Dive into the Ultimate Free Library: Your One-Stop Hub for Entertainment!

Құранмен саяхат

Description
Құран жаттау әдістері, пайдалары, артықшылығы, үкімдері және т.б.
We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated hace 1 semana

Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
7 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

ТЕГІН Quiz тапсырып көр:
http://quizmarafon.tilda.ws/140al

Last updated hace 1 día, 10 horas

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.

🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Last updated hace 2 días, 8 horas

2 months ago

Құран оқу үшін уақыт табу қажет емес, керісінше сенің уақытың Құранға мұқтаж.

2 months, 2 weeks ago

“Ей, балақайым! Біліп қой! Құранды Алланың құзырында қадірі жоқ адам ғана оқымай қояды”.

Қари Шейх Абдурашид ас-Суфидің әкесі баласына айтқан насихатынан.

2 months, 3 weeks ago
5 months ago

Әрбір шашыраңқы, мазасыз жүректің артында тасталған Құран жатыр. Немесе әр ашылмаған Құранның артында мазасыз жүрек жатыр💔

5 months ago

Газзадағы Амина ұстаздың айтқаны:

Құранмен достасыңыз, әрдайым Құранды ашыңыз. Жәй ғана оқып қана қоймай, Құранды СҮЙІҢІЗ!
Құранмен өмір сүріңіз!

Біз көп нәрсе жоғалттық: бала, дүние - мүлік, алайда Алла Тағала одан да көп береді...

Бірінші орынға Алланы және Құранды қойсаңыз, Алла Тағала ісіңізді реттейді.

Егер сіз Құранға уақыт арнай алмасаңыз, қалайша сіз үшін Ахырет бірінші тұрады?
Балаларымызды қалай тәрбиелеп жатырмыз, Ахырет олар үшін бірінші орында ма?

Бізге мүсіркеу, аяушылық қажет емес, бізге көмектескілеріңіз келсе - күнәларды тастаңыздар, күнәларды тастаңыздар, күнәларды тастаңыздар. Кімде - кім күнә жасаса, оның жүрегі қараяды және сол қарайған жүрекке Құран қонбайды.

Бүгінгі күнді өміріңіздің ең алғашқы күніндей бастаңыз. Өзіңізге айтыңыз: Жеңісті жақындату үшін бүгін мен қандай күнәні тастай аламын?

Қайткен күнде де бізге жеңіс келеді. Тіпті өлім біз үшін жеңіс. Бізден кейін бізден де мықтылар келеді.

Дұға тілеңіз және дұғадан басқа да әрекеттерді жасай беріңіз.

Олардың тауарларын сатып алмаңыздар. Сіздер олардың өнімдерін сатып алу арқылы бізге қарсы атылатын оқты сатып алып жатырсыздар.

Біз үшін дұға етпеңіздер, бізді жаудан қорғап жүргендер үшін дұға жасаңыздар. Олар сіздерді де қорғап жатыр, олар сіздің дініңізді қорғап жатыр.

Көбірек салауат айтуға тырысыңыздар, әсіресе жұма күні, бейсенбінің жұмаға қараған түні айтыңыздар. Егер бір істі істегенде өзіңізден сұраңыз: Егер Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) біздің үйге келіп, біздің қалай өмір сүріп жатқандығымызды көрсе, бұл көрініс оған ұнар ма еді? (Бұл қаншалықты біздің дұрыс өмір сүріп жатқандығымызды анықтау үшін) Ұйықтар алдын өзіңізге есеп беріңіз.

Біз өлімнен қорықпаймыз, бірақ өлім сәтінде біздің әурет жерлеріміз ашылып, көрінбесін деп дұға етіңіздер. Себебі, мұнда адамдардың парша - паршасы шығып, денені көму үшін қолын, аяқтарын жеке - жеке жинайды. Біздің денелеріміз өмір бойы жабық болды, ендігі қорқатынымыз: өлімнен соң біздің бірде - бір шашымыздың көрінбеуін қалаймыз.

Өлім алдында біздің тіліміз Кәлимаға келуін Алладан сұраңыздар

Алланы еске алу мен Құраннан басқасының барлығы бұл дүние қарғысталған...

