Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 2 weeks, 1 day ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 1 month ago
Ілім иелері қандай да бір күнәлі іске бірден тәубе жасалуы қажет екендігіне бір ауыздан келіскен. Егер де біреу өз күнәсіне тәубе етуді кешіктіріп алса оған екі тәубе жасау қажет болады:
- жасаған күнәсі үшін
- оған тәубені кешіктіргені үшін
Көпшілік біріншісін жасап ал екіншісінен ғапылда қалуда
🎙️Шейх Әдһам әл-Асыми حفظه الله
Әдеби кітап оқудың пайдасы туралы әркім әртүрлі пікір айтады. Бірі - сөздік қорыңды байытады десе, бірі қиялыңды дамытады дейді. Енді бірі оқиғалардан ой түйіп, кейіпкерлердің әрекетінен сабақ аламыз деседі. Әлбетте олардың бәріне қосыламын, десе де мен үшін әдеби кітап оқу - шүкіршілікке итермелейтін бірден бір факторҚазақ әдебиетіне көз салсаңыз жазушыларымыз - өз кезеңіндегі оқиғаларды қағаз бетіне суреттеп түсіріп кеткен. Бердібек Соқбақбаевтың “балалық шаққа саяхатын”, Төлен Әбдіктің “парасат майданын”, Шерхан Мұртазаның “Ай мен Айшасын” алып қараңыз, ол кісілердің соғыс кезіне тұспа-тұс келген өмірлерінің қандай ауыртпалыққа толы болғанын көресіз
Қанша жерден қызықты етіп жазған оқиғаларын күліп оқығанымызбен санамызда “мұндай күнді бастарынан қалай кешті екен?”- деген ой көлеңкелеп тұрады. Таба нан мен талқанды күнкөріс қып, оның өзіне зар боп қалатын күндер кешіп үнемдеп ұстағанын оқисың, қазіргідей газ, свет деген нәрсе жоқ, отын тасып қара қазан қайнатылады. жасап ішкен тамақтарында еттің болуы өте сирек, көбіне бір уыс ұннан кеспе жасап, бір екі картоп турап соны азық қылатын. Қыстың суығында тіпті бүтін киімдері де болмайтын, ал аяқтарына өздері қолдан тігіп пима, бастарына малақай киетін. Көлік атаулы да өте сирек, қақаған қыста аттары болдырып мына тұрған аудан орталығына әзер жеткен. Сөйте тұра “қарағайдан отын тасып келе жатқан кимешекті әжеміз еді”, “атамыз бес уақыт намазын қаза қылмайтын”- деген үзінділер жиі кезігеді.
Ал біз болсақ осынау барлық жағдайымыз жасалған заманда өмір сүріп жүрсек те әлі ғибадат қылуға әлсізбіз, ол заманда болсақ дінді де ұстанып қалуымыз екі талай болар ма еді. Жылы су үйге кеп тұр, от жағып ысытпайсың, киім дегенің дүкенде толып тұр, пішіп-тігіп әуре болмайсың, тамақ атаулының көптігі сонша қара нанның қадірі қалмаған. Аудан орталығына әзер жетпек түгілі түрлі шетел көруге мүмкіндігіміз бар.
Әлбетте, мен бұл сөзіммен біз де сондай қиындық көру керекпіз деп жатқан жоқпын. Бірақ біз білуіміз керек, Алла Тағала қаласа бізді сол заманда өмір сүргізсе де болар еді, бірақ бізге Алла осыншама жеңілдікті қалады. Ендеше осыған үнемі ой жүгіртіп, жүрекпен сезіне шүкір етуіміз ләзім
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің əулие емес, күнəһар пенде екенін мойындауы керек. Оны мойындамайынша, ешкім мәңгі рухани азаптан арыла алмайды.
📖| парасат майданы
Біліп қой, егер адамдар саған таң қалып жатса – олар Алла Тағаланың сенің айыптарыңды қалай әдемі жасырып қойғандығы үшін таң қалып жатыр. (сенің расымен керемет болғандығыңа емес)? мадариджу әс-сәликин
Адам баласы сөзін жазып, тасқа басып сақтағаннан бері қанша түзулік, әділдік, жақсылыққа жол айтқан кітаптар жазылған.
