?ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ФУТБОЛ UFC КӨРУ ТЕГІН!
«SPORT12.KZ» ақпарат агенттігінің 09.07.2024ж. Мәдениет және ақпарат министрі берген № KZ22VPY00096439 лицензиясы бар.
✅ жарнамаларға әкімшілік жауап бермейді.
✅Сотрудничество: @kzsport12
Last updated 1 month, 2 weeks ago
Футбол жайлы ақпарат тарататын үздік парақша
Ресми сайт: https://soqqy.com/
Youtube арна: https://youtube.com/@soqqy
Әлімжан Асқар: https://www.instagram.com/alimjanasqar
«Соққы және гол!» спорт порталының 23.07.2024 Мәдениет және ақпарат министрі берге
Last updated 1 month, 3 weeks ago
Комментатор Ерсін Еріктің арнасы
Парақша YerSport.kz сайтының серіктесі
Жарнама бойынша
@VaranRaphael
Last updated 2 months ago
Жәмила Бақбергенова Беларусьтегі халықаралық турнирде топ жарды
Минскте (Беларусь) күрес түрлерінен КСРО спорт шебері, 3 дүркін Олимпиада және 7 дүркін әлем чемпионы Александр Медведь атындағы халықаралық турнир өтуде. Әйелдер күресінен еліміздің үздік балуаны Жәмила Бақбергенова 72 келіде жеңімпаз атанды. Финалда ол қырғызстандық Қайыргүл Шаршебаевадан басым түсті.
Бұл – Жәмиланың 2025 жылғы алғашқы жарысы. Соңғы рет ол былтыр әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.
Жәмиладан бөлек аталған турнирде қазақстандық 3 балуан жүлделі орыннан көрінді. Әйелдер күресінен 59 келіде бақ сынаған Ирина Кузнецова күміс жүлдеге қол жеткізсе, еркін күрестен Әділ Оспанов (65 келі) та күміс алды, ал Серік Бақытханов (125 келі) қола жүлдеге ие болды.
Бұл жарыс биыл 54-ші рет ұйымдастырылып отыр. 2022 жылға дейін Біріккен күрес әлемінің (UWW) күнтізбесінде болып, Гран При статусымен өтіп келген. Алайда, Ресей мен Беларусқа санкция салынған соң аталған статусынан айрылып қалған.
Айта кетейік, Жәмила 25 ақпан күні Алматыда өтетін PWL-8 турниріне қатысады. Қарсыласы – қырғызстандық Айпері Медетқызы.
Қазақстан – Солтүстік Корея матчы тікелей эфирден көрсетілетін болды
Түркияда оқу-жаттығу жиындарында жүрген футболдан Қазақстан құрамасы 17 ақпанда Солтүстік Корея құрамасымен жолдастық кездесу өткізетіні белгілі. Аталған ойынды қазақстандық жанкүйерлер тікелей эфирден көре алады.
Еске салайық, қаңтар айының соңында ұлттық құраманы баптаған Станислав Черчесов отставкаға кетіп, оның орнына уақытша Әли Әлиев тағайындалған болатын. Отандық маман ұлттық құрамада жалқауларға орын болмайтынын, жастарға көбірек мүмкіндік беретінін айтқан еді. Күні кеше Әлиев шәкірттері ташкенттік «Локомотивпен» жолдастық кездесу өткізіп, 1:1 есебімен тең тарқасты.
Ал, Солтүстік Кореямен болатын ойын 17 ақпанға кешкі сағат 19:00-ге (Астана уақытымен) жоспарланған. Матчты «Қазспорт» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.
Наурызда Қазақстан құрамасы алдымен Уэльспен, артынша Лихтенштейнмен кездесу өткізеді. Осы ойындардан кейін бас бапкер мәселесі де шешілмек.
Қазақстан - “Локомотив” Ташкент 1:1. Жастарымыз жарқылдап тұр
Ермұхамед Мәулен Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарын тамашалап жүр. Ұлттық құраманың ойынынан репортаж таратып, жабық ойынның өзінен видео түсірді. Бұл кадрлар Аладоп ютуб арнасынан басқа еш жерде жоқ. Сондықтан, маман пікірімен астасқан бұл видноны көріп шығуға кеңес береміз.
Күні кеше «Сантос» сапына қосылған Неймар Еуропаға қайтқысы келіп жүр
Бразилиялық әйгілі футболшы Неймар жуырда ғана туған жеріне келіп, «Сантос» сапына қосылған болатын. Алайда, ол Сан-Паулуда ұзақ уақыт қалғысы келмейтінін мойындады. Мүмкіндік болса Еуропаға оралмақшы деп жазды Cadena Ser басылымы.
Неймар Еуропаның үздік клубтарында ойнағысы келеді. Бірақ, ол үшін футболшы өзін қайта үздік қырынан көрсете білуі керек. Егер «Барселона» ұсыныс айтса, бразилиялық шабуылшы бір сәтке де ойланбай келісетінін жасырмады.
