Barqytbell

Description
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.

1 year, 6 months ago

Бір ағамыз мынадай естелігімен бөліскен еді:

Ана сүтінің уызы әлі ұртта болған кез. “Марақил фәләхты” алғаш аяқтап, тісіміз шыққандай. Соған масайрағаннан ба біршама оқырманға ие телеграм арнада “Марақил фәләхтың” мәтіні “Нур әл-Идахты” өтіп бастадым. Алғашқыда сөйлеу қиынға соққанымен, ақырында әңгіме айтатын болдық. Тазалық бөлімін аяқтап, намаз бөліміне аяқ бастық.

Сол аралықта бір ұстазбен “Қудуридің” мәтінін онлайн оқып бастадық. Аталмыш ұстазымыз мәзһабтағы қуатты көзқарастарға қатты мән беретін. Бірде өзіміздің сабақ тобымызға жаңағы арнадан өзімнің аудиомды жібермесі бар ма. 5 секундтің ішінде бүкіл өмірім көз алдымнан өте шықты. Өзімді іштей көміп тастадым. Не айтар екен деп ойым сан-сайланы аралап кетті. “Бұны кім жүргізеді?” деп сұрады. Одан сайын бозарып кеттім. Топтағылар білмейміз дегендей қылды. Жекесіне шығып “мен едім” деп өксікке толы хатымды жолдадым. “неге нур әл-идахты” таңдадың деді де қойды. Артынша өзінің жазба жариялайтын арнасына бөлісті. Бүкіл күйзелісімнің бекер екенін түсініп, бір ух дегенім бар.

Жоғарыда мәзһабтағы қуатты көзқарасқа қатты мән береді деп едім ғой. Сондағы бір аудиода мәтіндегі көзқарастың қуатты емес, бәлки қуатты көзқарас осы деп қойып қалғаным бар тұғын. Соған сай арнасында бөлісті деп топшыладым. Шамамен қате ештеңе айтылмаса да, айтып қойдым ба деген ой жанымды жеп жіберді. Айтып қойғанымда не болатын еді?!

1 year, 6 months ago

У тебя новое анонимное сообщение!

Ассаламу алайкум!

Биыл Алла қаласа оқу бітіреміз (қара шаңырақ)
Жамағатпен жұмысымыз басталуда.

Осы тұста байқағаным, қазақ тілінде көркем сөйлей алмайды екенмін. Құдды тек көше тілімен шектеліп қалғандаймын.

Бұл мәселеде қандай насихат қылар едіңіз? Не оқуға болады? Арабшадан аударғанда ойымызды сауатты жеткізу үшін не қылсақ болады?
——————

Уаалейкумассалам!

Құдай оқу орыныңызды озат аяқтауды және қызметіңізді абыроймен атқаруды нәсіп етсін.

Жазуыңыздан құдды бір әлдеңеден хабарыңыз бар сықылды көрініп тұрғаны бар. Бұны көшенің тілі десеңіз, талайларды сіздердің көшелеріңізге көшу керектей. Өзіңізді солай санасаңыз қасыңыздағы досыңыздан сұрап көрсеңіз болады. Қалай былай деген сияқты. Өйткені кемелдікке ұмтылған жан әрқашан өзінің қабілетін жеткіліксіз деп санайды.

Жалпы сөйлеу дағдыны арттыру үшін кітапты дауыстап оқу өте пайдалы. Себебі адам ол жерде тілінің қай жерде күрмеліп қалатынын анықтайды. Мәселенки, Оралхан Бөкейдің “Қар қызы” шығармасын дауыстап оқымаққа күніңіздің 10 минөтін арнаңыз. Сондай-ақ тілі жатық үлкен кісілермен көп араласып, шәйін ішсеңіз бейсаналы түрде сол кісілер сияқты сөйлей бастайсыз. Әрине осыны істе деп дөп басып айту қиын. Осы тұста Жандарбек Бұлғақтың “Сөз” деген кітабын оқып шығуға кеңес беремін.

Арабшадан аудару барысында өзіңізден алдынғы буынның еңбегіне көз жүгіртсеңіз болады. Атап айтар болсақ: Ықтияр Палтөре, Мұхиддинов Рашид, Жамашев Азамат, Айдынгүл Хаван, Әшірбек Мүмінов, Әбсаттар қажы Дербісәлі және т,б. Сол арқылы тәжірбие жинарсыз. Одан кейін өзіңіздің ішкі дауысыңызға құлақ түріңіз. Не дейді екен.

1 year, 6 months ago

2 досыңызды ертіп келсеңіз болады🦧

1 year, 8 months ago

Кеше тілге тиек еткен рубриканың құрылымын таныстыра өтсек. Ақылдаса Рубрика 2 бөлімнен тұрады деп шештік (негізі жалғызбыз ғой, но көп дей беріңіздер).

