Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

Тимурдан Инфо | it&tech

Description
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Advertising
We recommend to visit

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің әлеуметтік желілері:

https://www.facebook.com/qrtjm?mibextid=LQQJ4d

https://instagram.com/tjm_mchs?igshid=YmMyMTA2M2Y=

www.tiktok.com/@tjm_mchs

Last updated 3 days, 12 hours ago

Павлодар облысы білім беру басқармасы

Last updated 2 months, 1 week ago

Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесиниң мәмлекетлик ҳүкимет порталы

Веб-сайт:
www.karakalpakstan.uz
Facebook:
www.fb.com/groups/karakalpakstan.uz
Instagram:
instagram.com/qr.ministrlerkenesi
Twitter:
https://twitter.com/qr_kenesi

Last updated 1 month, 1 week ago

3 weeks, 4 days ago
Жұмыс пен өмірде керек болатын нәрсені …

Жұмыс пен өмірде керек болатын нәрсені Яндекс Практикуммен тегін үйреніп алыңыз.

Мұнда өзіңізді әр түрлі ІТ-мамандықта байқап көріп, практикалық дағды алуға көмектесетін курстар бір бетте жиналған. Бағдарлама жасақтау, деректерді талдау, маркетинг, менеджмент пен дизайн бойынша 17 түрлі курс. Одан өту 2 сағаттан 20 сағатқа дейін уақыт алады.

Мысалы, Java негіздерін оқуға, сынақшыларды іздеу мен жалдауды үйренуге, тағам фестиваліне арналған плакат дизайнын жасауға және тағы басқа нәрселерді байқап көруге болады.

Егер ақпарат қызық болса, толығырақ сілтемеге өтіңіз 👇👇👇

Жан-дүниеңізге сай курсты таңдап, өзіңізді түрлі мамандықта байқап көріңіз!

1 month, 1 week ago

Мына Devin деген пәлекет ашылғанына 1 ай толмай жатып, $21.000.000.000 қаражат көтеріп тастаған (fundraising).

Өз басым әлі тест жасап көрмедім, бірақ, менің ойымша, RAG арқылы жұмыс істейтін open source LLM сияқты. Қозғалтқышы соншалықты rocket science емес-ау деп болжаймын.

Дегенмен, қазірдің өзінде оның мүмкіндіктері біраз бағдарламашыларды тілсіз қалдырып отыр.

Әрине, бұл computer science немесе programming саласын жоққа шығара қоймас. Дегенмен, NoCode бағыты бұрынғыдай көп клиенттен басы айналып, шікірейе бастаған девелоперларды біраз шайқайтыны сөзсіз.

Салыстыру үшін, дайын скриптер мен сайт-конструкторлар шықпай тұрып, динамикалық сайтты айтпағанда, статик сайт жасау үшін де адамдар миллиондаған теңге алатын. Бизнес иелерінде басқа амал да болмады.

Ал қазір, әрбір декретте отырған жұмыссыз келіншек, көз жұмып қойып лендиң пейдж жасап бере алады. Бар болғаны 20-30.000 теңгеге.

Бұл - бағдарламалау мамандығының қажетсіз боп қалуын білдірмейді. Бағдарламалау - өте көп басқа да күрделі жұмыстар үшін әлі де болса керек-ақ. Бұл - нарықты бөлісу, бәлішті бөлісу деп аталады.

Сондай-ақ, кім бұл пойызға тезірек мінсе, соғұрлым ұтады.

Шамасы, технологияны демократияландыру деген осы болса керек…

1 month, 4 weeks ago

👆️️️️️️👆️️️️️️👆️️️️️️ ЖИ дәуірінде балаңды программалауға оқытпау керек пе?

NVIDIA басшысының осы бір сөзі әлі талай пікірталасқа арқау болары анық.

Алайда, айдаладағы біреудің сөзіне бола "Ойбай, жасанды интеллект біз үшін барлығын жасап береді екен. Енді ІТ мамандығына оқытып қажеті жоқ" деп далақтап жүгірмес бұрын, АҚШ-тағы ең ірі вакансия аггрегаторы Lightcast жүйесінің репортына бір көз салып жіберелік.

2010-2022 жылдар аралығындағы жұмыс берушілердің қойған талаптарын қараңыздаршы.

ЖИ саласына тікелей қатысты вакансиялардың ең негізгі 10 квалификация мынадай:

- Python бағдарламалау тілін білу
- Компьютер ғылымдарын меңгеру
- SQL мәліметтер қорын білу
- Дата аналитиканы білу
- Дата ғылымдарын білу
- Amazon секілді бұлттық технологияларды білу
- Agile деп аталатын заманауи методологияны білу
- Автоматизацияны білу (скриптер, макростар)
- Java бағдарламалау тілін білу
- Бағдарламалау инженериясы

Бұл - нақты бүгін қажет қабілеттер жинағы.

Сондықтан, "ұйықтататын" сөздерге қатты құлай сене бермеңіздер.

Жалпы, қазір техно-әлемде үш саты бар.

1) Инфраструктарын жасаушылар (Үлкен тех компаниялар). Біз олардан қалғанымыз қалған. Ешқашан жете алмаймыз деп айта аламын. Қанша жерден оптимист болғым келсе де. Мәселен, Қазақстан ешқашан Amazon Web Services, Google Cloud Platform, Microsoft Azure сияқты бұлт технологиясының инфраструктурасын жасай алмайды. OpenAI секілді әлемдегі ең үлкен тілдік модель жасай алмаймыз. Сондықтан, бұл сатыда біз тек оларды қолдану деңгейіне жетіп алсақ та біраз олжа.

