"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28
Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615
Last updated 2 months, 1 week ago
Веб-сайт: www.joqargikenes.uz
Instagram: www.instagram.com/joqargikenes.uz/
Facebook: www.fb.com/joqargikenes
Youtube: www.youtube.com/@joqargikenes
© Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңеси
Last updated 1 month, 2 weeks ago
“…Адам ғапыл дүниені дер менікі,
Менікі деп жүргеннің бәрі Онікі…”
Last updated 1 month ago
Саған алтын уақытын арнаған адамның қадірін біл. Өйткені ол саған қайтып келмейтін асыл нығметін арнады.
©️Нәжиб Махфуз
Рамазанда пілдерден сақ болыңыз.‼️
Тақырып сізге таңқаларлық болып көрінуі мүмкін, бірақ мәтінді оқыған соң барлығы түсінікті болады:
Имам Мәлік әдеттегідей Мединадағы Пайғамабарымыздың мешітінде отырып, Алланың Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерін риуаят етіп отырды, ал шәкірттері оны мұқият тыңдап отырған еді.
Кенеттен бір адам: “Мединаға алып піл келді!” – деп айқайлады.
Мединалықтар бұрын-соңды пілді көрмеген еді, себебі бұл аймақта пілдер өмір сүрмейтін.
Барлық шәкірттер пілді көру үшін орындарынан тұрып кетті, тек бір шәкірті Яхия ибн Яхия әл-Ләйси ғана орнында қалды.
Имам Мәлік одан:
– “Неге сен де олармен бірге шықпадың? Бұрын піл көріп пе едің?” – деп сұрады.
Яхия ибн Яхия:
– Мен бұл жерге сізді тыңдау үшін келдім, пілді көру үшін емес, – деп жауап берді.
Осы оқиғадан біз не түйеміз?
Шәкірттердің арасынан тек бір адам ғана келген мақсатын нақты түсініп, соған беріктік танытты. Сондықтан ол алаңдамай, уақытын босқа өткізбеді.
Ал қалғандары көңілін бөліп, назарын басқа жаққа аударды.
Нәтижесінде, имам Мәліктен ең сенімді хадис риуаят еткен дәл осы Яхия ибн Яхия әл-Ләйси болды. Ал пілді көруге кеткен қалған шәкірттерді тарих есіне алмады.
Бүгінгі күнде де осындай “пілдер” бар.
Әсіресе, Рамазан айында!
Адамдар екі түрлі топқа бөлінеді:
1. Мақсатын нақты білгендер – олар Рамазанға не үшін келгенін, Алланың разылығына қалай жетуді көздейтінін түсінеді.
• Теледидар мен сериалдар
• Фильмдер мен ойын-сауық бағдарламалары
• Ән-күй мен концерттер
• Түнгі отырыстар
• Әлеуметтік желілер
• Түрлі күнәлі істер
Сақ болыңыз!
Бұл заманның “пілдері” сізді Рамазанның берекелі уақытынан айырып, шексіз нығметтерден құр қалдыруы мүмкін!
© Шейх Ратиб ан-Набулси
Ұйықтар алдында келген ой:
Өмірдегі жетістіктер жайлы айтқанда, Алла Тағала маған нәсіп еткен ең үлкен жетістік – таухидке (бірқұдайшылыққа) бекем болуым. Алладан осы сеніммен өмірімнің соңын жақсылықпен аяқтауды нәсіп етуін тілеймін.
Егер иманым аман болса, шынайы бақытқа жеткенім сол!
Ілім жайлы оқығандарыммен бөлісе отырайын.
⠀
✅ Бірде сахаба Абу Мұса әл-Ашғари сахаба Омарға құптан намазынан кейін келеді. Сонда Омар: “Не үшін бұл уақытта келдің Уа Аба Мұса?” - деп сұрайды. Ол: “фиқһ ілімін қайталау үшін” - дейді. Содан екеуі түні бойы ілім қайталап отырады. Бір мезетте Абу Мұса: “Намаз!” - деп жар салады. (меңзегені тахажүт намазы) Сонда Омар: “Расында біз намаздамыз” - дейді. Солай екеуі таң намазы уақытына дейін іліммен айналысады. Алла екеуіне де разы болсын.
⠀
🔹Хафиз ибн Раджаб айтады: “ Ілім - зікір мен Алла жолында күресудің ең абзал түрі.” Және Латоиф әл-Ма’риф кітабында: “ 4 мазһаб имамы да ілімді нәпіл құлшылықтан жоғары санаған. Өйткені ілім - надандық пен нәпсіге берілу қараңғылының шамшырағы. Ал кімде-кім жарықсыз жолға шықса, ол қараңғыда құдыққа құлап, қаза болып кетуі әбден мүмкін.