Неймар «Сантосқа» оралуының себебін «бәрін басынан бастағысы келетінімен» түсіндірген болатын. Үлкен футболдағы алғашқы қадамын ол осы клубтан бастаған.
Неймар Бразилия құрамасының ең үздік бомбардирі, ол ұлттық құрама сапында 79 гол соққан. «Барселона» сапында 2013-2017 жылдар аралығында доп тепті. Мұнан кейін «ПСЖ-ға» ауысса, 2023 жылдан бастап саудиялық «Әл-Хилал» клубымен келісімшарт жасасты. Алайда, мұнда Неймар небәрі үш ойынға қатысқан. Аяғынан ауыр жарақат алғаннан кейін соңғы екі жыл бойы ол жаттығу да жасай алмады.
Еуропа футболының басты матчтарына сараптама!
Fonteam резиденттері апта сайын Еуропа чемпионаттарының орталық ойындарын талқылайды. Бұл жолы Ермұхамед Мәулен, Әлімжан Асқар, Олжас Байбосын және Бексұлтан Кеулімқос өз болжамдарын ұсынады.
Орыс футболшысының қолын алудан бас тартқан украиналық қақпашы үздік атанды
УЕФА Чемпиондар лигасының 1/16 финалында Францияда жергілікті «Монако» мен Португалияның «Бенфика» клубы кездесті.
Чемпиондар лигасының әнұранынан кейін футболшылар бір-біріне құрмет көрсетіп, қол алысады. Бірақ «Бенфиканың» украиналық қақпашысы Анатолий Трубин «Монаконың» ресейлік ойыншысы Александр Головиннің қолын алмады.
Ол қолын берген ресейлік жартылай қорғаушының жанынан жай ғана өтіп кете салды.
Еске салайық, бұл екі клуб Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде де жолыққан. Сол кезде де Трубин дәл осындай әрекетімен есте қалған.
Ал, кешегі матч 0:1 есебімен «Бенфиканың» пайдасына шешілді. Грекиялық шабуылшы Вангелис Павлидис жеңіс голын соқты. Қақпасын голдан аман алып қалған Трубин де матчтағы үздіктердің бірі болды.
🥊 Бекзат Алмахан UFC-дегі екінші жекпе-жегін Макгрегордың командаласымен өткізеді
UFC-де өнер көрсететін қазақ файтері Бекзат Алмахан келесі жекпе-жегін 10 мамырда өткізетін болды. Ол әйгілі Конор Макгрегордың командасында болған канадалық «жауынгер» Брэд Катонмен октагонға шығады.
Биыл мамырда Канаданың Монреаль қаласында UFC 315 турнирі өтетіні белгілі. Бекзаттың көптен күткен жекпе-жегі осы шоудың картында ұйымдастырылмақ.
Брэд Катон – The Ultimate Fighter турнирін екі рет жеңіп алған жалғыз файтер. Ол алдымен 2018 жылы Даниэль Кормьенің командасында топ жарса, 2023 жылы Конор Макгрегордың командасымен тағы да чемпион атанды.
Сондай-ақ, Катон жеңіл салмақта Brave CF лигасында чемпион болған. UFC лигасында барлығы 7 жекпе-жек өткізіп, соның үшеуінде жеңіске жетті де, төртеуінде жеңілді.
Ал, Бекзат Алмахан болса UFC-дегі жалғыз жекпе-жегін әйгілі Умар Нурмагомедовке қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңілген болатын. MMA-да ол барлығы 13 жекпе-жек өткізіп, 11-де жеңіске жеткен.
«Үштікте Месси жоқ». Криштиану Роналду әлемдегі ең көп табыс табатын спортшы атанды
https://1bol.kz/news/6471-ushtikte-messi-zhok-krishtianu-ronaldu-lemdegi-en-kop-tabys-tabatyn-sportshy-atandy
Әлі Fonteam-ге жазылмадың ба? 🤔
YouTube-та 2000 жазылушыға жеткен бойда байқауды бастаймыз! 🎉
Қосылып үлгер: https://www.youtube.com/@fonteamkz
?ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ФУТБОЛ UFC КӨРУ ТЕГІН!
«SPORT12.KZ» ақпарат агенттігінің 09.07.2024ж. Мәдениет және ақпарат министрі берген № KZ22VPY00096439 лицензиясы бар.
✅ жарнамаларға әкімшілік жауап бермейді.
✅Сотрудничество: @kzsport12
Last updated 1 month, 2 weeks ago
Футбол жайлы ақпарат тарататын үздік парақша
Ресми сайт: https://soqqy.com/
Youtube арна: https://youtube.com/@soqqy
Әлімжан Асқар: https://www.instagram.com/alimjanasqar
«Соққы және гол!» спорт порталының 23.07.2024 Мәдениет және ақпарат министрі берге
Last updated 1 month, 3 weeks ago
Комментатор Ерсін Еріктің арнасы
Парақша YerSport.kz сайтының серіктесі
Жарнама бойынша
@VaranRaphael
Last updated 2 months ago