KRuz.uz сайтына мүрәжат жоллаў ушын бот: @kruzu_bot
Реклама ушын: @Polat_Turganbaev
Last updated 1 month, 2 weeks ago
Қарақалпақстан мусылманлары қазыятының рәсмий сайты
https://www.facebook.com/groups/1393604727481912/
https://instagram.com/paziylet.uz?igshid=9ipx3fosdr4e
https://www.youtube.com/channel/UCrMPXuoyl0Wh3wUmka5pxHg
Last updated 3 months, 1 week ago
#Travel ✈️
Путешествуйте по миру с каждым постом!?
#travelslocation ?
?Связь: @travelmanager
Last updated 3 months, 2 weeks ago
📚ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ТАРАУ:
Ырым туралы
Ахмад, Аллаһ оны рахымына бөлесін, Ибн Амрдың, оған Аллаһ разы болсын, Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткізген мына хадисін келтіреді: «Кім әлдебір істі жаман ырымның себебімен тастаса, сол көпқұдайшылық жасады». Адамдар: «Ал мұның өтемі қандай, уа Аллаһтың елшісі?», - деп сұрады. (Сонда) ол: «Сендер: "Уа Аллаһ! Сенің жақсылығыңнан басқа жақсылық жоқ, әрі Сенің жамандығыңнан басқа жамандық жоқ, және Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ", - деп айтуларың керек», - деп жауап берді (Ахмад 220/2). Ол сондай-ақ әл-Фәдл ибн әл-Аббастан мына хадисті де келтіреді: «Ырым – сені әлбір іс-әрекетке итермелейтін немесе одан бет бұрғызатын нәрсе» (Ахмад 213/1).
📚ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ТАРАУ:
Ырым туралы
Ибн Масғуд, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келесі хадисін баяндайтын: «Ырымдарға сену – ширк! Ырымдарға сену – ширк! Ырымдарға сену – ширк!»
Содан соң ол (Ибн Масғуд): «Ал біздің әрбірімізде... Алайда Аллаһ оны тәуекел ету арқылы кетіреді», - деп қосты.
Абу Дауд пен әт-Тирмизи жеткізген сенімді хадис. Соңғы сөздерді Ибн Масғуд айтқан (Абу Дауд 3910, әт-Тирмизи 1614).
📚ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ТАРАУ:
Ырым туралы
Абу Дауд, Аллаһ оны рахым етсін, сенімді иснадпен Уруа ибн Амирдің, оған Аллаһ разы болсын, былай деп баяндаған хадисін келтіреді: «(Бірде адамдар) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қасында жаман ырымдар туралы әңгіме қозғағанда, ол былай деді: “Оның ең жақсысы - игі нышан әрі ол мұсылманды (ойлаған істерінен) кері бұрмайды. Ал егер әлдебіреуің өзіне ұнамайтын қандай да бір нәрсені көрсе: «Уа Аллаһ, Сенен басқа ешкім жақсылық келтірмейді, әрі тек Сенен басқа ешкім жамандықты қайтармайды! Әрі Сенен басқа ешкімнен күш те, қуат та жоқ!» – деп айтсын” (Абу Дауд, 3719).
?ЖИЫРМА БЕСІНШІ ТАРАУ:
Сиқырдың кейбір түрлері туралы баяндау
Ибн Аббастан, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, оның былай дегені жеткізіледі: "Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді:
«Кімде-кім жұлдызнаманың (астрологияның) әлдебір тармағын үйренсе, сол сиқырдың бір тармағын үйренді. Әрі ол жұлдызнаманы (астрологияны) қаншалықты көп үйренсе, сиқырды да соншалықты көп үйренеді»" (Абу Дауд 3905, Ибн Мәжаһ 3726, Ахмад «Муснад» 277/1, 311. Абу Дауд хадистің жеткізушілер тізбегін сенімді деген).
?ЖИЫРМА БЕСІНШІ ТАРАУ:
Сиқырдың кейбір түрлері туралы баяндау
Ахмад: «Бізге Мухаммад ибн Жәфар, ал ол Ғауфтан [ибн Абу Жәмийля], (ол) Хайян ибн әл-Ғаләдан, (ол өз кезегінде) Қатон ибн Қабийсодан, ал ол өзінің әкесінен [Қабийсо ибн Мухориқтан], ол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естінені туралы жеткізген:
«Ғияфа, торқ және ырым (тыяра) жибтке (сиқырға) жатады».
?Ахмад «Муснадта» 477/3, Абу Дауд 3907, Ибн Хиббан 1426).
Ғауф былай деді: «Ғияфа - бұл құстарды үркітіп (олардың қай жаққа қарай ұшуының бағытына қарап әлдебір істің сәтті немесе сәтсіз болуын жору), ал торқ — бұл жерге сызықтар сызу (арқылы жору)».
Әл-Хасан әл-Басри: "Жибт — шайтанның жаңғырығы (шақыруы, уәс-уәсі)" - деген.
?Бұл хабардың жеткізушілер тізбегі жақсы, Абу Дауд, ән-Насаи және Ибн Хиббан оны «Сахихтарында» тура осы риуаятшылар арқылы жеткізеді.
