ТЕГІН ВИКТОРИНАЛАР💝😍 :
ДЖТ каналымыз: https://t.me/djt_2025
БИОЛОГИЯ каналымыз: https://t.me/bio_ubt_2025
ГЕОГРАФИЯ каналымыз: https://t.me/geo_ubt_2025
Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
9 жылдық тәжірибе
"UBT Academy" жобасын құрушы
Last updated 1 month, 2 weeks ago
@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
Last updated 4 days, 21 hours ago
Тәні саудың жаны сау.
Проблемаға тек қана рухани немесе психологиялық тұрғыдан қарау дұрыс емес екен. Жан-жақты қарастырып шешім іздеу керек. Өзім осы рухани салада біраз жыл жүргеннен кейін солай жасап қателескенімді түсіндім. Шешімді тек рухани-психологиялық әдебиеттерден іздейтінмін. Көбіне сол бағыттағы адамдардың кеңесін тыңдайтын едім. Әрине өте көп пайда алдым. Кеңестерін өміріме қолданып жатырмын. Жақсы әсерлерін беріп жатыр. Дегенмен, мәселеге тек біржақты қарау қате екен. Себебі:
Жәй ғана ұйқыңыздың қанбауы сіздің өміріңіздегі жақсылықтардың барлығын көрсетпей қоюуы мүмкін. Тек қана ұйқыны дұрыстасаңыз болды, айналаңызда болып жатқан жақсы нәрселерді байқап шүкіріңіз арта бастайды. Өзіңізді бақытты сезінесіз.
Шешілуі қиын, проблема сияқты көрініп тұрған көп мәселелер жақсы бір дене қозғалысынан кейін, шабыт арқылы оңай шешімін тауып кетіп жатады. Идея келеді. Неше түрлі шешім жолдары келеді.
Жақсы көретін жандармен кездесіп, сұхбаттасып, ішіңіздегіні бір ақтарып алсаңыз кейбір проблема деп санап жүрген мәселеңіз негізінде ешқандай да проблема емес екенін түсінесіз. Жәй ғана сізді жақсылап түсініп, тыңдап беретін адам болмағаннан кейін көп ойлардың ауыр жүгінің астында қалып кеткен болуыңыз мүмкін.
Қысқаша, қорыта айтатын болсам, кез-кезлген мәселені, ауруды, проблеманы жан-жақты қарап қана шешім іздеу керек.
Мүмкін ұзақ уақыт тыныштықта өткен түндердің қадірін білмей қалған шығармыз…
“түн тыныштығын нәсіп етсін” деген дұғамыздың сөздерінде жан болмай қалған шығар, құр ауызбен айтып жүрген шығармыз…нығметтің дәмі кете бастаған шығар…
“түн тыныш болмай қалуы да мүмкін ғой” деген ойларды мүлдем ойланбай кеттік пе екен?
түннің тыныштығы қандай керемет нығмет екенін, тыныш болмай қалса қандай қиын болып кететінін сезінбей кеттік пе екен?
Тек Жаратқанның мейірімімен ғана тынышталып тұратын түн үшін шүкіріміз, рахметіміз азайып қалды ма екен? әлде мүлдем рахметсіз болып кеттік пе?
НЕ БОЛСА ДА ТЫНЫШТЫҚТЫҢ ТӘТТІ ДӘМІН ҚАЙТА СЕЗДІРГЕНІ ҮШІН САНСЫЗ ШҮКІР!
Қарыздардың ең ауыры - сезім қарызы.
Қарыз болған нәрсе сезім екенін білмегендіктен - неше түрлі нәрселермен өтегіміз келеді. Бірақ, қарыз болған сезімді апарып бермей кінәлі сезіну ешқашан кетпейді.
Сезім қарызсың, сезім апарып бер, сезімді жеткіз…
[Әйтпесе, үнемі кінәлі сезіну…
үнемі қарыздар сезіну… жалғаса береді]
Сұрақ қою - құтқаратын арқан жіп сияқты.
Кез - келген жағдайда көмекке келеді. Кез - келген жағдайдан алып шығады.
Құтылғың келсе де сұрақ қой…
Құтқарғың келсе де сұрақ қой…
Айтқанымды істе деп айтпа, менің дегеніммен жүр деме.
Жәй ғана махаббатыңды арна, тоқтатпай…
күтпей…
күттірмей…
күтпеген сәттерде…
және түрлі-түсті тәсілдермен
Шынайылығыңды көрсет, шын бол. Әр қимылың шын екеніңді көрсетіп тұрсын.
Әрбір сөзің…
Әрбір қозғалысың…
Әрбір жымиуың…
Әрбір күрсінуің…
Жайнап тұрған сәттерде де…шындықпен жайна…
Қабақтар түйілген сәттерде де шындықпен түйілсін… мынау шын екен ғой десін, мынаның жүзінде өтірік жоқ қой десін…
Қабылда… шартсыз қабылда… қалай бар болса дәл солай қабылда…
Сол кезде есіктер ашылып төрден орындар беріледі…
Сол кезде жүректер ашылып жылулық сезіледі…
Сол кезде перделер ашылып дауыстар жетеді, дауыстар естіледі бастайды, сені тыңдай бастайды…
бірақ, сен ол кезде де бұйрық берме жәй ғана үлгі көрсет…
одан кейін не болатынын мен де білмеймін… бірақ, бір білетінім, ең жақсысы болады, сен разы болған түрде болады, ең керек уақытта болады… тапсыр… беруші бол… күтпей бер… күттірмей бер… күтпеген сәттерде бер…
сосын, терең - терең бір рахаттанып демал да ШҮКІР де…!
Діннің жемісі - білу емес,
діннің жемісі - сезу.
Мен бақытсыз емеспін, мен жәй ғана спортпен айналыспаймын:)
Спорт - әрекеттеріміздің жүрегі.
Спорт - тұрақты көңіл күйдің кепілі.
“Жақсы істеп жүрмін” деген істерді одан да жақсырақ істеуге болады.
“әдемі сөйлеп жүрмін” деген сөздерді одан да әдемірек жеткізуге болады.
“шаршадым, талдым” дегеннен кейін де адам көп нәрсені істей алады
кемелдікте шек жоқ
маңыздысы:
тәсіл іздеу…тоқтап қалмау…сұрақ қою…
ең дұрыс болғанына ұмтылу… ең жақсысын таңдау… ең әдемісіне қарай бару… ҚАТЕЛЕСУДЕН ҚОРЫҚПАУ
“Алланы еске алумен ғана жүректер тынышталады” - деді ол.
Бірақ оның жүрегінде Алла да жоқ еді. Тыныштық та жоқ еді.
Жүрегінде болмаған сөзді неге айтты?
Сезінбеген сезімді неге сезінгендей айтты?
Оған не керек болды екен?
Кім керек болды екен?
ТЕГІН ВИКТОРИНАЛАР💝😍 :
ДЖТ каналымыз: https://t.me/djt_2025
БИОЛОГИЯ каналымыз: https://t.me/bio_ubt_2025
ГЕОГРАФИЯ каналымыз: https://t.me/geo_ubt_2025
Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
9 жылдық тәжірибе
"UBT Academy" жобасын құрушы
Last updated 1 month, 2 weeks ago
@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
Last updated 4 days, 21 hours ago