Мезеттік күй

Description
Advertising
Tags
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.

1 year, 4 months ago

Терезенің әйнегіне тиді де,
күн сәулесі сынып, қайта жалғанды,
сынық сәуле бетімнен кеп сүйді де,
басталды әне, содан барып жалғандық,
сынды сәуле терезенің көзінде,
шынайы емес, сынық біздің сезім де,
жалған сезім жылыта алмай жүректі,
адастырып кеттім албырт кезімде...

Ж

1 year, 4 months ago

«Жұмадан кейінгі күндер өте көңілсіз өтеді.
– Неге?
– Жұма – жұмақтан жұпар есетін күн.
– Кейін ше?
– Кейін сол, бейуаз, сұрықсыз, сұрқай күндер басталады.
– Онда... онда сол жұмада қалып қойыңыз.
– Соны тілеймін, жаныммен, санаммен, рухыммен жұмада қалып қойсам ғой деп.
– Шын қаласаңыз, жұма сіз үшін тоқтап қалады.
– Жүректің шындығы ол емес бірақ. Тоқтау – өлудің алды.
— Онда не?
— Жұмадан жұмаға дейінгі шындық.
– Әйтеуір, өзіңіз сұхбаттасатын адамыңызды кездестірмегендей көрінесіз де тұрасыз.
– Мен кездестірдім.
– Неге соған асықпайсыз?
– Асығамын. Ол жақында, жақын болса да – алыста, алыста болса да – жақында»

1 year, 4 months ago

«Құдайды тануды – намаз деп ұғатынымыз өкінішті. Әрине, намазға бет бұрған жақсы. Бірақ Құдай тағалам неге әуелі «иман» деп қол қойғанын ұғынбаймыз. Иман – сол өзіңді табу. Намаз – «таптым» – «енді мәңгілікке жүрегім дәргейіңде тыныштығын тапсын» деген тәуекел. Бірақ адам – пенде, шайтан мызғымайды, бүгінгі шындығың ертеңгі шындықпен үйлеспейді. Шындық – шексіз ұлғая беретін ішкі сұраныс. Намаз – тек қана намаз, шайтанның сыпсыңына жеке-дара тұрып жауап бере алмайды. Бұл – басқа тақырып»

1 year, 4 months ago

«Кейде адам өз-өзін тыңдағысы келмейді. Өз ішінің үні сөйлегенде оны тұншықтыру үшін өзге айла-амалдарға жүгінеді. Егер де сол үнге құлақ салса, сол үннің барша азасына құлақ түрсе еді ғой, әрбір адам өз шындығын, өзінің қастерлі шындығын табар еді. Ол қастерлі шындықтың шынар шыңында алдынан алқап, жаратқаны күтіп алар еді»

1 year, 4 months ago

У тебя новое анонимное сообщение! Бұл шақ - менің жүрегім торыққан шақ... Жүрегің тарықпасын мақұл? Мен сенімен біргемін жаным ❤️ ↩️ Свайпни для ответа.

1 year, 4 months ago

У тебя новое анонимное сообщение!

Бұл шақ - менің жүрегім торыққан шақ...

Жүрегің тарықпасын мақұл? Мен сенімен біргемін жаным ❤️

*↩️* Свайпни для ответа.

1 year, 4 months ago

«Р.Киплинг бе екен айтады: «Сен менің қасымда отырсың, маған қарап отырсың, бірақ мені көрмей отырсың» деп. Адам адамға көзбен қарауы, әрине, жеткіліксіз. Мель Гибсонның «Аватарында» «мен сені сүйемін» деген сөзді «мен сені көріп тұрмын» деп жеткізеді. Яғни, олар бір-бірінің жүрегіндегі сырды көріп тұрғасын «сені жақсы ұғамын, жақсы көріп тұрмын» деп жеткізеді. Адамды ұғу, қарсы алдыңа келгеннің жүрек түбін көру өте қиын»

1 year, 4 months ago

Қалмаған соң тырнақтай бір белгісі,
күндердің де келеді екен өлгісі...

Ж

1 year, 4 months ago

бір үмітті сөндіріп жол ортасында,
бір үмітті уақытша тағы жалғайсың,
сезіміңді ақылға жеңдіре алмайсың,
асау, асыл сезімді көндіре алмайсың,
ұмыттым деп елесін өткен күндердің,
өзге түгіл өзіңді сендіре алмайсың,
тыпыршыған жүректі күніге алдайсың,
түн баласы дөңбекшіп көз іле алмайсың,
кеудеңдегі маздаған сезім шоғын да,
өзі жанып біткенше сөндіре алмайсың.

Ж.

1 year, 4 months ago

– Өткен күндерің өзіңде қалсын,
келер күндерің менікі,
төгілмеген жас көзіңде қалсын,
не қылсаң да өмір сенікі.
– Ұмытармын мен, еске салмаса,
қаңқылдап жеткен қаз үні,
өткен күндерін ұмыта алмаса,
сезімнің бар ма жазығы?
– Өткен күндердің уыты басым,
өкініштерден тұратын,
бетіңді тағы жуыпты жасың,
не қалды мойын бұратын?

Ж.

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.