⠀
🔸Егер ілімнен абзал нәрсе болғанда пайғамбарлар міндетті түрде оны үмметтеріне мирас етіп қалдырар еді. Алайда олар ілімнен басқа мирас қалдырмады.
⠀
🔺Имам Әсәд ибн әл-Фурот Мысырдағы ғалым ибн әл-Қасымнан ілім алуға келгенде, ибн әл-Қасым оған: “Мен Құранды күндіз бір рет және түнде бір рет хатым қылатынмын. Бірақ сен үшін ілімді тірілту мақсатында күніне бір рет қана хатым ететін болдым” - дейді. Алла ол кісіні рахым етіп, ақыретте сыйын берсін.
⠀
🔻Имам Абу Зур’а әр-Разидың өмірбаянына қатысты “табақат әл-ханабилада” Абдулла ибн әл-Имам Ахмадтан мынадай оқиға риуаят етіледі. Әкемнің үйінде Абу Зур’а болғанда екеуі ілімді көп қайтайлайтын болған. Бірде әкемнің былай деп айтқанын естідім: “Парыздан өзге намаз оқыған жоқпын. Нәпіл құлшылықтың орнына Абу Зур’амен ғылым қайталауды жөн көрдім”. Ал имам Ахмад дені сау күндері күніне үш жүз ракағат нәпіл намаз оқитын болған. Бірақ сынақтан кейін әлсіреген себепті күніне жүз елу ракағат оқитын болды. Алла ол кісіге разы болсын.
⠀
Шейх Мухаммад Аууаманың حفظه الله
кітабынан алынды "معالم إرشادية".
“Қашанда Алла сені адамдардан алыстатып, жалғыздық сезімін берсе, біліп қой, Ол саған Өзінің жанында тыныштық пен жақындық есігін ашқысы келгені.” *©️***Ибн Атаилла
(Рахимаһулла)
Ауруды айту әрдайым шағымдану болып саналмайды. Кейде үнсіз отырған адамның жүрегі наразылыққа толы болуы мүмкін, ал шағым айтқан адамның жүрегі разылыққа толы болуы ықтимал. Мұнда негізгі өлшем – тілдің айтқаны емес, жүректің амалы. *©️Хафиз Ибн Хажар
📚***Фатх әл-Бари
Ақиқат 🚨
Бұрын білім иелері білім алған сайын дүниеге деген сүйіспеншіліктен алыстап, одан бас тартатын. Бүгінде кейбір адамдар білімін арттырған сайын дүниеге деген махаббаты артып, оны көбірек іздейді. Бұрын ғалымдар білім алу үшін өз мал-дүниесін жұмсайтын, ал қазір кейбіреулер білім арқылы дүниеге қол жеткізуді көздейді. Бұрынғы ғалымдардың іші мен сыртынан ізгілік пен тақуалықтың белгісі көрінетін, ал бүгін көп білім иелерінің ішкі және сыртқы дүниесінің бұзылғаны байқалады. *©️***Зиннун әл-Мысри
(Рахимаһулла)
Бір қызық оқиға оқып қалдым , осындай уәзірлер бар мекен біздің заманда ?🫣
“Бір күні салиқалы уәзірге бір әйелдің төрт жетім баласымен бірге аш-жалаңаш қалғаны туралы хабар келеді. Уәзір бір адамды шақырып, оған киім мен азық-түлік алып, сол әйелге жеткізуді бұйырады. Сосын өз киімін шешіп: «Оларды киіндіріп, тамақтандырғаныңды айтып келмейінше, бұл киімді кимеймін және тоңған күйде күтемін», – деп ант береді. Әлгі адам тапсырманы орындап, қайтып келіп, олардың киініп, тойғанын хабарлаған кезде ғана уәзір өз киімін киеді.” *📚***Латаиф әл-Мағариф
Олжекем, Уәде берді , уәдесінде тұрды 🥹
Жаңа рилс.
“Бұл дүние бір тілім нан тәрізді: оны шайнаған кезде ғана ләззатын сезесің, бірақ жұтқаннан кейін ол тез аяқталып, ауырлығы асқазанда қалады. Соңында ол сасып, кірге айналады.”
©️Имам әл-Ғазали
(Рахимаһулла)
"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28
Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615
Last updated 2 months, 1 week ago
Веб-сайт: www.joqargikenes.uz
Instagram: www.instagram.com/joqargikenes.uz/
Facebook: www.fb.com/joqargikenes
Youtube: www.youtube.com/@joqargikenes
© Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңеси
Last updated 1 month, 2 weeks ago
“…Адам ғапыл дүниені дер менікі,
Менікі деп жүргеннің бәрі Онікі…”
Last updated 1 month ago