OiTube💭 (aselqyzdan)

Description
“…Адам ғапыл дүниені дер менікі,
Менікі деп жүргеннің бәрі Онікі…”
Advertising
We recommend to visit

"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28

Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615

Last updated 1 month, 1 week ago

Веб-сайт: www.joqargikenes.uz
Instagram: www.instagram.com/joqargikenes.uz/
Facebook: www.fb.com/joqargikenes
Youtube: www.youtube.com/@joqargikenes

© Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңеси

Last updated 2 weeks ago

“…Адам ғапыл дүниені дер менікі,
Менікі деп жүргеннің бәрі Онікі…”

Last updated 2 days, 23 hours ago

3 days, 21 hours ago
6 days, 12 hours ago

Түсіндіре алмайтын сөздер бар. Түсінбейтін адамдар бар.

Жақсысы мен жаманы қатар жүрген дүниеде жаныңды біреудің алдына төсеп бергің келетін, бар ықыласыңмен көмектескің келетін жақындар бар. Қателігін елемейсің-ақ. Қабылдайсың, қарсыласпайсың. Қарайлайсың.

Құшақтағың келетін құрбы бар. Құшқың келетін жар бар. Сүйгің келетін сәби бар.

Олар көмек сұрамайды. Жай, сендік жүрек сүйеді…

1 week, 1 day ago

Егер біреу жайлы мақтағың келсе, “мен оны осылай деп санаймын, (танимын) бірақ анығын Алла Білуші” деп айтыңыздар.

Пайғамбарысыз с.а.с🤍

3 months ago

Жолың болмай, үнемі қиындықтарға тап болып, жылап қала берсең, не болып жатқанын түсінбей, көздерің мөлдіреп жүрген болса…Раббыңды сағынған шығарсың.

Өзің айтшы, Раббыңнан басқа кім сені емдейді? Сен қалай ойлап жүрсің? Көзіңді аш, күшіңді жина.

Әр нәрсеге өзіңді жоғалтып, қолыңды сілтей берсең, ақіретің үшін кім күреседі?

3 months ago

Өз ойыңызды Алла үшін еркін, нық, қорықпай айтып үйренгенде, жүрекке батылдық орнайды. Әйтпесе кім көрінгеннің құлы болып, жаратылғанның разылығынсыз өмір сүре алмайтын хәлге жетесіз.

“Адамдар мені қалай көріп тұр”, “Мен жайлы не ойлап тұр?” “Жоқ дегеніме ренжімеді ме екен?” деп санаңызды құр уайымға саласыз.

Бір жүрекке екі махаббат сыймайды. Жүрегіңіз Раббыңызға ғана ашылсын…

3 months ago

Құлшылықта сабыр ете алмасаңыз, намазды бітіре сала шығып кетсеңіз, дұға етуге, зікір етуге ерінсеңіз- сабырлымын деуіңіз бекер…

Өмірдегі сынақтарға, проблемаларға сабырлымын, сынбаймын деуіңіз бекер, құлшылықта сынып қалсаңыз…Тым құрығанда сабырлы мінезіңізді намаздың соңында көрсетіңіз, тұрып кетуге, әжетқанаға жүгіруге асықпаңыз, бүкіл ғибадаттарыңызды толық орындамайынша тұрмаңыз. Тұрғыңыз келіп кетсе, қамшылай беріңіз…

3 months, 1 week ago

Намазыңызды уақытылы оқыңыз, проблемаларыңыз азая бастағанын байқайсыз…

3 months, 1 week ago

Адамдардың қателіктерін есіне түсіріп, күнәсін бетіне басып, жанын тырнай бермеңіз…

Алланы шын жақсы көрсеңіз, бауырыңызды кешіріңіз, оның дертімен дерттеніңіз, бірге шешім қабылдаңыз. Бірақ таза, адал түрде, ақыға кірмей…

Ешкімді соттардың соты - Ақіретке қалдырмаңыз. Ол кезде барлығы біз ойлағаннан да ауыр болады. Фәни өмірде кең, ашық болыңыз адамдарға. Адамның орнын қашан да адам басқан…

3 months, 1 week ago

Дүниемен, адамдармен алысқанша, Алланың мол, бітпейтін қазынасымен танысыңыз, күнде беріп жатқан сан алуан нығметтерін тамашалаңыз, рақметшіл хәлде болыңыз.

“Мәңгі тірі болған Раббымның қошеметіне қалай бөленсем екен?” деп толғаныңыз, Оның сый-сыяпаты үшін ғана тырысыңыз.

Сіз бен біз секілді болған бейбақтардың қошеметін ойламаңыз, “Қалай назарын аламын?” “Қалай көрінемін?” деп… Бір жыртық бір жыртыққа жамау бола қоймас…

3 months, 1 week ago

Бүкіл жаратылысты бізге қызметші етіп жаратқан Раббымызға қандай рақмет айтып жатырмыз?

We recommend to visit

"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28

Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615

Last updated 1 month, 1 week ago

Веб-сайт: www.joqargikenes.uz
Instagram: www.instagram.com/joqargikenes.uz/
Facebook: www.fb.com/joqargikenes
Youtube: www.youtube.com/@joqargikenes

© Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңеси

Last updated 2 weeks ago

“…Адам ғапыл дүниені дер менікі,
Менікі деп жүргеннің бәрі Онікі…”

Last updated 2 days, 23 hours ago