WELCOME 🏴☠ • Мужской Канал 😈
Шеголдарға кіруге тыйым салынады ⛔️
Last updated 3 months, 3 weeks ago
Біздің кітаптар сөреңізден табылсын: https://kaspi.kz/shop/search/?q=%3AallMerchants%3AMazmyndama
Last updated 8 months ago
көңіл күйін болмаған да..
- сенің күлкің басқа адамдарға жылулық сыйлайды.
- сені біреу әр түні жатар кезде есіне түсіреді.
- сен қалаған жол, сен үшін хайырсыз болуы мүмкін.
- сенің даусынды, жүзінді сағынатын жандар бар.
- өзіңді өзің толық қабылдасан, өзіңе өзің ғашық боласын.
- ешкімнен ештене күтпе.
- саған бауыр басып қалғандар бар.
- біреу, өз баласы дүниеге келген кезде, сенің есіміңмен баласын атап қойғысы келеді.
- өмірде сен сияқты ғажайыптар болып тұрады.
- сеннен бас тарқан адам туралы ойлама.
- сынсан сына бер, тек берілме.
- сені басқалардан қызғанатын адам бар.
- сен біреудің өмірін де, ең сүйікті кейіпкерсің.
- жығыл, сүрің, бірақ түнілме.
- сен жақсы адамсың, жақсы адамдар әрдайым сұлу.
бұл қатыгез дүниеде жұмсақ жүрекке ие болу - әлсіздік емес, батылдық.
бір сәтте сен мұның жалғаса бермейтінін түсінесің және өзгересің.
Ол және сіз ғана білетін шайқастан кейін қожайыныңызға оралу. Оның заңдарына қарсы шықаныңызға қарамастан, сіз Одан пана және тыныштық табасыз. сіздің сынған және зақымдалған жүрегіңіз Оның махаббатынаң ем табады. Оның сөздері жаралы жаныңызға дәріге айналады. және сезесіз, Ол шаршаған құлын қаншалықты жақсы көретінін әрбір денеңізде жүріп жатқан қан тамырларымен, жүрегіңізбен сезінесіз.
Алла жанымыздағыны біледі, барлық істерімізді біледі. біз адамдардан бір нәрсені шебер жасырамыз, ең маңызды куәгер бізді әрқашан және барлық жерде көретінін ұмытып.
үнсіздіктің өзінде жаныңның тыныштық табатын жанның жанында болуы қандай керемет. сені көзсіз көріп, сөзсіз түсініп, жаныңның жанарындағы әр уайымыңды көріп, қолыңды ұстап «жаныңдамын» дейтін жан болса керемет емес пе? бұл кез-келген сүйемін, жақсы көремін деген сөздерден асып кетпейді ме?
екі жанның бір жүрекке тоғысуы деген осы емес пе? бір жанның уайымы екінші жанды ауыртып, шешімін табуға тырысса, нағыз бақыт емес пе?
сондай адамдар бар, олардан әрдайым жылу шығады, сіз оларға қарап, жылу екенін түсінесіз, олар өз жылулығын қашықтыққа қарамай сыйлай алады. жо-жоқ, оларда сұлулық немесе сүйкімділік деп атауға қиын нәрсе бар, олардың қимылдарында, әңгімелерінде түсініксіз нәрсе бар - олар күн сайын дәмді тоқаштың иісі шығатын жылы үй сияқты. мұндай адамдардың жанында сіз әрқашан өзіңізді тыныш сезінесіз, олар суық кештерде паналайтын көрпелер сияқты, олар шексіз жайлылық, мәңгілік күн сәулесі бар теңіз..
жоспарлар бұзылуы мүмкін, бірақ бұл мақсатқа жетпеуге немесе бармауға себеп емес. өмір бірнеше минутта өзгеретіні сонша,сіз ештеңені өзгерте алмайсыз. тек тырысу, тек Аллаға сүйене отырып, шыдамды болу. өмір-бұл сабақ. сынақ-бұл сіздің жүрегіңізді жандандыруы керек нәрсе. қиындық-бұл өзін-өзі алдау маскасының астында жасырылған сіздің шынайы болмысыңызды ашатын себеп.
біз жүрегімізді адамдарға қаншалықты оңай сеніп тапсыратынымыз және оны олар қорғайтына сенетініміз туралы ойладым, бірақ көп жағдайда біз ауырсыну мен көңілсіздікпен қаламыз.
неліктен біз оны жаратқанға аманат етпейміз?)
шынында ол сонда ғана тыныштық табады ғой.
неге дұға еткенде, жылағанда, армандағанда көзімізді жұмамыз?
өйткені біздің өмірдегі ең әдемі нәрселер көрінбейді, тек жүрекпен сезіледі.
WELCOME 🏴☠ • Мужской Канал 😈
Шеголдарға кіруге тыйым салынады ⛔️
Last updated 3 months, 3 weeks ago
Біздің кітаптар сөреңізден табылсын: https://kaspi.kz/shop/search/?q=%3AallMerchants%3AMazmyndama
Last updated 8 months ago