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

Кіріспеде төмендегідей мәселелер көтеріледі.

— Үкім және оның қайнаркөздері
— Дәлел және оның “достары” (қалжын) түрлері
— Логикалық заңдар
—Танымның қайнаркөздері
— Зерттеудің жүзеге асу формуласы және т.б мәселелер.

Бұларға тоқталуымыздың екі себебі бар:

  1. Оқырманға пайдалы ақпарат
  2. Негізгі бөлім сұрақтары осыған негізделгендіктен айтып өту ләзім.

Ал, негізгі бөлімнің жәйі сіздерге мәлім. Қайта қайталаудың мәнісі жоқ.

Сонымен қатар ақпараттар келтіру барысында сілтемелер беріліп отырады. Табылған жағдайда пдф форматымен де бөлісеміз. Сұрақтар туындап жатса немесе қателік, қарсы сын болса http://t.me/anonaskbot?start=wJiWQfV9jhc14x_ бот арқылы шықсаңыздар болады. Бастысы Құдайдан медет…

1 year, 8 months ago

Бізде жақында жаңа рубрика. Бұрындары ел аузынан әңгіме теріп, хадис оқып, өлең-тақпақ жариялау болса, осыдан былай #сұрақдұрысқой немесе #нәрмәльниойлан хештегімен жарияланатын болады. Соңғы кездері аталмыш мәселелер қатты ойландырып қойды. Жалпылама ақпарат бар болғандығынан, аталмыш іске қадам басу ойға келді. Сондай-ақ пікір есігі ашық

Кімнің ойын түзейін деп жатырсың, қайдан шыққан білімбайсың, не әйтайын деп жатырсың деген сұрақ көкірегігіңізді тырнасы жауабы былай. Дұрыс сұрақ қоймау салдарынан немесе мәселенің негізін білмегендіктен туындаған жаңсақ пікірлерді талқылап, шешімін ұсыну. Мәселенки: Ән айтуға болмайды дейсіңдер, бірақ өздерің ыңылдатып азан шақырасыңдар.

Арнадан ажырамаңыздар. Шағын жарнамадан кейін қайта ораламыз. Сіздермен бірге болған Вячеслав Ким…

1 year, 9 months ago

Бұл дүние айналғанмен сырласыңа,
Мен кепіл мәңгі бақи тұрмасыңа.
Бір күні құдайыңнан хабар келсе,
Шығасың сен де құрбым қыр басына.

?Табылды Досымов

1 year, 11 months ago

Көпшілікке шарапатың тимекке қауқарың жетуі үшін, әуелі өзіңе тигізіп үйрен.

?Шейх Шәннар

1 year, 12 months ago

Имам Бухари (Алла рақымына алсын) терең түсінігі мен ижтиһадын сахих жинағындағы саны 3261 ге жеткен тақырыптарға атау беру барысында көрсете білді. Аталмыш тақырыптарға атау беру кезінде кейбір баптар мен мәселелерде өзінің пікіріне қайшы ғалымдарға радд (ғылыми жауап) бергеніне ишарат етіп отырған. Радд беру кезінде қарсы тараптың атын атап, түсін түстемеген. Қарсыластарының есімін тиесілі орындарда түсіндірме жасаған ғалымдар баяндаған. Оның мысалын “Фәтх әл-Бәри”, “Ғумда әл-Қари”, “Иршәд әс-Сәри” және “Фәйд әл-Бәри” атты шархтардан көре аламыз.

Имам Бухари 25 орында тақырыптың соңында “Кей адамдар былай дейді” деген сөзді қолданады. Еш зерттеусіз халық арасында Имам Бухари (Алла рақымына алсын) бұл сөзі арқылы барлық жағдайда Имам Әбу Ханифаны (Алла рақымына алсын) меңзеген деген жаңсақ пікір кеңінен тараған. Істің мән-жайы бұндай емес екенін бірнеше ғалымдар астын сыза айтқан…

?Муқаддима Кәшф әл-Илтибас

*Шамамен бір жыл бұрын жазылған жазба. Дәл бүгін аса маңызға ие болады деп кім ойлаған…

1 year, 12 months ago

Достық деген таусылмайтын қазына,
Көктемде солып қалар гүл емес.
Қарамайды ол сыйдың, көп пен азына,
Нағыз достар тіпті сый да тілемес.
Сырлас болсаң есігімді кір қақпай,
Шын дос болсаң шықырмай кел, тілегім.
Шын шақырсам саған ұқсап тіл қатпай,
Жауымның да келетінін білемін.

?Төлеген Айбергенов

2 years, 2 months ago
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.