қане, бұл кітаптардың сөзі іс бола қойғаны? Бұл кітаптар шкафта шаң болып жатқан жоқ па?!
(с) Әлихан Бөкейхан رحمه الله
Бір күшті құнды кітап көріп тұрсыз, алуыңызға болады, бірақ алмадыңыз, ақшаңызды қимай қалдыңыз. Негізі алуыңыз керек еді.
لَن تَنَالُواْ الْبِرَّ حَتَّى تُنفِقُواْ مِمَّا تُحِبُّونَ
Жақсы көрген нәрселеріңді жұмсамайынша жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар (әл-имран, 92)
(с) Құрманғазы ұстаз
мұсылманның күнінің кіріспесі - таң намазы, қорытындысы - құптан.
егер таң намазға тұра алған болсаңыз артынша “Раббым, маған таң намазды оқуыма тауфиқ бергеніңдей бүгінгі бес уақыт намазымды да қаза етпей, кешіктірмей, уақытылы оқуыма өзің сәттілік бергейсің”,- деп дұға етпек керек.
ал құптаннан соң “Раббым таңда айтқан дұғамды қабыл еткеніңе сансыз шүкір, барлық мақтау Өзіңе болсын, сен сәттілік бермесең біз өздігімізден ол нәрсеге қауқарлы емес едік”- деп шүкірлік қылмақ керек.
ал намаз оқуға ерініп, бейнебір оны қиын іс көріп тұрған болсаңыз “Раббым, маған намазға ғашық жүрек берші, әрі намазды маған сүйікті етші оны көзімнің қарашығындай сақтайын”- деп жәрдем тілемек керек
ал ойда жоқта намазды қаза етіп алған болсаңыз дереу тәубеге асығып “негізі мен уақытында оқуға тырысып көрген едім яки пендешілігімнен ұмытып кетіппін, ұйықтап қалыппын, енді қаза етіп алғаныма жүрегім құлазып тұр, Өзің кешіре гөрші”- деп өкініп, кешірім тілемек керек.
барлығымыз Фатиха сүресінде келгендей (ииәәкә наьбуду) Оған ғана құлшылық қыламыз, бірақ (ииәәкә нәстаьин) ол құлшылық қылуда да Алланың жәрдеміне мұқтаж екенімізді ұмытпайық
Жабық арнамызға тіркеліп үлгермегендерге:
Алла Тағала: “Өзін-өзі үнемі жазғыратын адамға ант етемін”-дейді. Намаз оқыған адамға ант етіп тұрған жоқ, көп білетін адамға ант етіп тұрған жоқ, ораза ұстаған адамға, көп зекет берген адамға ант беріп тұрған жоқ. Үнемі өз-өзін кінәләйтін, жазғыратын, кемшілігін мойындайтын адамға Алла Тағала неге ант етіп отыр, білесіздер ме? Себебі, өз-өзін жазғырған адам ғана кемелдікке қадам басады.
Ал өз-өзіне көңілі толып, оқыған намазыменен, ұстаған оразасыменен, оқыған кітабыменен масайрап, соған мәз болып жүрген адамдар бір орында қалады. Дамымайды. Тіпті кері кетеді. Ал өз қателіктерін таба білетін, көре білетін, сын көзімен қарай білетін адам ғана алдыға қарай қадам басады. Демек кемелденудің алғашқы қадамы, Абай атамыз айтпақшы - адамның өз өзін жазғыруында жатыр, мінін таба білуіндe жатыр, қателіктерін көре білуінде жатыр.
©️ұстаз Қайрат Жолдыбайұлы
Ізгі кісілердің бірі былай дейді: Алла Елшісіне ﷺ салауат айту - ата-анаға жақсылық жасаудан болып саналады.
Сол кезде одан “қалайша?”- деп сұралады.
Ол: себебі періштелер оның сәлемін Пайғамбарымызға ﷺ жеткізіп “саған Пәленшеұлы Пәленше салауат айтты”,- дейді. Ендеше әкеңнің Алла Елшісінің ﷺ құзырында аталуына себеп болуың - (оған) жақсылық жасаудың бір түрі.
? Әдһам Шәрқауидің парақшасынан
Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 2 weeks, 1 day ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 1 month ago