Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.
Жалғасы👇
📖🎙🔈"Сахих әл-Жәмиғ әс-Сағир" хадистер жинағынан намаз тақырыбына арналған таңдаулы хадистерді оқу
Жалғасы
👇Жалғасы
https://t.me/menin_namazum/425
✨ Мешітте Құран оқу әрі оны бір-біріне үйрету үшін жиналатындарға берілетін төрт ұлы сый-сауап
Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі:
مَا اجْتَمَعَ قَوْمٌ فِي بَيْتٍ مِنْ بُيُوتِ اللّٰهِ، يَتْلُونَ كِتَابَ اللّٰهِ، وَيَتَدَارَسُونَهُ بَيْنَهُمْ إِلَّا نَزَلَتْ عَلَيْهِمُ السَّكِينَةُ، وَغَشِيَتْهُمُ الرَّحْمَةُ، وَحَفَّتْهُمُ المَلَائِكَةُ، وَذَكَرَهُمُ اللّٰهُ فِيمَنْ عِنْدَهُ
«Егер әлдебір адамдар Аллаһтың үйлерінің біріне жиналып Аллаһтың Кітабын оқитын және оны бір-біріне үйрететін болса, онда оларға міндетті түрде тыныштық (әс-сакийна) түседі әрі оларды (Аллаһтың) мейірімі қаптайды әрі Аллаһ (Тағала) Өзінің құзырындағы (періштелердің) алдында атап айтады».
📚 Қ-з: «Сахих әл-Жәмиғ әс-Сағир», 5509.
✨ Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан намазға арналған таңдаулы тарауларды оқып аудару
✨ Түнгі (тахажжуд) намазының қадір-қасиеті туралы бап
Айша (анамыздың), Ибн Масғудтың және Хузайфаның (Аллаһ оларға разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түнгі намазының бейне-кейіпі туралы хадистерінің түсіндірмесі.
✨ Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан намазға арналған таңдаулы тарауларды оқып аудару
✨ Түнгі (тахажжуд) намазының қадір-қасиеті туралы бап
Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Түнгі намаз екі, екі ракағат етіп оқылады, ал кім таң кіріп қоюнан қорықса, сол үтірін бір ракағат етіп оқысын", - деген және осыған мағыналас басқа хадистерінің түсіндірмесі.
✨ Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан намазға арналған таңдаулы тарауларды оқып аудару
✨ Түнгі (тахажжуд) намазының қадір-қасиеті туралы бап
Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Уа адамдар! Сәлем таратыңдар, тамақпен тамақтандырыңдар, түнде адамдар үйықтап жатқанда намаз оқыңдар - Жәннатқа есендікпен кіресіңдер", - деген хадисінің түсіндірмесі.
? Намаз оқымаудың жазасы...
Аллаһ Тағала қасиетті Құранда жәннаттықтардың тозақтықтардан тозаққа не себепті түскендерін сұрағандығы жайында хабар беріп айтады:
﴿فِی جَنَّـٰتࣲ یَتَسَاۤءَلُونَ * عَنِ ٱلۡمُجۡرِمِینَ * مَا سَلَكَكُمۡ فِی سَقَرَ * قَالُوا۟ لَمۡ نَكُ مِنَ ٱلۡمُصَلِّینَ﴾.
﴾(Жәннат тұрғындары) Жәннаттарда күнәхарлар жайында сұрасады. Сөйтіп олар (тозақтағылардан): "Сендерді тозаққа не кіргізді?",- деп сұрайды. Сонда олар: "Біз намаз оқымайтындардан болған едік",- дейді﴿.
Муддәссир сүресі, 40-43 аяттар.
Абдуллаһ ибн ‘Амрден (Аллаһ әкесі екеуінен разы болсын) жеткен хадисте Аллаһ елшісі ﷺ бес уақыт намаз жайында сөз қозғап, соңында былай деп айтқан:
عَنْ عَبْدِ الله بْنِ عَمْرٍو، عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى الله عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، أَنَّهُ ذَكَرَ الصَّلَاةَ يَوْمًا، فَقَالَ: مَنْ حَافَظَ عَلَيْهَا كَانَتْ لَهُ نُورًا، وَبُرْهَانًا، وَنَجَاةً يَوْمَ الْقِيَامَةِ، وَمَنْ لَمْ يُحَافِظْ عَلَيْهَا لَمْ يَكُنْ لَهُ نُورٌ، وَلَا بُرْهَانٌ، وَلَا نَجَاةٌ، وَكَانَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ مَعَ قَارُونَ وَفِرْعَوْنَ وَهَامَانَ وَأُبَيِّ بْنِ خَلَفٍ.
