Infinite Entertainment, Zero Cost: Get Your Free Books, Music, and Videos Today!

PARANOIA.KZ

Description
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Advertising
We recommend to visit

Last updated 1 month ago

Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК

Last updated 1 month ago

ҰЗТАЗ ЕРЛАН АҚАТАЕВ....
✅Құран тәпсірі: @kuran_mugzhiza_tapsir

✅Сира дәріс: @erlan_akataev_sira

Last updated 1 month ago

3 days, 13 hours ago

Финляндия Сыртқы істер министрі Элина Валтонен: “Финляндия Украинаға берген қаруына қатысты шектеу қоймайды, алайда ол қару халықаралық құқықтарға сай қолданылады деп сенеді. Ресей Украина жерінде заңсыз, агрессиялық соғыс жүргізуде. Демек, Украина БҰҰ жарғысының 51-бабына сәйкес қорғануға толық құқылы. Яғни, ол бойынша агрессор елдің аумағындағы әскери нысандарды да соққылауға болады деген сөз”, - дейді.

3 days, 14 hours ago

Washington Post: Байден Украинаға орта қашықтықтағы қарумен Ресей жеріне соққы жасауға рұқсат етуді ойластыруда. Бұл АҚШ-тың Ресейге жауабы мен Қытайдың Ресейді қару беріп қолдауына қатысты шешімі болуы ықтимал.

4 days, 10 hours ago

*‼️Ресей президент бүгін Украинадағы соғыс тақырыбында біраз сөйледі. Сөйлегенде бүйдеді:*

▪️Украина Конституциясының 11-ші бабы бар. Онда президенттің өкілеттілік мерзімі өткен соң, билік тізгіні уақытша Парламент спикеріне беріледі. Ал соғыс жағдайында Парламент спикерінің уақытша өкілеттілігі ұзартылады деп жазылған;
▪️Украинадағы билік құрылымы президенттік емес, парламенттік құрылымға негізделген. Конституция мен барлық құқықтық актілер мемлекеттік басқару жүйесінің парламенттік республика концепциясына негізделгенін дәлелдейді;
▪️Қазір Украинадағы жалғыз легитимді билік – Рада спикері;
НАТО мемлекеттері Ресейге соққы беру туралы сөйлерден бұрын, отпен ойнайтынын түсінуі тиіс;
▪️Қазір барлығы Харьковке шабуыл төңірегінде өрбіп жатыр ғой. НАТО елдерінің өзі бізді Харьковке шабуылдауға итермеледі;
▪️Олар жағдайды ушықтыра берсе, салдары оңай болмайды;
▪️Украинада жалдамалы жендеттер бар, олар туралы біз білеміз;
▪️Украинаға беріліп жатқан жоғары дәлдікті қарулардың техникалық күтіміне кім жауапты? Әрине, инструктор кейіпіндегі жалдамалы жендеттер;
▪️Егер Еуропалық контингент Украинаға поляктармен бірге кіретін болса, басқалары кетеді де, поляктар кетпей қояды;
▪️Мейлі, Украинада кімнің әскері жүрмесін, біз өзіміз үшін қалай дұрыс деп есептейміз, солай жасаймыз;
▪️Ресей қандай да бір конференцияларға қатысуға қатысты жауабымыз жоқ. Себебі, не талқылайтыны түсініксіз;
▪️Украина енді майдан даласында өзгеріс жасай алмайды. Олар неғұрлым қарсылық көрсетсе, соғұрлым шығыны да көп болады.

Ал бұған не дейсіздер?

1 week, 3 days ago

BILD: Иранның барлау қызметі президент Раисиді іздеу операциясына қатысқан Түркия дронына қатысты алаңдаушылық танытуда. Дрон арнайы түнде көру құрылғыларымен және жоғары сапада фото-видео түсіру құрылғыларымен жабдықталған еді. Иранның барлау қызметі дрон Иран аумағындағы әскери нысандар жайлы ақпарат жинауы мүмкін деп қауіптенуде. Дрон іздеу операциясына бірнеше сағат бойы қатысып, Иранның бірнеше аймағының үстінен ұшып өткен.

