Телеграм канал журналіста Раміни Есхакзай.
Мій Instagram : https://www.instagram.com/raminalalala
Резерв: https://instagram.com/raminalalala_here
FACEBOOK: https://www.facebook.com/ramina.eskhakzaj
Реклама: @coop_ramina
PR: @kateryna_khotieieva
Last updated 2 months ago
Last updated 1 year, 6 months ago
?Татар һәм рус телендәге рецептлар
?файдалы киңәшләр
Реклама (сотрудничество) - @elvira_admin
Отзывы: https://t.me/kirakle_torkem_otzivi
Last updated 2 months ago
Ассаламу алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ қалайсыздар құрметті жақындарым. Қасиетті Жұма күні мүбәрәк болсын?. Жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын.
Бүгінде біз серіктес ағаларымызбен бірігіп, жұмыс күші арзан болғандықтан, бағасын халыққа қолжетімді ету мақсатымен, Қытайда қазақ тілді ойыншықтарды өндіріп жатырмыз. Біздің мемлекетіміздегі күрделі мәселелер біртіндеп шешімін табу үшін, өскелең ұрпақтың санасы мен ойлау жүйесі дұрыс бағытта қалыптасуы қажет. Ол үшін "білім беру саласы" сапалы және тиімді болуы маңызды. Сапалы және тиімді білім берудің ең дұрыс жолы-ойын арқылы оқыту.
Қазіргі таңда сапалы ойыншықтар арқылы қазақ балаларын оқыту-көбінесе "ана тілімізді" дәріптеу және тілі кеш шығып жатқан балаларға тиімді ету бағытында болып отыр. Алайда уақыт өте бұл сала дамиды және қазақ тілді ойыншықтардың ассортименті де көбейе түспек.
Осы орайда "қазақ тілді ойыншықтар" бүкіл ұлттың болашақ келбетін қалыптастыратын болғандықтан, кез-келген күрделі мәселе шешімін табу және маңызды салаларды дамыту үшін "қажетті ойыншықтарды" ойлап табу қажет.
Мысалы Қазақстанда шешімін табу қажет болатын мынадай күрделі мәселелер бар:
1) Жемқорлық
2) Су тапшылығы
3) Өндірістік сананың жоқтығы
Және Қазақстанда дамыту қажет болатын мынадай салалар бар:
1) Жасанды интеллект (робототехника, 3D модельдеу, дрон қызметі)
2) Баламалы энергия көздері (күн энергиясы, жел энергиясы)
3) Ауыл шаруашылығы
4) Туризм
5) Транспорттық логистика
Құрметті мұсылман қазағым, жақындарым. Егер сіздерде жоғарыдағы мәселелердің шешімін бала психологиясына енгізу бойынша немесе салаларды дамытуға ықпал ететін балалар психологиясын қалыптастыратын "ойыншықтардың" эскизі болса бізге хабарласыңыздар. Не болмаса мұсылман қазағымызға орасан зор пайдасы тиетін осындай "ойыншықтарды" ойлап табамын деген ниеттеріңіз болса, сондай ойыншықтардың эскизін жасап, бізге жіберіңіздер. Біз міндетті түрде қарастырамыз. Ин Ша Аллаһ егер шынында мықты "ойыншық" ойлап тапсаңыздар, оны кәсіпкер ағаларымызға ұсынып, "ойыншық" авторымен ресми "зияткерлік меншік" бойынша шарт-жасасып, Қазақстан бойынша сатылатын болады. Тиісінше сіздердің "өнертабыстарыңыз" мұсылман қазағымыздың жаңа ұрпағының жаңа ойлау жүйесі мен санасын қалыптастыруға ықпал ететін болады.
Байланыс нөмерлеріміз:
?8 776 237 26 55
?8 747 123 18 68
Кітаптың 1 данасын алсаңыз бағасы 3500 тг, 3 данадан көп алсаңыз көтерме 2500-тг мен аласыз✊. Ғылыми төңкерістің бастауы болған кітапты әрі қарай сатып, сүннет болған саудамен айналысып, табыс табуыңызға да болады
Тапсырыс беру:
?8 776 237 26 55
?8 747 123 18 68
"Баспа білдегі" және "Жасанды Интеллект"
Ассаламу алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ қалайсыздар құрметті жақындарым. Қасиетті жұма мүбәрәк болсын?. Жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын. 31-мамыр саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде, Алла Тағала мұсылман қазағы үшін қыршын кеткен бабаларымыздың қабірін нұрландырсын?.
Мұсылман үмметінің және мұсылман қазағымыздың қазіргі қиын жағдайына бәріміз куәміз. Бұл қиын жағдайлар саяси, экономикалық, әлеуметтік, ағартушылық, ғылыми, технологиялық тұрғыдан көрініс тауып отыр. Дегенмен осы артта қалушылық пен қиындықтар, тарихи қателіктердің салдарлары. Ал бұл регресстің себептері қандай?
Ең әуелгі себеп XV ғасырдағы "баспа білдегі" өнертабысынан бас тартушылық. Кәпірлердің өнертабысы, яғни "бидғат" деп, белгілі-бір ықпалдардың әсерімен, бұл өнертабысқа сол кездегі күллі мұсылман әлемінің қақпасы саналған "Осман халифатында" тиым салынды. Нәтижесінде бүкіл Ислам әлемі мен мұсылман үмметі оқу-ағартушылық үдерістерден тыс қалып, ғылым-білім, инновациялық прогресстерден артта қалды. Бұл бүгінгі Палестинадағы бейкүнә сәбилер мен нәзік жанды әлсіз мұсылман әйелдердің қыршыннан қиылып жатқан өмірлеріне сырттан қарап, тек дұға жасап отыратын, әлжуаз мұсылман үмметінің қалыптасуына алып келді. Кезіндегі Салахаддин аль-Аюби, Нуриддин Занги сияқты заңғар тұлғалардай, әділетсіздікке амалмен қарсы шығатын, әділдікті табандылықпен, күреспен, еңбекпен орната алатын мұсылмандар қазір жоқ. Себебі соғыс тәсілдері өзгерді және ғылыми-технологиялық прогресстен артта қалу, мұсылмандарды әлсіз тобырға айналдырды.
