Infinite Entertainment, Zero Cost: Get Your Free Books, Music, and Videos Today!

Erbolat.Qynabay

Description
We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated hace 1 semana

Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
7 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

ТЕГІН Quiz тапсырып көр:
http://quizmarafon.tilda.ws/140al

Last updated hace 1 día, 10 horas

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.

🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Last updated hace 2 días, 8 horas

3 months ago

Мүмкін ұзақ уақыт тыныштықта өткен түндердің қадірін білмей қалған шығармыз…
“түн тыныштығын нәсіп етсін” деген дұғамыздың сөздерінде жан болмай қалған шығар, құр ауызбен айтып жүрген шығармыз…нығметтің дәмі кете бастаған шығар…
“түн тыныш болмай қалуы да мүмкін ғой” деген ойларды мүлдем ойланбай кеттік пе екен?
түннің тыныштығы қандай керемет нығмет екенін, тыныш болмай қалса қандай қиын болып кететінін сезінбей кеттік пе екен?

Тек Жаратқанның мейірімімен ғана тынышталып тұратын түн үшін шүкіріміз, рахметіміз азайып қалды ма екен? әлде мүлдем рахметсіз болып кеттік пе?

НЕ БОЛСА ДА ТЫНЫШТЫҚТЫҢ ТӘТТІ ДӘМІН ҚАЙТА СЕЗДІРГЕНІ ҮШІН САНСЫЗ ШҮКІР!

3 months, 1 week ago

Қарыздардың ең ауыры - сезім қарызы.

Қарыз болған нәрсе сезім екенін білмегендіктен - неше түрлі нәрселермен өтегіміз келеді. Бірақ, қарыз болған сезімді апарып бермей кінәлі сезіну ешқашан кетпейді.

Сезім қарызсың, сезім апарып бер, сезімді жеткіз…

[Әйтпесе, үнемі кінәлі сезіну…
үнемі қарыздар сезіну… жалғаса береді]

3 months, 1 week ago

Сұрақ қою - құтқаратын арқан жіп сияқты.
Кез - келген жағдайда көмекке келеді. Кез - келген жағдайдан алып шығады.

Құтылғың келсе де сұрақ қой…
Құтқарғың келсе де сұрақ қой…

4 months ago

Діннің жемісі - білу емес,
діннің жемісі - сезу.

4 months ago

Мен бақытсыз емеспін, мен жәй ғана спортпен айналыспаймын:)

Спорт - әрекеттеріміздің жүрегі.

Спорт - тұрақты көңіл күйдің кепілі.

4 months, 1 week ago

“Жақсы істеп жүрмін” деген істерді одан да жақсырақ істеуге болады.

“әдемі сөйлеп жүрмін” деген сөздерді одан да әдемірек жеткізуге болады.

“шаршадым, талдым” дегеннен кейін де адам көп нәрсені істей алады

кемелдікте шек жоқ

маңыздысы:
тәсіл іздеу…тоқтап қалмау…сұрақ қою…
ең дұрыс болғанына ұмтылу… ең жақсысын таңдау… ең әдемісіне қарай бару… ҚАТЕЛЕСУДЕН ҚОРЫҚПАУ

4 months, 1 week ago

“Алланы еске алумен ғана жүректер тынышталады” - деді ол.

Бірақ оның жүрегінде Алла да жоқ еді. Тыныштық та жоқ еді.

Жүрегінде болмаған сөзді неге айтты?
Сезінбеген сезімді неге сезінгендей айтты?
Оған не керек болды екен?
Кім керек болды екен?

4 months, 2 weeks ago

Қадірімді білгізем десең қадірсіз боласың.

Қадіріңді білгізбе. Тырыспа. Күтпе.
Жәй ғана қадірле. Өзгені қадірле. Өзіңді қадірле. Сол кезде қадірлі боласың.

4 months, 3 weeks ago

Гэллап тестте 34 түрлі талант бар дейді.

Ал, Құдай:
мен сенің ішіңе бүкіл әлемді сыйдырдым дейді. Әлемде не бар болса, соның барлығы сенің ішіңде дән күйінде тұр, қабілет күйінде тұр. Қалағаныңды жетілдір дейді.

Қаласаң күн бол. Жан-жағыңды жылыт, жарық бер. Сенің ішіңе күнді де салдым.

Қаласаң теңіз бол. Терең бол. Шөлдегеннің үміті бол. Адамдарға тыныштық сыйла. Саған қарап адамдар тыныштық тапсын. Теңізді де саған сыйдырдым.

Қаласаң тау бол. Тірек бол. Адамдар оп-оңай келіп, саған арқа сүйесін.

Қаласаң арыстан бол, қыран бол, барлығы сенің қабілеттерің.

Қаласаң гүл бол, жеміс бер. Айналаң сенімен гүлденсін. Азықтансын.

Түнгі шабыт:)

6 months ago

Кімнің нені не үшін істеп жатқанын жүз пайыз білмейміз. Біле алмаймыз.
Белгілі бір әрекетті жасап жатқан адамның ішкі ниеті қалай болғанын Алладан басқа ешкім білмейді.

Сол себепті кейде “неге олай жасады?” деген сұрақтың жауабын іздемеген дұрыс. Өйткені, біз ешқашан біле алмайтын, жасаған адамның өзі ғана түсінетін бір ішкі себебі бар.

Неге? деп жауап іздеп кетпейміз. Тек қана қабылдаймыз. Болды.

Түсіністікпен қарау әлемді құтқарады!

We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated hace 1 semana

Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
7 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

ТЕГІН Quiz тапсырып көр:
http://quizmarafon.tilda.ws/140al

Last updated hace 1 día, 10 horas

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.

🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Last updated hace 2 días, 8 horas