Körkem Angime🎙

Description
Ер адамдарға кіруге болмайды ❌

Қыздардың тұлғалық және рухани дамуына арналған канал🌸

Подкаст • Эфирлер • Марафон

Канал админі: @aqguli
Advertising
We recommend to visit

Телеграм канал журналиста Рамины Эсхакзай.
Мій Instagram : https://www.instagram.com/raminalalala
Резерв: https://instagram.com/raminalalala_here
FACEBOOK: https://www.facebook.com/ramina.eskhakzaj
Реклама: @coop_ramina
PR: @kateryna_khotieieva

Last updated 5 days, 17 hours ago

🥧Татар һәм рус телендәге рецептлар (рецепты)
📌файдалы киңәшләр (полезные советы)
✍️язмалар (истории)
📜шигырьләр (стихи)

📢реклама

Сораулар яки реклама буенча (сотрудничество) - @elvira_admin

Отзывы: https://t.me/kirakle_torkem_otzivi

Last updated 1 month ago

2 weeks, 2 days ago

Әйелдердің қорқатын бір нәрсесі қарттық екен.

Қартаюдан қорыққан әйел тек сыртын әдемілеуге көңіл бөледі. Жасанды сұлулық жас келгенде сыр береді.

Жүрегі иманға, кеудесі құндылыққа толған адамның жаны ешқашан қартаймайды.

Сыртқы бейнеңді емес, ішкі жан дүниеңді байытуға тырыс, аруым🌷**

1 month, 3 weeks ago

АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН🥳

Осы Рамазанды аман-есен өткізіп айтқа жеткізген Аллаға мақтаулар болсын!

Келіп жеткен Ораза айт баршамызға құтты болсын**

Рамазанда тілеген дұғаларымыз, жасаған амалдарымыз қабыл болсын. Қате-кемшіліктерімізді Алла кешіріп, өзінің Жәннатын нәсіп етсін!

Елімізде болып жатқан барлық жағдайларға Алла жеңілдік пен есендік берсін!

Баршаңызға Алланың игілігі мен сәлемі болсын🙌🏻

1 month, 3 weeks ago

ҚАДІР ТҮНІН ҚАЛАЙ ӨТКІЗЕМІЗ?

*Мың айдан да қайырлы Қадір түні қабыл болсын!

Рамазан айының ең қасиетті түніне аман-есен жеткізген Аллаға шүкір!*

Бұл түн - Алла үшін ғибадат ететін түн. Әркім шамасы келгенше намаз, Құран оқып, зікір, истиғфар айтумен бұл түнді өткізеді.

Мына зікірлерді айтсаңыз абзал⬇️

🔻Кешірім тілеп, тәубе ету

"Әстағфируллаһ уә әтубу иләйһ" деп айт
أسْتَغْفِرُ اللَّهَ وَأتُوبُ إلَيهِ

~Алладан кешірім тілеп, Оған тәубе етемін~

🔻Жәннатты сұрап, тозақтан сыйыну

"Аллаһумма инни әс-әлукәл жәннәтә уә а'узу бикә минән-нәр" деп айт

اللَّهمَّ إنِّي أسألُكَ الجنَّةَ، وأَعوذُ بِكَ منَ النَّارِ

~ Я, Алла! Сенен жәннатты сұраймын, әрі тозақ отынан Өзіңе сыйынамын ~

*🔻*Қадір түні оқитын дұға

«Аллаһуммә иннәкә Ъафуун, тухиббул-ъафуа фаъфу-ъанни»**

«Я, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!»

Алла тілеген барлық дұға- тілектерімізді қабыл етсін!

1 month, 3 weeks ago

ҚАДІР ТҮНІ ОҚИТЫН ДҰҒА

Айша анамыз (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Алла Елшісі, егер мен Қадір түнінің басталғаны туралы білсем, не айтуым керек?» ‒ деп сұрайды. Бұған Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Аллаһуммә иннәкә Ъафуун, тухиббул-ъафуа фаъфу-ъанни» деп айт деп үйретеді.

Мағынасы: «Я, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!»

اللَّهُمَّ إِنَّكَ عُفُوٌّ تُحِبُّ الْعَفْوَ فَاعْفُ عَنِّي

@eskertushii

1 month, 4 weeks ago

Бүгін рамазанның 25-ші тақ түні. Қадір түні болуы ықтималдығы жоғары.

اللهم إنك عفو تحب العفو فاعف عنا

“Аллаһумма иннәкә ғәфуун, тухиббул ғәфуа, фәғфу ғәннә”.

Аллаһым, Сен кешірімдісің әрі кешіргенді жақсы көресің. Бізді кешіре гөр!

Осы дұғаны көп айтыңыз…

2 months ago
2 months, 2 weeks ago

“Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым”

Ауызашар дұғасындағы осы сөзге мән беріңізші. Барлық ризық тек Алладан. Алла берген ризықтан ғана ішіп-жейміз.

Бүгін аузымды жұмыстан ашатын болдым. Өзіммен құрма алып шықпаған едім. Бірақ сүннетке сай болсын деп ауызашарда құрма жегім келді.

Алланың қалауымен, оқушым Рамазан айына сыйлық деп құрма әкеп беріп тұр. Сол құрмамен аузымды ашу нәсіп болыпты.

Алланың ондай ризық дайындап қойғанын білмедім. Ауыз ашарда дұға етіп отырып “сенің берген ризығыңмен аузымды аштым” деген сөздерге тағы ой жүгірттім.

Содан түйген ойларымды осылай жазып қалдырайын дедім.

2 months, 2 weeks ago
2 months, 2 weeks ago
2 months, 3 weeks ago

Тіркелу 15 наурызға дейін❗️❗️❗️

We recommend to visit

Телеграм канал журналиста Рамины Эсхакзай.
Мій Instagram : https://www.instagram.com/raminalalala
Резерв: https://instagram.com/raminalalala_here
FACEBOOK: https://www.facebook.com/ramina.eskhakzaj
Реклама: @coop_ramina
PR: @kateryna_khotieieva

Last updated 5 days, 17 hours ago

🥧Татар һәм рус телендәге рецептлар (рецепты)
📌файдалы киңәшләр (полезные советы)
✍️язмалар (истории)
📜шигырьләр (стихи)

📢реклама

Сораулар яки реклама буенча (сотрудничество) - @elvira_admin

Отзывы: https://t.me/kirakle_torkem_otzivi

Last updated 1 month ago