Unlock a World of Free Content: Books, Music, Videos & More Await!

сезімтал періште

Description
"...маған да бір күні ес кірер, сол күні бұл канал да ескірер..."
Advertising
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28

Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615

Last updated 13 hours ago

Құран арқылы Әлемді таны🤍

1 month, 3 weeks ago
1 month, 3 weeks ago

адам кеудесіндегі жүрегі тоқтағанда емес, «еркіндігінен» айырылған күні өледі. #періштеология

1 month, 3 weeks ago

ақылға тұншығыс.

ауа емес, басқа бір нәрсе жетіспей барады. Әлі атауы қойылмаған бірдеңеге деген мұқтаждығым, сәт сайын жанымды кеміріп, шыдатпай бара жатқанда, еріксіз жаза бастаймын.

санамның сұрақтары сенімсіз кейіпте сілкінгенде, қуаты таусылған тұла бойым шымырлайды.

Күндізгі күйкі тірлігімнің есебін осы түнде беретіндіктен, менің бұл уағым әрдайым арпалыстан тұрады.

Арымның майданындағы жауапкершілігім төрелік ететін өткен әрекеттерімнің тайталасы.

өмір сүріп жүргендігімнің бұлтарпас айғағы болып табылатын:

менің «сүйкімді» соғысым.

#қазір

3 months, 3 weeks ago

Біз тұтас өміріміздің басым бөлшегін: Адамдар мен жайында не дер екен? дейтін астыртын желеуге арнай тұра, түптің түбі марқұмның топырағы торқа болсын деген жауап алатынымызды шынымен білмейміз бе?

әлде, мойындағымыз келмейді ме екен?

#періштеология

3 months, 3 weeks ago

Ойда он тиын емес, тапырлаған тарақандар жүгіріп жүргендей. Ешкімге білдірмеуге тырысқаныммен, менің күннен күнге өз бейшаралығыма еселенген үстінен еселей көзім жетті.

Құдай кеудеме махаббатты үйіп-төгіп бергенімен, жалғанның жалпы түсініктерін құнсыздандыруым, өзгені емес, өзімді ғана сылап-сыйпап, құрметтеуге әкеп соққанын кеш ұққаным...

Кеш ұққаны қалай? Оның өзі бір бармағын бүгіп қалдының мойындау үлгісі тектес секілді. Бұндай бірбеткейліктің құдіреті тіпті өзімді таңғалдырады.

Оян дейді. Алдымнан шыққан алты адамның бесеуі адам танып білмейтін әлеміңнен шынайы өмірге ыршып түспесең, әрменгі жағдайымның одан да қиындайтынын айтып безгек қағады. Кейбірі сарнаудан шаршай да бастаған сияқты. Бұрынғы тыпыршуларының табы аса білінбейді.

Өйт! Сөйт! Бүйт! Ұрандарына толы қоғамның қай бөлшегіне ерерімді білмей, өзімді жоғалтып алудан асқан азап болса, маған да, сендерге де Жаратқан жар болсын. Кей сәтсіздіктерден кейін, үмітім өшкенімен, жан дүниесін айқара ашып ақтарылып отыратындарға деген күдігімнің отын өшіре алмадым.

Құдды бір тозақтың отындай...

(с) сезімтал періште

3 months, 3 weeks ago

тәртіпке бағынған құл болмайды.

осы бір тіркеске бүгін бөгде көзқараспен ой жүгірттім.

белгілі бір дүниенің жүйелі һәм тиянақты болуы үшін тәртіптің маңызы жоғары болғанымен, қатып қалған қағидаттар, біздің үнімізді бітеп, еркіндігімізді матап тастамас па екен?

Ғұмырымның бұзығы ретінде, әсіресе соңғы кездері «тәртіпті құлдармен» еріксіз жиі пікір таластыратын болыппын.

Ішімдегі шерімді бір жақыныма тарқатып беріп едім:

– Қайсар, бәрі бос әурешілдік - деп бетін «суық» жаба салды.

3 months, 4 weeks ago

Үзіліп қыршын, сонан соң...
өтетін болды жабырқау жеке кештерім...
Қайғым бар (білем басқалар бекер дескенін)
ол - өзгені сүйе алмай,
жалғыздықпенен
мәңгілік некелескенім.

пы/сы: Фариза Оңғарсынова расымен де ғұмырының соңына дейін ешкіммен отау құрмаған екен.

4 months ago

қысқа да нұсқа.

Корьдің төртінші күні.

Бөлмемді Дарханның көк түсті альбомы баяу ғана сазбен тебірентіп тұр. Тереземнің сыртындағы қараңғы әлемге, көшемнің әлсіз жарығымен шағылысып ақ ұлпа қардың жауғанына қарап отырмын.

Дәрігерлермен отбасым сыртқа аттап басқызар емес. Әйтеуір, қайсысының мен үшін, қайсысының қоғам үшін қам жегенін айыра алмадым.

Жұмысқа бармасам тақырып түсінбей қалатын оқушыларым да, Жамбыл кітапханасының әрдайым жағдайымды сұрайтын киім ілуші апайы да, метроның ішінде оқылатын кітаптарым да… бәрі де адыра қалды.

Төрт қабырғаға қамалғаныма қынжылмаймын-ау, тапырақтаған тіршілігімнің кілт тоқтағаны уақытымды қоса тоқтатып тастағандай.

Бос адам қайғыға үйір келеді деуші еді, қай-қайдағы естеліктерімнің елесін қазып алып, топырақтарын қағып қойдым. Қай күні қайта шаң басарынан бейхабармын.

Құдайдың айрықша белгі берері рас болса, «дамыл тап» деген қызыл белгіше деп түйдім.

Уысымдағының бәрін ақша қардың бетін шашып жіберіп, басқа бір сүрлеуде, жаңа дүние жинауға құмартып тұрғаным…

Бірақ не бағыт екенін білмеймін.

Уайымдататыны тіпті сезбеймін де.

(с) сезімтал періште

4 months ago

Тозақ — бос.
жын-шайтандардың бәрі осында.

(с) Уильям Шекспир

4 months ago

адам кеудесіндегі жүрегі тоқтағанда емес, «еркіндігінен» айырылған күні өледі. #періштеология

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28

Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615

Last updated 13 hours ago

Құран арқылы Әлемді таны🤍