shyraq

Description
шырағың сөнбесін
Advertising
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.

1 month, 1 week ago

Ғашықтар үшін жоқ ұстаз,
Бәріміз түгел шәкіртпіз.

©️Қадыр Мырза Әли

1 month, 1 week ago

- Қайда тыныштық табасың?
- Сәждеде.

1 month, 1 week ago

Арнама осындай жеке мәселелерді жазу қаншалықты дұрыс екенің білмедім, бірақ шынымды айтсам тек осында жазып жеңілдеп қаламын. Біреуге жеке жазып, мұңымды шағу өзіме ауыр.

Кейде жәй ғана тыңдалғың келеді.

1 month, 2 weeks ago

Тамаққа тренд ұстап, халықты алдау қандай оңай еді…

1 month, 2 weeks ago

Намаздан кейінгі дұға оқу уақытын жақсы көремін. Өзі сол кезде кейде ойына келмеген тілектер айтылып жатады. Бүгін "Аллаһым, өміріме ғашық етші"-деп сұрадым.

Өмірге шексіз ғашық болғым келеді. Ғашық болу - қандай болса солай қабылдау, әр жерінен сұлулықты көру, ол үшін барлығын жасау.

Өмірге ғашық болайық, себебі ол бізге берілген үлкен нығмет💫

1 month, 2 weeks ago

- Біз ақы төлеп оқығандықтан, терең білім алып, мықты маман болып шығуды көздейміз. Өзімізге тиесіліні талап етуге құқылымыз. Ал қартайса да қалт-құлт етіп, қарау пиғылдары "менмұндалап" тұрған мұғалімдеріңіз білім берумен емес, қиянат қылумен әділеттен аттап - баға кемітумен, заңды белден басып - пара алумен, тізе берсең таусылмайтын қылмыспен, айта берсең ауызың ауырып, жүрегің айнитын айуындықпен айналысады. Бұның барлығын біліп отырып "бармақ басты, көз қысты" амалдарға жол беретіңіз қалай? Арыңыз аман ба, жаныңыз сау ма?

Директорға оқытышусы жайлы шағым айтқан студенттің сөзі…

📖“Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?” Әлихан Жақсылық

1 month, 3 weeks ago

Таң намазына тұру - Аллаһтың таңдаулы құлы екеніңді сезіну.

1 month, 3 weeks ago

Communication түсіп, relator көтеріліп бара жатқанын сезіп жүрмін. Бұрынғыдай біреуді іздемеймін, жүрегім жалтақтап ешкімді сағынбаймын. Сезімдерде тұрақсызбын, тәкаппарлықтан емес, жәй ғана жүрек алаңдамайды.

Әлде жыл мезгілі өзгергендей менің де жүрегіме күз келді ме…

1 month, 3 weeks ago

"Таным көкжиегің кеңейсің" - әдемі тілек екен. Соңғы кездері жиі қолданып жүрмін. Біреуге жақсылық тілесең тілге түрлі сөздер келеді, олар да Құдайдан. Ал мына тілек тіпті мағынасы терең, хикметі кең.

Таным көкжиектеріңіз кеңейе берсін! Білім-ілімдеріңіз арта берсін!

1 month, 3 weeks ago

Мән-мағынасы жоқ мерекелерде қатты шулайтын едік, бүгін халық тым-тырыс…

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.