Өз ойым | أفكاري

Description
Біреуге пайдасы тиер, тимесе өз сөзім өзіме.
Advertising
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 2 days ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago

hace 1 mes, 2 semanas

Көптен күткен арна ашылды. Бұл арнада дін мен ғылым ұштастырылған посттар жазылатын болады. Авторы Стамбулда ілім талап етуші бауырымыз-досымыз.

Сондағы толибтар да оған дүниелік ғылым жағынан дәріс тыңдауға келеді. Тіркелеміз, пайдалы контент көп болады.

hace 1 mes, 2 semanas

Әліпби туралы. Бірінші бөлім.

Араб әліпбиі лингвист мамандардың ойынша фонетикалық әліпбилердің алғашқы түрлерінің бірі болып табылатын финикиялық, және сәйкесінше набатей мен арамей әліппелеріне негізделген /1-3/. Көбімізге белгілі әліпби бүгінгі күнде арабтар арасында "алифбаиия"
ألفبيّة
деген атпен кеңінен тараған. Бұл әліпбиді Басралық үлкен тіл ғалымдарының бірі болып табылған Наср бин Ғаасым әл-Ләйси (نصر بن عاصم الليثي) құрастырды (708/709 жылдарда қайтыс болды) /4/. Бұл әліпбиде хамзаны ескергенде 29 әріп жазылу ұқсастығы принципі бойынша реттеліп, келесідей түрде көрсетілген
أ ب ت ث ج ح خ د ذ ر ز س ش ص ض ط ظ ع غ ف ق ك ل م ن ه و ي
Көптеген ғалымдар араб тіліндегі харекеттердің (яғни фатха, домма, кясра) қойылуын жоғарыда айтылған Наср бин Ғаасым мен Яхья ибн Яъмар, Хаджадж бин Юсуфтың тапсырмасын орындауымен орын алды деген хабарлар бар.

Қолданылған әдебиеттер:
1.Струве В. В. Происхождение алфавита. — М.: URSS, 2004.
2. Дирингер, Д. Алфавит. — М.: Издательство Иностранной Литературы, 1963.
3. Истрин В. А. Развитие письма. — М.: Наука, 1965.
4. Theodor Nöldeke, Friedrich Schwally, Gotthelf Bergsträsser and Otto Pretzl, The History of the Qurʾān, trans. Wolfgang H. Behn (Brill, 2013). p. 592.

hace 1 mes, 3 semanas

Негізі ел алдына шығып сөйлеп жүрген біраз адамдардың смартфонын алық қою керек. Әсіресе әйел адамдардыкін...

hace 4 meses, 2 semanas

Бір діни блогер бауырымызға: - Контент салып, ақылы сабақ беріп қалай үлгересің? Сабағыңа кедергі келтірмей ме?, - деп сұраған кезде әлгі бауырымыз: - Енді бұл менің жейтін наным ғой, - деген еді. Сол үшін шетелде оқып жүріп, ешкімге қол жаймай, өз күнін…

hace 4 meses, 2 semanas

Бір діни блогер бауырымызға:

- Контент салып, ақылы сабақ беріп қалай үлгересің? Сабағыңа кедергі келтірмей ме?, - деп сұраған кезде әлгі бауырымыз:

- Енді бұл менің жейтін наным ғой, - деген еді.

Сол үшін шетелде оқып жүріп, ешкімге қол жаймай, өз күнін өзі көру үшін әрі сол арқылы білім жолын жалғастыру үшін ақылы сабақ беретін толибтарға түсіністікпен қарау керек.

Ал ол шынымен сол ақшаға мұқтаж не мұқтаж еместігі құл мен Алла Тағала арасындағы мәселе.

hace 4 meses, 2 semanas

Мұсылман қыз баласына балиғатқа толғанда хиджаб кию - парыз. Осознанно кие ма, неосознанно кие ма маңызды емес. Ең бастысы бұйрықты орындау.

Әлеуметтік желіде кейбір психологтардың немесе орамалды қыздардың

- "орамалға осознанно(саналы түрде) келу керек. Орамал тағуға асықпа, жақсылап ойлан, әйтпесе кейін шешіп кетесің", - деген сынды сөздерін естіп жатамыз. Бұл дұрыс емес.

"Осознанно" кимей жүргеннен "неосознанно" кигені әлдеқайда дұрыс.

Кигеннен соң тастап кететініне де ешкім кепіл бермейді. Шешіп кетсе де шешкенге дейінгі аралықта парызын орындады.

Немесе кигеннен соң уақыт өте келе саналы түрде түсініп кетуі мүмкін екендігін де ешкім жоққа шығара алмайды.

Сондықтан әркімге өзіңнің өміріңді өлшем етіп, ақыл айтуды қойып, кием дегенді қолдап, демеу болу керек...

hace 7 meses, 1 semana

Жердің бетінде жүріп қатеңді түсінудің өзі бір нығмет қой...

Түсіндіргенге мың алғыс. Тауфиқ бергенге шексіз мақтау-мадақ болсын.

#ойтолғау

hace 7 meses, 1 semana
hace 8 meses, 2 semanas

Кім Алланың разылығы үшін бір амалды жасаймын деп ниет етіп, алайда сол ниетіне тағы да басқа мақсаттар қосылып, олар себепті амал жеңіл жасалатын болса, онда ол ықыластың шеңберінен шықты дейді имам Ғазали.

Мысалы біреу Алла разылығы үшін ораза ұстаймын, бұған қоса денсаулығым да жақсарады деп ораза ұстаса, таза ықыласты болып табылмайды.

Немесе біреу сапарға шығу арқылы көңіл-күйімді көтеремін деп қажылыққа шықса, шынайы ықыласты болып табылмайды.

Немесе біреу білім арқылы мен адамдардың арасында сыйлы боламын деп білім алса, ықыласты болып табылмайды.

Немесе біреу ертең менің де қал-жағдайымды сұрайды ау деп науқасқа кіріп шықса, ықыласты болып саналмайды.

Немесе біреу тәһәуджудқа тек Алла үшін емес, сондай-ақ түнде өз затын біреу тонап кетпесін деп намаз оқыса, ол да шынайы ықыластылардың қатарынан емес дейді имам Ғазали "Ихия-у улум әд-дин" кітабында.

Яғни, Алланың разылығынан бөлек, басқа ниет қосылып ол амалды жасау оңай болса, ол қосымша ниеттер болмағанда игі амал жасалмаса, онда ол ықыласты амал болып саналмайды

We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 2 days ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago