ТЕГІН ВИКТОРИНАЛАР💝😍 :
ДЖТ каналымыз: https://t.me/djt_2025
БИОЛОГИЯ каналымыз: https://t.me/bio_ubt_2025
ГЕОГРАФИЯ каналымыз: https://t.me/geo_ubt_2025
Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
9 жылдық тәжірибе
"UBT Academy" жобасын құрушы
Last updated 3 weeks, 5 days ago
@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
? Канал - @maktubatkz
? Чат - @maktubatchat
? Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
Last updated 1 month, 3 weeks ago
Құранды берік ұстануға үндейтін аяттар...
⠀
«Әлиф. Ләм. Мим. Осынау Кітап (Құран), онда ешбір шүбә жоқ, тақуалар үшін жолбасшы» («Бақара» сүресі, 1-2 аяттар).
⠀
«Һәм Алланың жібінен (дінінен) бекем ұстаныңдар да, бөлінбеңдер» («Әли Имран» сүресі, 103-аят).
⠀
«Ал осы (Құран) — Біз түсірген мүбәрак Кітап, енді осыған ілесіңдер де, (Алланың қаһарынан) сақтаныңдар, бәлкім, рақымға бөленерсіңдер!» («Әнғам» сүресі, 155-аят)
⠀
«Уа, адамдар! Сендерге Раббыларыңнан бір үгіт, кеуделердегі (рухани кеселдер) үшін шипа және мүміндер үшін тура жолбасшы һәм мейірім (Құран) келді» («Юнус» сүресі, 57-аят).
⠀
«Һәм Біз саған Кітапты (Құранды) әрбір нәрсенің баяны етіп әрі мұсылмандарға жолбасшы, рақым һәм сүйінші етіп түсірдік» («Нахыл» сүресі, 89-аят).
⠀
«Шын мәнінде, осы Құран (адамдарды) ең тура жолға бастайды һәм ізгі іс істейтін мүміндерге (мынадай) сүйінші хабар жеткізеді: оларға (мүміндерге) үлкен сый болатындығын» («Исра» сүресі, 9-аят).
⠀
«Және Құраннан мүміндер үшін шипа әрі рақым болатынды түсіреміз. Ал залымдар (кәпірлер) үшін ол (Құран) тек шығындарын арттырады» («Исра» сүресі, 82-аят).
⠀
«Бұл — мүбәрак Кітап (Құран), оны саған (уа, Мұхаммед) аяттарын (адамдар) зерделеуі үшін һәм ақыл иелері үгіт алулары үшін түсірдік» («Сад» сүресі, 29-аят).
Бұл түні не істеуге болады?
Ораза ұстау
(Күнәләрымыздан тазару және Рамазан айына дайындалу)
Құран оқу
(Әлемдегі зұлымдыққа қарсы "Фәтһ және Ясин сүрелерін оқу)
Тәсбиһтарды тарту
(Лә иләһә иллаллаһ/ СубһанАллаһи уа биһамдиһ/ҺәсбунАллаһу уани мәлуакил/Лә һаулә уа лә қууатә иллә билләһ)
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уа сәлләм)ға салауат айту.
Садақа беру.
- Аллаһ разылығы үшін жасалған әрбір іс садақа.
- Садақа бәлені алыстатады және өмірді ұзартады.
- Дұғаларың қабыл болу үшін садақа бер.
Осы постты садақа ретінде жақындарыңа тарат
(с) Рабиға ұстаз
МИҒРАДЖ ТҮНІ ЖАСАЛАТЫН АМАЛДАР⬇️****
Рамазан айына 39 күн қалды!
Бұл Рамазанды тағы да Құрансыз өткізуден сақ бол!
Распечатка жасап, кейін жаттаған сүре мен Алланың есімдерін бояп, жүректі толтыра аласыз?
*?СҰРАҚ-ЖАУАП:
لسم الله الرحمن الرحيم
اللهم صل علي محمد و علي آل محمد*
Жаттаған сүрелердің мағынасын, тәпсірін түсінбесем, қалай амал етемін, жаттағанды қойған дұрыс па?
Жаттаған сүрелердің мағынасын, тәпсірін түсінбесеңіз, жаттауды тоқтату қажет емес. Керісінше, Құранды жаттау — бұл үлкен сауапты іс, әрі сіздің жүрегіңізді тазартуға, күнәларыңыздың кешірілуіне себеп болады, ин шәә Аллаһ. Құранның мағынасы мен тәпсірін үйрену — маңызды, себебі **Құран оны тек оқу үшін емес, аяттарына ойлану және амал ету үшін түсірілген.
أَفَلَا يَتَدَبَّرُونَ القُرْآنَ؟
Әйтпесе, олар осынау Құранға ой жүгіртпей ме? (Мұхаммад сүресі, 24-аят)**
Бірақ "араб тілін білмеймін, оқығанымды түсінбеймін" деп, жаттауды тоқтату әсте дұрыс емес, себебі тәпсірінің түпнұсқасын оқи алмасаңыз да, қазақшасын оқып, тәпсірін ютубтан тыңдасаңыз болады, соған ой жүгіртіп, амал етсеңіз – нұр үстіне нұр. Көзіміз көргенде, санамыз бен жүрегіміз ашық болғанда, Құран жаттамауға ешбір себеп-сылтау жоқ...
Кейін мүмкіндігіңізше араб тілін оқысаңыз болады, Аллаға шүкір білікті ұстаздар, дайындалатын кітаптар, материалдар өте көп.
Ескеретін жайт:
Құран фусха тілінде жазылған. Фусха – араб тілінің ең таза, әдеби және ресми формасы.
