Үшбу хат

Description
Сезім, гендер жəне драма эпистолярлық жанрда
Advertising
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.

5 years, 7 months ago

Қадірлі Д. Сіздің тілектеріңіздің орындалғаны қуантты. Тіпті соңғы рет вокзалда қоштасып тұрып жылағаныма ұялып кеттім. Сол кезде қимастықтан гөрі алаңдаушылық басым болған еді. Сіз туған жеріңізді сағынып, көңіліңіз алып-ұшып тұрды. Жүрегіңіз толған махаббаттың жауабы бола ма, сіздің ақ көңіл, пәк пейіліңіз самарқау түсінбестікке соғылып мұқалмай ма, мен сияқты сізді түсініп, жақсы көретін адам бола ма деген ойлар бар еді. Бекер алаңдаппын. Жақсы көрсең - босат деуші еді ғой. Жақсы көремін сізді. Әлеуметтік желіден жадыраған жүзіңізді жиі көремін. Босаттым сізді.

5 years, 7 months ago

Қымбатты С. Соңғы кезде туған жеріме кету туралы ой көп келіп жүр. Тұрып жатқан қалам тек материалдық тұрғыда ғана ұстап тұрған секілді мені. Тек сол ғана. Ал, туған қаламда көбірек бақытты болатын секілдімін. Бұрынғыдай риясыз күлетін секілдімін. Ұмытқан…

6 years, 1 month ago

Бұл менің алғашқы махаббатым емес. Соңғы емес деп үміттенемін. Бірақ ендігәрі сүюге ниетім болғанымен, мүмкіндігім келмейтін сияқты. Барынша сақтауға тырыстым. Бірақ уысымнан сусып аққан судың тамшылары ғана қалды. Оның өзі кеуіп, алақанымдағы сызықтарда ғана ылғалы қалған сияқты. Содан да өкінішті. Сезім, махаббат, жұп, отбасы үшін тек тірі адам мен әлеуметтік-заңи қатынастар жеткіліксіз. Жалыны өшіп, қызарған шоқтары көмескілене бастаған күл сияқтымын... Айтыңызшы бәрі жақсы болады деп...

6 years, 1 month ago

Не жаңалық? Вокзал. Сағыныш. Күнделікті күйбең тірлік. Жалғыздық. Сағыныш. Кездейсоқ таныстық. Үміт. Ғашықсыздық. Жалғыздық. Сағыныш. Күйбең тірлік. Сәлеммен С.А.

6 years, 1 month ago

Қымбатты С. Соңғы кезде туған жеріме кету туралы ой көп келіп жүр. Тұрып жатқан қалам тек материалдық тұрғыда ғана ұстап тұрған секілді мені. Тек сол ғана. Ал, туған қаламда көбірек бақытты болатын секілдімін. Бұрынғыдай риясыз күлетін секілдімін. Ұмытқан…

6 years, 1 month ago

Амансыз ба?!
Ол кісінің ондай тренингтен өтпегеніне бек сенімдімін.
Ыдыс туралы жақсы айттыңыз. Жаратылысым солай ма, сол ыдыс үнемі толып тұрады екен :)
Жұмыспен алмастыру қажет шығар. Үнемі жабырқаулы да қабағы қату, суық қаладағы өмірден соң мұнда келіп, бір ағытылған да шығар мүмкін. Жә, өмір көрсетер.
Сізде не болып жатыр, құрметтім?

6 years, 1 month ago

Құрметті Д.А.
Адам жүрегі ыдыс сияқты елестейді өзіме. Ешқашан бос болмайды. Кейде махаббатқа толы болса, махаббаты суалған соң орнын басқа адами сезімдер басуы мүмкін. Біреуде адами, біреуде пендеуи. Сізді бекерге жақсы көрмеймін ғой. Осындай болмысыңыз үшін. Әлсізге қамқорлық жасауға бейімділік еркектерге тән. Кейде әйелдер мұны пайдаланып та жатады ? Білсеңіз ғой "Еркектерді қалай қолға түсіру керек" деген тренингтерде не айтатынын)))
Бірақ әлгі сезіміңіз уақытша деп үміттенемін. Әлде қызғаныш па бұл...

6 years, 1 month ago

Құрметті С.А.
Жиырма күннен бері ғана таныс, тіпті жақсы танымайтын да адамға шын ниетпен беріліп, шын көмектескің келіп, өз өміріңе кіргізгің келетін сезімді не деп атайды?!
Жоқ, махаббат емес, махаббат уақытпен сыналғанда ғана махаббат болады. Қамқорлық деуге де келмейді. Бір, қызық сезім өзі.
Өткергенсіз ба осындайды?

6 years, 8 months ago

Сəлем.Д.А.
Оңтүстіктегі бала туралы айтпаған, ойламаған адам жоқ шығар. Осы дүрбелең басында жұрттың бəрі "анасы қайда! Не қарап жүр?" деп ашуланды. Əкесі туралы тым-тырыс. Əкесі қайда еді деген сөз естімедім. Қалай ол сонда? Бала ғана емес, ана, жар да емес, қоғамның өзі əке рөлін сызып тастады ма? Сəлеммен С.А.

6 years, 8 months ago

С.А.
Сезім, махаббат дегеннің соңы - жыныстық қатынас емес па енді. Əйелдер драмаға тым құмар.
Қарапайым инстинктті сақтап қалған еркектер ғана ау деймін.

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.