесін 2020 жылы Ресейге сатып жіберген. Қазір 1 ғана акцияға ие екен.
Енді миллиардтаған теңгеге солардан сатып алып отыр. Мысалы 2023 жылы байытылған уранды 40,6 миллиард теңгеге сатып алған. АЭС салынса, қанша миллиардқа сатып алатынын болжай беріңіздер.
Қайран шылқыған байлық, шикізат боп шетке кетіп жатқан.
Баяғыда, оншақты жылдай бұрын марқұм Аманхан Әлімұлы “Барлық салада позициямыздан айырылып жатырмыз” деп налушы еді. Сол ғой әлі де…
Дина Имамбай
Мен ешкімнен рұқсат сұрамай-ақ қартайдым.
Әжімдерімді жасырмай, артық салмақты тықпай, нешеге келгенімді білдіріп қоятын жанарларымды көлегейлемей, осындай әдемі қалпыммен Қызыл кілемнен жүріп өттім.
Қартаю, жасаруға қатысты ешкімнің пікірін құлағыма ілмей, табиғаттың бұл жаста маған берген барлық ғажабымен елдің алдына шықтым.
Бұл планетада біреу қартаю деген ұялатын нәрсе емес екенін айтуы керек қой!
Моника Беллуччи
Аударған Жанар Шәмел
2040-шы жыл, викторина ойыны:
Қайрат Нұртас кім?
А) Тойский Әнші B) Физик
С) АЭС маманы D) Қойский әнші
7 ҮЛКЕН КҮНӘ
Қағидасы жоқ саясат (Politics without Principal).
Еңбек етпей баю (Wealth without Work).
Ар-ождансыз ләззат (Pleasure without Conscience ).
Сапасыз білім (Knowledge without Character).
Әдепсіз сауда (Commerce without Morality).
Адамдығы жоқ ғылым (Science without Humanity).
Садақасы жоқ ғибадат (Worship without Sacrifice).
МАХАТМА ГАНДИ
Әлемдегі нөмірі бір марафоншы - Марат Жыланбаевты қамап тастап, Астанада марафон өткізбек екен...
Жыланбаевқа деген құрметі бар марафоншылар қатыспайды деп сенем...
Жыланбаев түрмеде шырылдап көмек сұрап жатыр... бұлар тұмсығына тіреп әкеп марафон өткізбек... диктаторлар демократтарды осылай қорлап, осылай жеңбек...
Қол-аяғымыз дірілдеп, қара басымыздың қамы үшін үстелдің астына тығылмай бәріміз сап түзеп Жыланбаевпен бір қатарда тұрғанда шіркін... бүгінгі күні еліміздегі диктатура мен тирандардың күні көкке ұшатын еді...
Жүз мыңдаған әскері, милициясы, басқада күштік құрылымы бар диктаторларға бет қаратпай арпалысқа шыққан арыстан жүрек демократтарды диктаторларға қорлатып, қаматып, өлтіртіп, қуғындатып былқ етпей отырмыз. Біз кімбіз бұдан кейін? Расымен осы біз кімбіз?
Тәнімдегі 90 келі етімді аман алып қалу үшін, мен диктаторларға шындықты, әділдікті, ізгілікті, мәдениетті, өркениетті жан баласында болуы мүмкін барлық жақсы қасиетті қорлауына мүмкіндік беріп қойдым. Мен осыдан кейін кіммін?
Жыланбаев күреске бекер түскен жоқ. Ол әділдіктің туын қолына алып тарих биігіндегі ғасырлар марафонына шықты. Ол әділдік іздеп шыққан күні барлық диктаторларды жеңген. Тек, оның жеңімпаз екенін дауыстап айта алатын халқы болмай тұр...
Ішіме сыймай жүрген бір әңгіме бар....
Қай жерде, қашан болғанын нақтыламай-ақ қояйын...
Бірде отыздан асқан жігіт үрімдей он сегіз жасар қызды алып қашады. Алып қашып үйіне әкелгенде қыздың көнбейтінін түсінген ағайын-туыс жиналып сыртқа шығып кетеді... жігітке төсекпен көндір деген ишарат танытып кетеді... үйдің сырты толған ағайын-туыс, үй ішінде қыздың шыңғырған дауысы... содан қыздың тағдырына, таңдауына, арына, ұятына балта шапқанын түсінетін бір адамы жоқ әулет қыздың ауылына хабаршы жібереді...