Ақырыңыздың қандай болатынын сіз шешесіз. Құранмен дос болсаңыз, ол сізді өлім сәтінде де, өлімнен кейін де тастамайды.

Ғаззада жақында ғана 1300 астам адам Құран тапсырды, хафиз атанды. Аллаға шүкір. Құранды бұлай жадымызда жаттамағанда, қазір қалай Құранды оқыр едік...

Қабірде періштелер сұрақ - жауаптың астына алғанда, Құран пенде үшін өзі жауап береді.

Бір еврей әйел (ол өлім құшты) былай айтып еді, бірақ ол ақиқатты айтты... Таң қалманыздар, тіпті шайтан да ақиқатты айтады. Ол:" Олардың мешіттері жұма намаздағыдай таң намазында да толы болғанда, олар жеңіске жетеді. Бүгінде соған келе жатыр және бұл тек басы"

Тіпті еріңіз, балалар, әке - шеше, ең сүйікті адамдар, ешбір адам сізбен қабірде болмайды, тек Құран.

Қазір сіздермен соңғы рет сөйлесіп отырған шығармыз

Құранмен дос болыңыздар, әлем жақсы жаққа өзгерту үшін өздеріңізді өзгертіңіздер

5 months, 1 week ago

Құранды тәжуйдке сай оқып, бірақ өміріміз Құранға сай болмаса бекер екен. Мінсіз мінез жоқ. Бірақ бұл сөз бізге ақтау бола алмайды.

Бойымызда тәкаппарлық болса, Құран бізден алыстайды. Ал мінезімізде қаттылық болса, адамдар алыстайды.
Құранның тәкаппар адамнан алыстауы жайлы Құранда: “Жер бетінде тәкаппарланып жүретіндерді аятымнан алыстатамын” дейді.

Ал қаттылық себепті адамдардың алыстауы жайлы Алла тағала Пайғамбарымызға (саллаллаху алейхи уа саллам) :”Алланың рақымдылығымен сен оларға жұмсақтық таныттың. Егер қатал жүректі болғаныңда, олар маңайыңнан тарап кетер еді”- дейді. Құран жұмсақтықты насихаттайды.

Ең маңыздысы Құранның тілде қалып кетпей жүрекке түсуі. Жүрекке түссе адамның Алламен де, адаммен де байланысы дұрыс болады.
Алла елшісі (саллаллаху алейхи уа саллам) үмметінің ішінде құран оқып, бірақ сол құранның тамақтан ары қарай өтпейтін адамдардың болатынын айтып кеткен. Алла бізді сол адамдардан болуынан сақтасын🤲🏻

5 months, 3 weeks ago

Құранды өзгеден тыңдаудың әсері керемет. Ал өзің оқып құраннан рахат алу- құран сенің жүрегіңнің ішінде, ал сен құранның ішіне енгендей күйде боласың. Құранның мұғжизасын сезесің!

Бұл жалған дүниенің ең ғажап сәттері, бітпейтін ләззаты- құран оқу. Ал сол ләззаттан мақұрым қалу үлкен өкініш…

5 months, 4 weeks ago

Астанада алғашқы рет халықаралық Құран жарысы өтуде. Түрлі мемлекеттерден қатысып жатыр. Қазақ бауырымыз да төбе көрсетті. Тыңдап, жүректеріңізді рахатқа бөлей отырыңыздар💖

6 months, 2 weeks ago
7 months ago

Бір күні Омар р.а бір үйдің жанынан өтіп бара жатып,үй иесінің қатты дауыстап Тур сүресін оқып жатқанын естиді. Үй иесі: "Раббыңның азабы күмәнсіз болады.Оны қайтаратын ешнәрсе жоқ" деген аятқа келгенде Хазірет Омар р.а көлігінен түсіп, біраз уақыт қабырғаға сүйеніп тыңдап тұрады. Осыдан соң бұл аяттағы ескертуден қатты әсерленіп,біраз уақыт үйінде ауырып жатып қалады…

We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated hace 1 semana

Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
7 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

ТЕГІН Quiz тапсырып көр:
http://quizmarafon.tilda.ws/140al

Last updated hace 1 día, 10 horas

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.

🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Last updated hace 2 días, 8 horas