Абылай Кенжалы

Description
Талқы, ойлар, шолу, аударма
Advertising
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 3 weeks, 6 days ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 7 months ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months ago

1 week ago

Бұрын бір сөз оқыған едім:

«Ең шебер оқырман – кітап авторының кітапта жазғысы келіп, бірақ жазбай кеткен сөздерін де түсінеді».

Ең шебер тыңдарман да сол. Сөйлеуші айтқысы келіп, бірақ айтпай кеткен сөздерін де түсінеді.

Бұл ғылым – адамды түсіну ғылымы.

1 week ago

Айтылып жатқан сөздерді түсінетіндер көп. Айтып жатқан адамды түсінетіндер аз.

1 week, 1 day ago

– Қанша уақыттан бері намаз оқып, дұға қылып, жақсы адам болғым келсем де көп ашулана беремін. Не істесем болады?

– Барлық нәрсені руханияттан табу кейде мүмкін емес. Ағзаңа да көңіл бөл. Нутрициолог секілді дәрігерлерге көрін. Бәлкім магний секілді витаминдер жетіспейтін шығар)

2 weeks ago

Нені күтіп жүрсің?!

Пайғамбарымыздың ‎ﷺ мына бір хадисіне назар аударыңыз:

«Бастарыңа 7 түрлі бәле келмей тұрғанда салиқалы амал-әрекеттеріңді жасауға асығыңдар.

Әлде салиқалы амалдарды ұмыттыратын кедейлікті күтіп жүрсіңдер ме?!

Әлде сендерді азғындыққа итермелейтін байлықты күтіп жүрсіңдер ме?!

Әлде сендердің ағзаларыңды құртатын ауруды күтіп жүрсіңдер ме?!

Әлде қаусаған кәрілікті күтіп жүрсіңдер ме?!

Әлде аяқ-асты келе қалатын өлімді күтіп жүрсіңдер ме?!

Әлде жаманшылықтың бастауы дәжжәлді күтіп жүрсіңдер ме?!

Әлде қиямет сағатын күтіп жүрсіңдер ме?!

Әлбетте, қиямет сағаты одан да ауыр…»

(сунан әт-Термизи)

2 weeks ago

Бірнәрсе күтпесе өмірінен мән таба алмай кететін адамдар көп. Қазіргі өмірінің басты мәні – келесі айдағы чемпионат, финал, екі боксердің сайысы және т.б.

Келесі айға дейінгі өміріндегі басты мән сол.

– Не істеп жүрсің?

– Сол бір матчты күтіп жүрмін.

Оған дейінгі өміріңде еш мән жоқ па сонда…

2 weeks ago

Өмір бойы тек тұтынушы болып өтіп кетпе. Жаңа фильм қашан шығады, жаңа сериясын асыға күтіп жүрмін, жаңа киім коллекциясына аз қалды, жаңа тренд қашан шығады екен деп әйтеуір болмашы бірнәрсе күтіп өмірің босқа өтіп кетпесін.

Тек тұтынушы емес, өндіруші болуға да талпын.

2 months, 2 weeks ago

Аллаһумма солли уә сәллим уә бәрик ғәлә Мухаммад 🤍

اللهم صل وسلم وبارك على محمد

2 months, 2 weeks ago

«Рамазанның бірінші күні рамазан өте ұзақ секілді көрініп, 1 ай оразаны қалайша ұстайтыныңды ойлай бастайсың.

Бірақ рамазанға қазір қарасаң, құдды бір рамазан – 1 сағат ішінде өте шыққандай».

©️ Али әт-Тантауи жазбалары

Рамазанның соңғы күндерін дұға, садақа, құлшылық пен құранға арнайық. Расында, амалдар – соңына қарай бағаланады.

2 months, 2 weeks ago

«Әй, бүкіл өмірін босқа өткізіп алған бауырым. Өміріңнің босқа өткен кезеңін қадір түнімен толтыр. Расында, қадір түні – бір ғұмырға тең».

©️Ибн Рәжәб әл-Ханбали (рахимаһулла)

4 months, 2 weeks ago

Еркектердің ең жақсысы — ашуы жай келіп, тез тарқайтыны. Ал ең жаманы — ашуы тез келіп, жай тарқайтыны.

📚 Хадис. Суюти.

We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 3 weeks, 6 days ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 7 months ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months ago