Фусха тілін Құранда, хадистерде, классикалық әдебиетте, ғылыми және құқықтық мәтіндерде, сондай-ақ ресми сөйлесу мен жазу кезінде қолданады, алайда, Мысыр, Шам, Саудия сияқты елдердің өздерінің күнделікті өмірде сөйлесетін диалекті болады, оның фусхадан айырмашылықтары бар. Сондықтан Құранды түсіну үшін, араб тілін оқығанда сөйлеуге(диалект) емес, грамматикаға мән береміз.
**وَلَقَدۡ أَنزَلۡنَآ إِلَيۡكُمۡ ءَايَـٰتٍ مُّبَيِّنَـٰتٍ وَمَثَلًا مِّنَ ٱلَّذِينَ خَلَوۡاْ مِن قَبۡلِكُمۡ وَمَوۡعِظَةً لِّلۡمُتَّقِينَ
⠀
Шүбәсіз, Біз сендерге жолдарыңа жарық түсіретін, ақиқатты және діннің үкімдерін ашық баяндайтын аяттар, өздеріңнен бұрын өткен қауымдардың өмірінен алынған ғибратқа толы мысалдар, сондай-ақ Алланы лайықты түрде ұлықтайтын һәм Оған қалтқысыз мойынсұнатын тақуа жандар үшін насихат түсірдік.
(Нұр:34)**
Құран оқудың сыртқы әдептері
⠀
7. Құранды Аллаға мойынұсынған күйде (хушуғ) оқу
⠀
Құран оқушы Құранды бағынышты, мойынсұнған күйде әрі ондағы аяттардың мағынасына ой жүгірте отырып оқуы қажет. Құран оқудағы мақсат - сол. Себебі, ой жүгіртіп, пікір жүргізу арқылы жүректер тыныштық тауып, нұрланады.
⠀
Алланың тақуа құлдары арасында түні бойы бір аят төңірегінде ой жүгіртіп, қайталаумен таң атырған, сондай - ақ Құран оқып жатып есінен танғандары да көп. Тіпті, Құран оқу барысында жаны үзіліп, жарық дүниемен қош айтысқандары да бар.
⠀
? Бәхз ибн Хаким былай дейді:
"Ұлы табиғин Зурара ибн Әуфа таң намазында имам болды. Ол Құран оқып жатып:
⠀
فَإِذَا نُقِرَ فِى ٱلنَّاقُورِ
فَذَٰلِكَ يَوۡمَئِذٍ يَوۡمٌ عَسِيرٌ
Өйткені күндердің күнінде (Исрафил періштенің сырнайы) «Сур» үрленгенде,
міне, сол күн өте ауыр күн болады" деген аятқа жеткенде жаны үзіліп, жерге сұлап түседі. Сонда ол кісінің табытын көтергендердің арасында мен де бар едім".
⠀
Ғұламалар:
"Құран оқығанда мұсылман кісі аяттардың мәні мен мағынасына ой жүгіртіп, пікір өрбітсін. Егер арабшаны білмейтін болса, Алланың сөзін оқып жатқанын жадында ұстасын. Ойы сан - саққа шашырап тұрған кезде аяттарды мән бермей оқыған болса, кейіннен ойын жинақтаған соң, сол аяттарды қайта оқысын" деген.
⠀
Тіпті, кейбірі ой жүгіртіп оқылған бір аят - ой жүгіртпей оқылған отыз пара Құраннан жақсырақ деген.
⠀
? Адамдармен сөйлесу үшін оқып жатқан Құранын тоқтату немесе үзу - мәкруһ. Яғни, Құранды оқып жатқан кезде адамдармен сөйлесуді Құран оқудан артық қоймау қажет. Бұл үкімді имам Байһақи мен имам Бухаридің жеткізген хадисі қуаттайды.
Хадисте:
"Ибн Омар (Алла оған разы болсын) Құран оқитын болса, қырағатынан босамайынша, ешкіммен сөйлеспесін" делінеді.
⠀
Құран оқудың сыртқы әдептері
⠀
3. Құранды дәретпен оқу
⠀
Құран оқуды қалаған адам алдымен жан дүниесін соған дайындап, сосын жақсылап дәрет алуы қажет. Өйткені ол ғибадат орындайын деп жатыр. Ал Құран оқудан асқан қасиетті әрі ұлы ғибадат жоқ. Алла елшісі дәретсіз Алланы зікір етуді ұнатпаған. Алайда пайғамбар кей жағдайларда Құранды дәретсіз оқығандықтан, оған рұқсат етіледі. Ал бойдәретсіз (жүніп), хайыз, нифас жағдайындағы кісілерге Құран оқуға тыйым салынған.
Құранды дәретсіз (мұсхапқа қол тигізбей, ұстамай) оқуға барлық ғұламалардың бірауызды келісімімен рұқсат етілген. Имам әл - Харамайн:
⠀
"Дәретсіз Құран оқыған адамға мәкруһ амал жасады делінбейді. Керісінше, абзал амалды тәрк етті деп айтылады" деген.
⠀
Егер су табылмаса, тәяммум алып Құран оқи береді.
(Құран тағылымы кітабынан)
ТЕГІН ВИКТОРИНАЛАР💝😍 :
ДЖТ каналымыз: https://t.me/djt_2025
БИОЛОГИЯ каналымыз: https://t.me/bio_ubt_2025
ГЕОГРАФИЯ каналымыз: https://t.me/geo_ubt_2025
Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
9 жылдық тәжірибе
"UBT Academy" жобасын құрушы
Last updated 3 weeks, 5 days ago
@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
? Канал - @maktubatkz
? Чат - @maktubatchat
? Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
Last updated 1 month, 3 weeks ago