Дәл осы тарихи кезеңде батыста "баспа білдегінен" де асып түсетін, жаңа технология өмірге келді. Ол "жасанды интеллект". 2023 жылы пайда болған бұл технологияны меңгеруге бүкіл батыс әлемі, орыс пен қытай сияқты ұлттар бірден кірісіп, бәсекеге түсуді бастап та кетті. Ал біздің мұсылман үмметіміз (кейбір саусақпен санарлық ұлттарды айтпағанда) және мұсылман қазағымыз, бәсекеге түсу былай тұрсын, бұл технологияның адамзат өміріне қаншалықты ықпал ететінін де түсініп жатқан жоқ.
Дегенмен шағымдана бергеннен еш пайда жоқ. Одан да әрекетке көшу қажет. "Баспа білдегі" өнертабысы кітап шығаруды жеңілдетіп, тарихтағы халықтардың даму бағытын 360 градусқа бұрып, бір кездері "өркендеген Ислам цивилизациясын"," "жуынбаған Еуропаға" бас-аяғы 300 жыл ішінде құл қылған болса, "жасанды интеллект" одан да зор болайын деп тұр. Себебі "жасанды интеллект" көмегімен енді кітап жазып, оны басып шығарудың да қажеті жоқ. Ол бәрін өзі жасайды.
Сондықтан біз осы технологияның потенциалын, мүмкіндігін және ықпалын мұсылман үмметі мен мұсылман қазағымызға көрсету ниетімен "Жасанды интеллект "Жасанды интеллект" кітабын жазды" атты кітабымызды шығардық. Адамзат тарихында ең күрделі жұмыстардың бірі "кітап жазу". Кітап жазу-үлкен білімді, біліктілікті, тәжірибені, еңбекті, жоғары интеллектуалдылықты, табандылықты талап ететін іс. Екінің бірі кітап жаза алмайтыны ақиқат.
Алайда өздеріңіз көріп тұрғандай "жасанды интеллект" кітап жазып отыр. Бұл нені білдіреді? Бұл біздің өміріміз енді "бұрынғыдай болмайды" дегенді білдіреді. "Жасанды интеллектінің" жасанды интеллектісі адамның интеллектісінен асып түспесе, кем түспейін деп тұр.
Сол себепті бізге оянатын кез-келді. "Жасанды интеллектіден" "баспа білдегі" сияқты артта қалып, қазіргіден де мүшкіл жағдайға түскіміз келмесе, осы технологияны жаппай кітап басып шығаруда, оқу-ағартушылық саласында, жалпы бүкіл салада қолданып, "Ислами Ренессанс" жасауымыз ауадай қажет. Әлбетте бұның бәрін жасау үшін, ең әуелі "жасанды интеллектінің" өзі не екенін толық біліп алуымыз қажет.
"Жасанды интеллект жазған "Жасанды интеллект" кітабын" оқып, ойланып, зерттеп "Исламның Алтын Дәуірін" қайта орнатайық құрметті мұсылман қазағым. Ин Ша Аллаһ Алла Тағала ісіміздің қайырлы нәтижесін нәсіп етсін???
"Саған тыныштық қажет болса, кітап та үнсіз, сен сөйлескің келген кезде, ол қара сөздің майталманы болады. Егер сенің қолың бос емес болса, ол сені мазаламайды, ал егер жалғызсырап отырсаң, онда одан жақсы жолдас жоқ. Бұл сені алдамайтын және саған қулық жасамайтын жалғыз досың, сенен ешқашан жалықпайтын жан жолдасың"
Аль-Джахиз, Vlll-lX ғасырлардағы мұсылман философы және әдебиетші, Басра (Ирак)
Алла бұйыртса бүгін осылармен танысып, терееең ойланып, ЖИ-мүмкіндіктерінің қай деңгейге кетіп қалғанына көз жеткізіңіздер. Бұрындары мультфильм жасау, кино түсіруден қиын болған және оған ұзақ айлар кеткен деп еститінбіз. Ал қазір 1 компьютермен отырып, 1 адам 10 минутта "креатив пен ойлау жүйесі" мықты болса, 1 мультфильмді еш қиналмай жасап тастай алады. Ертең Ин Ша Аллаһ "ЖИ маманы" болуға мүмкіндік беретін қайырлы дүниені ұсынамын.
ЖИ-жасаған фотолар
Телеграм канал журналіста Раміни Есхакзай.
Мій Instagram : https://www.instagram.com/raminalalala
Резерв: https://instagram.com/raminalalala_here
FACEBOOK: https://www.facebook.com/ramina.eskhakzaj
Реклама: @coop_ramina
PR: @kateryna_khotieieva
Last updated 2 months ago
Last updated 1 year, 6 months ago
?Татар һәм рус телендәге рецептлар
?файдалы киңәшләр
Реклама (сотрудничество) - @elvira_admin
Отзывы: https://t.me/kirakle_torkem_otzivi
Last updated 2 months ago