Пресеты Лайтрум, Обработка фото
?? @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 1 month, 3 weeks ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 2 months ago
Кальмар ойынының бірінші сезоны туралы осылай жазыппын.
Ал қазір екінші сезонды бастап көріп жатырмын.
Бүгін Нетфликстің "Игра в кальмара" деген сериалын көрдім. Меніңше жақсы түсірілген сияқты. Соңына дейін интрига ұстай алды.
Бірақ сериалды көріп отырып киноның сюжеті таныс сияқты болды. Бұрын бір жерден көрген сияқтымын. Сосын киноның соңғы сахынасында ғана есіме түсті. Мен бұл сюжетті оқығанмын. Иә оқығанмын.
Мектеп кезінде Агата Кристидің "Десять негритят" (10 қара домалақ) деген детективтік романын оқығамын.
Мынау "Игра в кальмара"-ң дәл соны өзі екен. Осыдан жеті жыл бұрын оқыған романым есіме түсіп кетті.
Романда да қатысушыларды белгісіз бір аралға әкеліп тастайды. Кино да да солай. Екеуінде де бір бірін бұрын көрмеген кейіпкерлер болады. Романда бұрын істеп, бірақ жазасын өтемеген қылмыс үшін жазаланады. Сол үшін оларды өлтіреді.
Кинода бәріне ортақ дүние бәрінің басында қаржылық қиындықтар.
Тағы бір ұқсастығы романда әр адамға бір-бір негр баланың мүсіншесі болады. Біреуі өлсе бір мүсін жоғалыр отырады. Кинода олар шахматтың тастарымен ауыстырылыпты.
Бірақ ең қызық әрі бұл киноның романның негізінде түсірілгеніне екі түрлі дәлел келтіруге болады.
Біріншіден екеуінде де ойын балалардың ережесімен жүзеге асырылады. Романда он негр бала туралы балалардың өлеңіндегі ұйқастармен өлтіреді, кинода олар балалардың ойынын ойнатады. Жеңілгендер өліп отырады. Екеуінде де соңында бір жеңімпаз қалады.
Екінші әрі бастысы. Екеуінде де ойынды ұйымдастырып отырған жасырын кейіпкер өзі де ойынға қатысады. Екеуі де ойынның ортасында "өліп" қалады. Басқалары осылай ойлап қалу үшін ойыннан шығып жасырын отырып ұйымдастырады. Соңғы әрі маңызды жері екеуінде ұйымдастырушылар соңында өздері де өледі.
Воот солай. Негізі сериал көруге тұрарлық. Қызықты екен. Ұсынамын.
Астанадан ванхун жігіт іздеп жатырмыз. Ерлер киімі. Күнделікті стримде сату керек.
Беті қалың. Сатуға икемі бар жігіттер болса хабарласыңдар.
Сақалистердің осы жолғы пешкасы әлсіз. Тек ақымақ идеяларымен көзге түсіп жатыр.
Бекболаттай болу қайда?!
Ардақ Назаров деген депутатымыз болған.
Сол бірде...деп, күліп отырамыз әлі.
Бүтін бір қалаға арақ ішкізбейік дей ма?
Дауылбай
Ата-анам қартайыпты. Білсем де бүгін шынайы сезіндім. Үйде болмағаныма тура бір ай болды.
Осы қазір үйге келіп жатырмын. Машинам дауысы шыққаннан елеңдеп отырса керек, екеуі де терезеден қол бұлғап кішкентай балаша мәз болып тұрды.
Заттарымды реттеп үйге кіріп болғанша шыдамаса керек екеуі де алдымнан жүгіріп шықты. Сүйіп жатыр, иіскеп жатыр. Көздерінде жас бар. Баладай мәз. Қайран уақыт. Кеше мен алдарынан жүгіріп шығатын едім. Бүгін ол кісілер шықты. Еркелеттім, еркелеп айналамда жүгіріп жүр. Сені сағынып кеттік қой дейді.
Уақыт сондай...
Ертең жұма, бәлкім садақа бергісі келетіндер болар. Мүмкін бәріміз жиналып кітаптар алсақ қалай? Бір ауылға жіберсек сосын. Айына 50-60 кітап ала алар едік. Телеграм каналы бар біраз қыз жігіттер бар ғой, бәріміз қосылсақ. Жақсылықты ұрпаққа жасайық.…
Ертең жұма, бәлкім садақа бергісі келетіндер болар. Мүмкін бәріміз жиналып кітаптар алсақ қалай?
Бір ауылға жіберсек сосын. Айына 50-60 кітап ала алар едік.
