Телеграм канал журналіста Раміни Есхакзай.
Мій Instagram : https://www.instagram.com/raminalalala
Резерв: https://instagram.com/raminalalala_here
FACEBOOK: https://www.facebook.com/ramina.eskhakzaj
Реклама: @coop_ramina
PR: @kateryna_khotieieva
Last updated 1 week ago
Last updated 1 year, 7 months ago
🥧Татар һәм рус телендәге рецептлар
📌файдалы киңәшләр
Реклама (сотрудничество) - @elvira_admin
Отзывы: https://t.me/kirakle_torkem_otzivi
Last updated 1 day, 23 hours ago
“Адамға жалғыздық қаншалықты деңгейде керек деп ойлайсыз?” – деп сұрапты бір бауырымыз.
Оңашалану, жалғыз қалу - рухани кемелдікке ұмтылғандар үшін қажетті бір кезең. Имам Ғазали адамның жүрегін бір хауызға (бассейн) теңеп, бұл хауызға су құятын 5 арна барын айтады. Олар: 2 көз, 2 құлақ, 1 ауыз. Бұл бес арнадан құйылған сулар (харам, лас болғандықтан) жүрек хауызының тұнығын лайлап кетеді.
Сондықтан да, адам оңашалану арқылы бір сәтке бес арнаның жолын жауып, жүректің лайын тұндырып, тазартып алуы керек. Оңашалану бұлақтың тұнығын тазарту кезеңі. Міне, осы ниеттегі оңашалану пайдалы әрі керек. Рамазанының соңғы он күніндегі иғтикаф та осы тұрғыдан маңызды.
Сондай-ақ, оңашалану - адамның өз-өзіне есеп беріп, ішкі жан дүниесіне үңіліп, Жаратқанымен сырласатын бір мүмкіндік.
Адамның жүрегі құбылмалы болғандықтан, орта оның құбылуына қатты әсер етеді. Ал оңашада жүрек бірқалыпты күйге түсіп, ойлануға, ойды шоғырландыруға мүмкіндік алады. Сондықтан да, оңашаланыңыз. Бірақ, оңашада сотка шұқылап, әлеуметтік желіні кезіп кетпеңіз, ол оңашалануға жатпайды.
Бүгінде Батыс психологиясында айналымға түскен терминнің бірі – “сомооценка”. Батыс психологиясы негізінен адамның нәпсісін көріктеуге, көтермелеуге, қанағаттандыруға бағытталған.
Ал тассаууф “психологиясы” керісінше, нәпсіні тізгіндеп, төмен басу арқылы рухани кемелденуді көздейді.
Батыс психологиясы көбіне хайуани рух пен инсани рухты ажырата бермегендіктен, осындай мәселелерде бізге қайшы кеп жатады. Меніңше, “самооценка” да адам нәпсісін семірту, мақтан, ужуб (өз-өзіне қанағаттану) секілді рухани кеселдерге жол
ашады.
Бізде “самооценкадан” гөрі “самокритика” (мухасаба) және “самоконтрольға” (мурақаба) назар аударады да, нәпсінің айлаларын анықтап, оның тұзақтарына түспеуге баулиды.
Бізде нәпсіні тұсағанда, рух үстемдік құрады. Бұл жағдайда адам рухани кемелденеді. Ал керісінше нәпсі тұсалмай, рухқа үстем келгенде, тәкәппарлықты өзінің қалқаны, қорғаны етіп алады да ақиқатты танымас, өзіне қарсы сөз айтқызбас жанға айналады.
وَٱذۡكُرِ ٱسۡمَ رَبِّكَ وَتَبَتَّلۡ إِلَيۡهِ تَبۡتِيلٗا
Раббыңның атын үнемі жадыңда ұстап, (күндіз-түні) аузыңнан тастамай зікір ет һәм Оған жан-тәніңмен бет бұр.
Құран Кәрім: “Муззәммил” сүресі, 8-аят.
“Дүниені жақсы білген – алданбайды, ақыретті жақсы білген – алдамайды”, – депті Мұзаффар Озак.
Екеуін де жақсы білмегеннің халі қиын екен. Десек те, ақырет үшін алданғандардан болсақ та, алдағандардан болмайық!
Бір дәруіштен:
«Таң намазында неге ауа сондай саф, таза, хош болады?» – деп сұрапты.
Сонда дәруіш:
«Өйткені, таң намазына көңіл айнасы лас ешбір адам тұрмайды», – деп жауап беріпті.
Жәбир былай дейді:
«Пайғамбарымызбен бірге отырған едік, бірден айналаны сасық өлексенің иісі басып кетті.
Пайғамбарымыз ﷺ:
– Бұл ненің иісі екенін білесіңдер ме? – деп сұрады да, – Мү’мин мұсылмандарды ғайбаттағандардың иісі», – деді.
Ал бүгінде неге мұндай иісті сезбейміз? Өзімізден мүңкігендігі үшін болуы мүмкін бе?
Садреддин Коневи – атақты Ибн Арабидің хас шәкірті әрі тәрбиесін көрген өгей ұлы, Коньяның үлкен әулиелерінің бірі.
Қабірін, мешітін әрі қылуетханасын зиярат еттік. Қылуетханасында өткізген 10 минуттық зікірдің әсерін айтып жеткізу мүмкін емес. Дәмін татқан ғана біледі.
Телеграм канал журналіста Раміни Есхакзай.
Мій Instagram : https://www.instagram.com/raminalalala
Резерв: https://instagram.com/raminalalala_here
FACEBOOK: https://www.facebook.com/ramina.eskhakzaj
Реклама: @coop_ramina
PR: @kateryna_khotieieva
Last updated 1 week ago
Last updated 1 year, 7 months ago
🥧Татар һәм рус телендәге рецептлар
📌файдалы киңәшләр
Реклама (сотрудничество) - @elvira_admin
Отзывы: https://t.me/kirakle_torkem_otzivi
Last updated 1 day, 23 hours ago