«Кімде кім осы бес уақыт намазға мән беріп, сақтық танытып, толық орындаса, онда бұл намаз оған қияметте нұр, (жәннатқа кіруіне) әрі тозақтан құтылуына бір құжат болып қайтады. Ал, кімде кім оған немқұрайлы қарап, ақыларын толық орындамаса (немесе оны оқымайтын болса), онда бұл намаз оған қияметте нұр да, құжат та, құтылу да болмайды. Сондай-ақ, ол адам қиямет күні Перғауынмен, Һаманмен, Қарунмен және Убей ибн Холәфпен бірге тірілетін әрі тозақта жанатын болады».
? Ахмад; (6576), Дәрими; (2763).
Имам Ибн Баз (рахимаһуллаһ) осы хадиске келесідей керемет түсіндірме беріп кеткен екен:
Бұл – намазға жеңіл қарап, оны оқымай жүргендерге қатысты айтылған өте қорқынышты хадис. Осы хадисті ғұламалар келесідей түсірдірген екен:
Біріншіден: Егер кімде кім намазды басшылығы мен билігі және патшалығы себепті тастап қойса, онда ол адам басшылығы мен билігі және патшалығы себепті иман келтіруден бас тартып, шектен қатты шыққан Перғауынға ұқсаған болып, онымен бірге тозақта жанатын болады.
Екіншіден: Егер кімде кім намазды уәзірлік қызметі (министірлік, депутаттық, лауазымдық немесе басқа да қызметтер) мен мансабы себепті тастайтын болса, онда ол адам уәзірлік қызметі мен мансабы себепті иман келтіруден бас тартқан Перғауынның уәзірі – Һаманға ұқсаған болып, онымен бірге тозақта жанатын болады.
Үшіншіден: Егер кімде-кім намазды байлығы мен дүниесі және мүлкі себепті тастайтын болса, онда ол адам байлығы мен дүниесі себепті иман келтіруден бас тартқан Қарунға ұқсаған болып, онымен бірге тозақта жанатын болады.
Төртіншіден: Ал, егер кімде кім намазды сауда-саттық немесе бір кәсіп себепті тастаса, онда ол адам сауда-саттық пен кәсіп себепті иман келтіруден бас тартып, Аллаһ елшісіне ﷺ қарсы шыққан Убей ибн Холәфқа ұқсаған болып, онымен бірге тозақта жанатын болады.
? Әл-Фатауа; (10/245). [Қысқартылып алынған].
✨ Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан таңдаулы тарауларды оқып аудару
✨Жұма күнінің қадір-қасиеті және осы күнге қатысты нәрселер туралы бап
Осы баптағы Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Күн шыққан күндердің ішіндегі ең жақсысы жұма күні, онда Адам (ата) жаратылды, сол күні ол Жәннатқа кіргізілді және сол күні олан шығарылды", - деген хадисі (Муслим).
✨ Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан таңдаулы тарауларды оқып аудару
✨Жұма күнінің қадір-қасиеті, жұма намазына қатысудың және осы намаздан бұрын ғұсыл алудың міндеттілігі, ол үшін өзіңе хош иіс жағудың және оған ертерек келудің сауаптылығы және жұма күні Аллаһқа қандай дұғалармен жалбарыну керектігі, әрі осы күні Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қандай салауаттар айту қажеттігі, сондай-ақ қандай уақытта дұға қабыл болатындығын түсіндіру және жұма намаздан кейін Аллаһты көп зікір ету керек екендігі туралы бап
Аллаһ Тағала былай деді: «Ал намаз аяқталған соң, жер бетіне тараңдар да, Аллаһтың нығметтерін іздеңдер әрі жетістікке жетулерің үшін Аллаһты көп зікір етіңдер» (“әл-Жумуға” сүресі, 10-аят).
✨ Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан намаз тақырыбына арналған таңдаулы тарауларды оқып аудару
✨ Үтір намазының артықшылығы және оның уақыты және ракағаттарының саны туралы бап.
1-бөлім
Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.