Телеграм каналы бар біраз қыз жігіттер бар ғой, бәріміз қосылсақ.
Жақсылықты ұрпаққа жасайық. Садақаны білімге берейік.
Осыдан 3-4 жыл бұрын бір туысқан жиенімнің басына қиындық келіп түсті.
Өзі кішкентайынан момақан, артық сөзі жоқ, түзу жүріп түзу тұратын. Үйден де шыға бермейтін. Тәртіпті өскен бала еді.
Енді ер жетіп әкесіне қол қабыс қылып жүрген. Сондай жаздың бір күні әкесімен бірге таңнан кешке дейін үйлерінің қабырғасын сылап, есік алдына құм түсіріп кешке дейін жанында жүріпті. Әкесі емес менің бір ағам (нағашы ағасы) да солармен таңнан кешке дейін бірге жүріп үшеуі жұмыс қылған екен.
Сонымен күн бітеді. Шаршап ұйқытар қалады. Түннің бір уағында үйге сау етіп милиция жетіп келіпті. Сөйтеді де, ұйықы да жатқан бала умаждап машинаға салып алады да тұра жөнеледі.
Әпкем мен жездем не болып жатқанын да ұқпай қалады. Сұраса, балаңызды бүгін апарып сұраймыз. Ертең жібереміз. Осы маңда бір қылмыз болыпты дейді.
Сол кеткеннен мол кетті. Жиеніміз педофилизм бабымен ұсталған екен.
Жездем мен жиен үй сылап жүрген күні түсте, бұзау қайыруға кеткен 12 жасар көршінің қыз зорланыпты.
Қыз жылап үйіне келіп айтқан. Түрін білмеймін. Үстінде қызыл курткасы болды депті. Сонымен милиция шақырған. Қызыл куртка көршігің ұлында бар екенін білгесін, күдікті ретінде ұсталып кетіпті.
Бастапқы сот басталған кезде әкесі шығатынына анық сенді. Таңнан кешке дейін бір елі қасымнан қалмаған балам біреуді зорлауы мүмкін емес деп қай-вай шығарыпты. Сенімді болғасын да бастапқыда қатты күш салмапты.
Сосын қызға экспертиза жасайды. Ұрықты алып тексерген. Каким то образам ұрық жиендікімен 70% сәйкес келіпті.
Әкесі шыр-пыр, "мүмкін емес, зорлады деген түскі уақытта нақтв қасымда болған" деп жылайды. Әкесінен басқа куәгерлер де бар. Бала да "мен ақпын, таңнан кешке дейін үй сыладым"дейді.
Бірақ заңға айғақ болса жеткілікті. Ұрық 70 % сәйкес келіп тұр.
Сонымен "педофилизм" бабымен жиенім 22 жылға сотталып кете берді.
Әкесі жиған дән дәулетін соңына дейін құртты. Қайта қайта адвокат жалдап істі қозғатты.
Аса ауыр қылмыс жасаған адам деп, істі жауып, жазасын өзгеріссіз қалдырды.
Әр барған сайын, ұлы әке ақпын деп еңірейді екен.
Жас өмір бір сәтте шорт кесіліп кете берді. Жиырмаға енді ілінген бала жігіт 22 жыл арқалап кетті.
Екі үш жыл бұрын осы іске қатысты адам сенгісіз жағдай болыпты. Әкесі ұлының ұрығы қалай 70% сәйкес келгенін білмей таң қалады. Сол күні көз алдында жүргені нақ еді.
Сөйтсе сол қыз зорлады деген уақытта екінші ұлы да бұзау қайыруға шығып кеткен екен. 15-16 дағы бозбала. Шыққанда ағасының қызыл курткасын іле шығады.
Сомен әлгінде жағдай болады.
Екінші ұлынан басқа тағы бір күдікті шығады. Сол күні ол да қызыл курткамен ауылда жүрген. Ол жігіт оған дейін де бір әйелге зорлық жасап құтылып кеткен екен. Со күні түнде елден қашып кеткен.
Екі тағдыр. Ауысқан тағдыр жолы. Бәлкім, інінің жаза басқан жолын ағасы арқалап кете барды.
"Анау емес мына ұлым екен" дейтін емес. Бармағын тістеп іштей солып әке мен шеше қалды.
Жазықсыз, қылмаған тірлігін арқалап ең ауыр қылмыскерлердің арасына ұл кетті.
Қандай ауыр тағдырлар. Неткен шым шытырық жолдар.
Бір роман жазарлық оқиға. Бәлкім, жазылар... кім біліпті...
Пресеты Лайтрум, Обработка фото
?? @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 1 month, 3 weeks ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 2 months ago