? Абу Хурайраның, оған Аллаһ разы болсын, сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (бірде):
«Жеті опат етуші күнәны (жасаудан) аулақ болыңдар», - деп айтқаны жеткізіледі. (Адамдар): «Уа, Аллаһтың елшісі, олар не (күнәлар)?» - деп сұрады. Ол былай деді: «Аллаһпен бірге басқаларға құлшылық ету (ширк), сиқыр, Аллаһ қақысыз өлтіруге тыйым салған адамды өлтіру, өсімқорлықпен тапқанды жеу, жетімнің малын жеу, шайқас майданынан қашу және зинақорлық ойына да кіріп шықпайтын мүмин әйелдерді зинақорлықта айыптау» (Бухари 2766, Муслим 89, Абу Дауд 2874)».
Әл-Бухаридің «Сахихында» Бәжәла ибн Абадатадан, оның былай деп айтқан хадисі келтіріледі: «Умар ибн әл-Хаттаб, оған Аллаһ разы болсын: «Әрбір еркек немесе әйел сиқыршыны өлтіріңдер», - деп жарлық шығарды, әрі біз олардың үшеуін өлтірдік» (әл-Бухари 3156, Ахмад «Муснад» 190/1).
Хафса оны сиқырлаған өзінің күңін өлтіруді бұйырды, әрі ол өлтірілді. Тура осы Жундубтың атынан да жеткізілген (Мәлик «Мууатта» 872/2).
?ЖИЫРМАСЫНШЫ ТАРАУ:
? «Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұны өмірінің соңында тыйым салды әрі тіпті өлім тұсында бола тұра, мұндайды жасайтындарды лағынеттеді.
Ал қабірлердің жанында намаз оқу да осыған жатады, тіпті қабірдің үстіне мешіт құрылмаған болса да. Әрі Айшаның (Аллаһ оған разы болсын): «Алайда (адамдар) оның қабірін мешітке айналдырады деген қауіптен бұл жасалмады» сөздерінің мән-мағынасы да дәл осыда. .... Әрі әлдебір орын онда намаз оқу үшін мақсат етіп алынса, сол оның мешіт етіп алынғаны болып саналады. ... Бұл туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «...Жер мен үшін масжид (мешіт, намаз оқылатын орын), таза әрі тазартушы етілді», - деп айтты (әл-Бухари 1/369, 370 және 444, Муслим (521)).
☘️ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Адамдардың ішіндегі ең жамандары - солардың өмір сүру кезінде Қиямет басталатын (адамдар) және қабірлерді мешіттерге айналдыратындар», - деп айтқан. (Ахмад «Муснадта» 435/1, Ибн Хиббан өзінің жинағында 340).
??? АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ КІТАБЫ
?ЖИЫРМАСЫНШЫ ТАРАУ:
? Муслим Жундуб ибн Абдуллаһтың (Аллаһ оған разы болсын) былай деп баяндағанын жеткізген: «Мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болуынан бес күн бұрын былай деп айтқанын естідім: “Мен сендердің араларыңнан сүйіктім болудан Аллаһтың алдында тазамын. Аллаһ Ибраһимді Өзінің сүйіктісі еткеніндей, мені де Өзінің сүйіктісі етті. Бірақ егер мен өз үмметімнің ішінен сүйікті таңдап алатын болғанымда онда Абу Бакрді сүйіктім етіп таңдар едім.
Расында, сендерден бұрынғылар өз пайғамбарларының қабірлерін ғибадатханаларға айналдырды. Бірақ сендер қабірлерді мешіттерге айналдырмаңдар, өйткені мен сендерге мұны тыйым саламын”» (Муслим 532).
?ЖИЫРМАСЫНШЫ ТАРАУ?
Ізгі салиқалы адамның өзіне немесе оның қабіріне құлшылық етуді айтпағанның өзінде, Аллаһқа ізгі-салиқалы адамның қабірінің жанында құлшылық етуге болмайтындығы туралы
✨? Әл-Бухари мен Муслимнің «әс-Сахихтарында» (бірде) Умм Сәләма Аллаһ Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Эфиопияда көрген шіркеуі және ондағы иконалар туралы баяндағаны жайындағы Айшаның хадисі келтіріледі. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Оларда салиқалы кісі немесе (Аллаһтың) ізгі пендесі қайтыс болса, олар оның қабірінің үстіне ғибадатхана құрады да, оның ішіне осы суреттерді салады. Қиямет Күні мұндай адамдар Аллаһтың алдында жаратылыстардың ең жамандары болады» (әл-Бухари 427, Муслим 528, Ахмад 51/2).
KRuz.uz сайтына мүрәжат жоллаў ушын бот: @kruzu_bot
Реклама ушын: @Polat_Turganbaev
Last updated 1 month, 2 weeks ago
Қарақалпақстан мусылманлары қазыятының рәсмий сайты
https://www.facebook.com/groups/1393604727481912/
https://instagram.com/paziylet.uz?igshid=9ipx3fosdr4e
https://www.youtube.com/channel/UCrMPXuoyl0Wh3wUmka5pxHg
Last updated 3 months, 1 week ago
#Travel ✈️
Путешествуйте по миру с каждым постом!?
#travelslocation ?
?Связь: @travelmanager
Last updated 3 months, 2 weeks ago