18 жастағы үрімдей ғана жан баласы, ата-анасына айтпай сол жақта қалуға келісімін береді. Кім білсін, байғұс қыздың сол кездегі не ойлағанын, қалай күйінгенін... Кейін бірінен соң бірі үш періштені дүниеге әкеледі. Әгі еркексымақ дүниеде қатырғаны көптей ішкілікке салынады... садынады болғанда ол бұрынан ішкіш болған... онымен қоймай әйелі мен балаларын қосып ұрғанды шығарады... содан бір күні кішкентай балалары үштен аса бергенде ана мал баланың арқасына сым көсеу қадап алады... өйтіп-бүйтіп анасы байғұс араша түседі... өзінің өмірі күл-талқан болғанда ата-анасының ар-ұятын ойлап надан еркекке жар болуға келісе салса да, ендігі балаларының тағдыры үшін бейжай қарай алмай, өзі сияқты құлдықта өспесін деп, сол түні үш баласын алып ауылдан қашып шығады...
Далада, жеті қараңғы түнде үш баламен... сөйтіп жолға жетіп, жиектеп жүріп бір көлікті тоқтатып ауылына жетеді... кейін ата-анасына бәрін айтып түсіндіреді... ата-анасынан айналдым, кейін қыздарын аяққа тұруына көп көмектеседі...
Қазір бір қалада сондай тағдырлы, қайсар, өжет бір ана жүр... ол мүмкін сіздің күнде көретін көршіңіз немесе әріптесіңіз шығар... кім білсін... сондықтан айналаңыздағы адамдарға үлкен мейірімділікпен қараңыз... оның қандай тағдырдың сүргінінен өткенін кім білсін...
Менің әлі түсіне алмайтыным, ішімде жібере алмай жүрген дүнием... үйдің сыртындағы адамдардың қалайша бәрі опасыз болып шыққаны... ішінен бір арашашы қалайша шықпады... соған таңмын...
Кемпір-шал, аға-іні, ағайын-туыс бәрі болды ғой... қыздың жылаған, шыңғырған, жалынған дауысы сол кезде далаға естіліп тұрғаны анық еді...
Пускай ты выпита другим,
Но мне осталось, мне осталось
Твоих волос стеклянный дым
И глаз осенняя усталость.
О, возраст осени! Он мне
Дороже юности и лета.
Ты стала нравиться вдвойне
Воображению поэта.
Я сердцем никогда не лгу
И потому на голос чванства
Бестрепетно сказать могу,
Что я прощаюсь с хулиганством.
Пора расстаться с озорной
И непокорною отвагой.
Уж сердце напилось иной,
Кровь отрезвляющею брагой.
И мне в окошко постучал
Сентябрь багряной веткой ивы,
Чтоб я готов был и встречал
Его приход неприхотливый.
Теперь со многим я мирюсь
Без принужденья, без утраты.
Иною кажется мне Русь,
Иными кладбища и хаты.
Прозрачно я смотрю вокруг
И вижу, там ли, здесь ли, где-то ль,
Что ты одна, сестра и друг,
Могла быть спутницей поэта.
Что я одной тебе бы мог,
Воспитываясь в постоянстве,
Пропеть о сумерках дорог
И уходящем хулиганстве.
Есенин
Бір оқиғаны қысқа қайырып айтып берейін...
12-13 жасында әкесі қызын зорлаған. Анасы түңгі кезекте жұмыс істейді екен... жұмысқа кеткен... анасы кеткеніне біраз болмай әкесі тисе бастайды... содан Ананың аты ана ғой... жұмысқа барысымен жайы болмай, күйі келмей қояды. Оны көрген бригадир бірден үйіне қайтарып жіберген екен... Анасы байқұс үйге кіріп келсе, әгі картинаның үстінен түседі қысқасы...
Содан ас үйдегі пышақты алып, күйеуін бауыздап өлтіріп тастайды. Қызына оның ешқандай кінәсі жоғын, бұл әкесінің оңбағандығы үшін болғанын түсіндіреді. Сөйтеді де, милицияға өзі звондайды...
Содан сот байғұс әйелді 5 жылға соттап жібереді... қызы екеуі ылғи хат алмасып тұратын болған. Түрмеде жатып қызының психикасы бұзылмас үшін контакт жасап, ақыл-кеңес беріп отырған. Содан түрмеден шығып, қызын алып жаңа өмір бастаған... Қазір қызы екеуі жаңа өмір бастаған, бір отбасы болып күн кешіп жатыр дейді...
Мен үшін қаһарман кім деп сұраса, жоғарыдағы әйелді айтар едім...
Айтқым келгені, өмірімде Анасы баласын зорлады дегенді естімеппін... баласы үшін ғұмыры мен тағдырын тәрк еткен аналар туралы сан мәрте естігенмін...
Елімізде зорлық-зомбылыққа қарсы заңға сіресіп, тіресіп, қиқулап осы заңға қарсы шығып жатқан адамдарды көрсем, естісем жоғарыдағы еркек елестей береді...
Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.