2) Дайын өнімдерді өз игілімізге жарату. Біз осы сатыға ұмтылуымыз керек. "Үйреніңіздер, біліңіздер, қолданыңыздар" деп айтып жүргеніміз осы саты. Яғни, жұрт жасап берген құралдарды денсаулық, білім, қаржы, заң, өзге де салаларда ел игілігі үшін қолдану.

3) Бірінші және екінші сатыдағы елдер жасап берген дап-дайын дүниені ақшаға сатып алып, "Ештеңе оқып, үйреніп қажет емес екен ғой" деп, өзгеге тәуелді технологиялық бодан болу. Бұл - санасы да, білімі де, басқасы да дамымай артта қалған мешел қоғамның көрінісі.

@timurdaninfo

2 months, 3 weeks ago
Обшым...

Обшым...

2 months, 3 weeks ago
Тимурдан Инфо | it&tech
2 months, 3 weeks ago
Кеше екі атақты адаммен кездестім.

Кеше екі атақты адаммен кездестім.

Біріншісі, өзіміздің Нұрлан Имам. Бостондық қазақтармен басқосу өткізіп, аз-маз әңгіме жасады. Адам өте көп келді.

Екіншісі, Кремний алқабының Илон Маск, Марк Цукерберг, Джеф Безос деген сияқты барлық алпауыттарынан сұқбат алған Лекс Фридман құрдасым. Аңыз адам.

Құпия инсайт: Лекс наурыз айларында біздің Президентпен кездесіп қалуы мүмкін екен… Ешкімге айтпаңыздар;)

4 months, 4 weeks ago
Gemini туралы сіз білу керек ақпарат…

Gemini туралы сіз білу керек ақпарат…

4 months, 4 weeks ago
Gemini vs GPT4

Gemini vs GPT4

“Біз биыл жалақыны 10%-ға көбейттік” деген, сонда 150.000 теңге айлықты 165.000 қылғанымен мақтанатын, оның өзін 2024 жылда бастайтын қазақ өкіметі сияқты, бұлар да ChatGPT-ден асып түстік деп мақтанып жатқандағысы көзге көрінбейтін 1-2% проценттер ғана.

Бұл проценттік көрсеткіштер - Gemini Ultra көрсеткіштері.

Ал Bard арқылы қолдануға ұсынғаны - Gemini Pro. Оның қуаты - GPT3.5-пен бірдей.

Ең қуантатыны және өзім асыға күтіп отырғаным - Gemini Nano деген шықпақ. Өйткені, 1,8 және 3,24 млрд параметрден тұратын бұл ең шағын Gemini моделі смартфон секілді құрылғылар арқылы жасайтын бағдарламалардың қозғалтқышы болмақ.

4 months, 4 weeks ago

Google Gemini

ChatGPT деген Айфон сияқты. Қазір жаңа Самсунг Галакси, Оппо-Моппо-Шмоппо, Шаомилер шыққан сайын “Ойбай, бұл - нағыз айфон киллер” деп жарнамалайды.

Бірақ, нақты жұмыс істеуге, қолданысқа келгенде бүкіл Андройд әлем жабылып Айфонға жететін сапа көрсете алмай жүр.

Google де, басқасы да күн сайын “ChatGPT киллер” шығарып жатыр. Бірақ, ешқайсысы ChatGPT-дің маңына да жуымайды.

Тіпті, мықты болған күннің өзінде, ChatGPT сияқты бірдеңе жазсаң, мұрсатта пайдалы дүние шығарып беретіндей қарапайым қолданысқа келмей тұр. Өйткені, Google бізге Gemini Ultra нұсқасын көрсетті. Ал қолдануға ұсынғаны Gemini Pro.

Мына Гуглдың Gemini дегенін Bard арқылы қарап көрдім.
1) Әлі қалың жұртшылыққа жетпеді.
2) Қазақстанға тем более 3) Әлі шикі сияқты. Асып бара жатқан ештеңесін көрмедім.

Әзірге, бірден қолданып кету жағынан кемшіліктері көп.

Әрине, біз үшін жан-жақтан дами бергендері жақсы ғой, дегенмен. Бағалары арзандайды, генератив ЖИ қол жетімді бола түседі дегендей.

https://www.youtube.com/watch?v=UIZAiXYceBI

YouTube

Hands-on with Gemini: Interacting with multimodal AI

Gemini is our natively multimodal AI model capable of reasoning across text, images, audio, video and code. This video highlights some of our favorite interactions with Gemini. Learn more and try the model: https://deepmind.google/gemini Explore our prompting…

We recommend to visit

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің әлеуметтік желілері:

https://www.facebook.com/qrtjm?mibextid=LQQJ4d

https://instagram.com/tjm_mchs?igshid=YmMyMTA2M2Y=

www.tiktok.com/@tjm_mchs

Last updated 3 days, 12 hours ago

Павлодар облысы білім беру басқармасы

Last updated 2 months, 1 week ago

Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесиниң мәмлекетлик ҳүкимет порталы

Веб-сайт:
www.karakalpakstan.uz
Facebook:
www.fb.com/groups/karakalpakstan.uz
Instagram:
instagram.com/qr.ministrlerkenesi
Twitter:
https://twitter.com/qr_kenesi

Last updated 1 month, 1 week ago