1 week, 3 days ago

**Reuters: Ұлыбритания Қытайдың Ресейге қару бергені, оны Ресей Украинада қолданғаны жайлы дәлелдер барын айтты. Лондон барлау қызметі анықтаған ақпараттарды жариялауға дайын. Бұл туралы Ұлыбританияның қорғаныс министрі Грант Шэппс мәлімдеді.

Осы уақытқа дейін Қытайдың Ресейге көмек бергені айтылған еді. Ол түрлі бөлшектер түрінде берілген болатын. Алайда қару түрінде көмек берілгендігі жайлы бірінші мәрте айтылуда.**

1 week, 3 days ago

Саакашвили: “2008 жылы Ресей әскері Тбилисидің қақпасында тұрған сәтте мен еліміздің тәуелсіздігі үшін қатты алаңдаған жоқпын, өйткені грузин халқы бірлікте еді, ал әлем бізді қолдады. Қазір біз әлемнен бөлініп барамыз, бізді бөлшектеп тастағысы келетіндер бар”, - дейді.

Ол бұл сөзін онлайн сот барысында айтты. Саакашвилидің сөзі “шетелдік агент” заңына қатысты еді.

2 weeks, 3 days ago

Словакия ІІМ-лігі: Премьер Роберт Фицоға ота жасалды, жағдайы ауыр.

2 weeks, 3 days ago

Ресей СІМ орынбасары сөйледі, сөйлегенде бүй деді:

- Ресей қорғайды, ал Батыс алдайды!

- Ресей ОА елдері үшін баламасыз ең сенімді серіктес!

Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5408

mezgil.kz

Михаил Галузин: Орталық Азияны Ресей қорғайды, ал Батыс алдайды!

Ресейдің Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин «Валдай» клубының аясынд

Ресей СІМ орынбасары сөйледі, сөйлегенде бүй деді:
2 weeks, 3 days ago

Тілші: Қазақстандықтардың арасында ҰҚШҰ-ға (ОДКБ) мүше болуды қолдамайтындар бар?

Депутат Дәулет Тұрлыханов: “Әр адамның өз ойы бар ғой. Мен Біздің ОДКБ мүшесі болғанымызды қолдаймын. Неге дейсіз бе? Бұл өте ұзақ әңгіме. Мен КСРО заманында өстім, қандай жамандық болды? Осындай геосаяси қиын сәттерде біз бірге болуымыз керек. Бұрынғы КСРО-ның құрамындағы Орталық Азия елдерін айтамын. Бұндай уақытта барлық халық бірлікте болғаны жөн”, - дейді.

2 months, 2 weeks ago
ДДСҰ: Газа аймағындағы жағдай апаттық деңгейге …

ДДСҰ: Газа аймағындағы жағдай апаттық деңгейге жетті. Үздіксіз жалғасқан ұрыс қимылдары салдарынан халықты азық-түлікпен, медицинамен қамтамасыз етудің қиындығы артуда. Жараланғандардың басым бөлігі мүгедек болып қалу қаупі бар. Ал халық ішінде түрлі ауру тарауда. Босқындар бір аймаққа шоғырланғандықтан түрлі індет жұғу фактісі артқан. Жақын аралықта Газада індеттен көз жұматындар саны соғыста көз жұмғандардан еселеп көп болуы мүмкін. Біз дереу арада ұрыс қимылдарын тоқтатып, тараптарды атысты тоқтатуға шақырамыз. Гуманитарлық дәліз ашуды сұрап отырмыз.

We recommend to visit

Last updated 1 month ago

Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК

Last updated 1 month ago

ҰЗТАЗ ЕРЛАН АҚАТАЕВ....
✅Құран тәпсірі: @kuran_mugzhiza_tapsir

✅Сира дәріс: @erlan_akataev_sira

Last updated 1 month ago