Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

Azattyq - Азаттық

Description
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Advertising
We recommend to visit

Отдел образования Караганды

Last updated 2 months ago

Сизде Коррупция менен байланыслы мүрәжатлар болса (мүрәжатлар анық ҳәм тийкарлы жазылыўы керек) @QRKQGAK_bot силтемеси арқалы жазыўыңызға болады.

Last updated 3 weeks, 6 days ago

Қазақша дыбыстама🎙️🇰🇿

Last updated 4 days, 19 hours ago

4 days, 10 hours ago

📹 Утилалымға қарсы петиция авторлары жиынға өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қатыспады дейді
"Шенеуніктер нақты сұрақтарымызға жауап бере алмады, дайындықсыз келген. Сонда біз ойнауға келдік пе? Бұл халықтың нақты талабы болатын" дейді Санжар Боқаев.

Петиция авторларының сөзінше, министрлік жиынды видеоға түсіріп, оны ертең жіберетінін айтқан. "Видеоны кесіп-кесіп беруі мүмкін деген күмәніміз бар" деді утилалымға наразы топ өкілі.

Министрлік ғимараты маңында полицейлер көп жүрді.

t.me/azattyq

4 days, 10 hours ago

⚡️ Утилалымға наразы топ өкілдері осы алымға қатысты петицияның алғашқы жиыннан шығып кетті

Олар "үш сағат кеңесіп, петиция бойынша келісе алмағанын" айтты.

Петицияны қараған үкіметтік комиссия талапты қабылдамаған. Осыдан соң петиция авторлары наразылық білдіріп жиыннан шығып кеткен. Петиция авторлары қатарында утилалым мәселесін көтеріп жүрген Санжар Боқаев бар.

Утилалымға қарсы топ утилалым мен алғашқы жарнаны алып тастауды я бағасын түсіруді талап еткен еді.

t.me/azattyq

4 days, 12 hours ago
*****💬***** **Армения Беларусьтегі елшісін Ереванға кеңесуге …

*💬 *Армения Беларусьтегі елшісін Ереванға кеңесуге шақырды

Мұның алдында Армения премьер-министрі Никол Пашинян Александр Лукашенко билікте отырғанда Беларуське ешқашан бармайтынын айтқан. Пашинян бұған Лукашенконың соғыс жайлы айтқан мәлімдемесі себеп болды деп мәлімдеді.

Былтыр Әзербайжан cоғыс арқылы Армениядан Таулы Қарабақты толық бақылауға алған. Мамырдың аяғында Бакуге барған Лукашенко Әзербайжанның Қарабақтағы соғысын "азаттық үшін" деп атады.

Пашинян Арменияның ҰҚШҰ құрамынан шығу туралы шешіміне Лукашенконың Таулы Қарабақтағы соғыс жөнінде айтқан ұстанымы түрткі болды деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

1 week, 5 days ago
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемнің 4-ракеткасы) …

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемнің 4-ракеткасы) Парижде өтіп жатқан Roland Garros турнирінің ширек финалында италиялық Жасмин Паолинадан жеңілді - 2:6, 6:4, 4:6.

Осылайша ол жарыстың жартылай финалына шыға алмады. 48 рет допты тордан асыра алмай қателік (unforced errors) жіберді.

t.me/azattyq

1 week, 5 days ago
*****🗣***** **5 маусымда мәжіліс депутаттары букмекерлік …

*🗣 *5 маусымда мәжіліс депутаттары букмекерлік кеңселерді жарнамалауға тыйым салатын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Ойын бизнесі туралы заңға сәйкес, ғимараттарға, құрылыс қоршауларына, көліктерге букмекерлік кеңсе мен лотерея жарнамасын ілуге болмайды. Бұқаралық ақпарат құралдарында, кино мен видеода, анықтама қызметтерінде де оларды жарнамалауға тыйым салынады.

🔸 Бірақ букмекерлік кеңсе орналасқан жерде, спорт ғимараттары ішінде, спортшы жабдықтарында, спорт туралы теле-, радиоарналар эфирінде, спорт тақырыбын қозғайтын интернет-ресурстарда әлгіндей жарнамаға рұқсат етіледі.

Қазақстандық телеарналар халықаралық спорт жарыстарын тікелей эфирде көрсеткенде букмекерлік кеңсе мен ұтыс ойынын жарнамалай алады.

🔸 Заң ұялы байланыс операторларына электронды казино, онлайн-казино, құмар ойындар мен бәс тігу жарнамасы бар хабарламаларды жіберуге тыйым салады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

1 week, 5 days ago

*🗣 *Словения Палестинаны тәуелсіз ел деп мойындаған БҰҰ-дағы 147-ші, Еуроодақтағы 10-мемлекет атанды

Дауыс беруге парламенттің 53 депутаты қатысқан, оның 52-сі шешімді қолдаған, қарсы дауыс бергендер болмады.

Словения радиосы парламент күн тәртібіндегі мәселені дауысқа салар алдында ұзақ талқылады деп хабарлады. Оппозициялық Словения демократиялық партиясы (СДП) "Палестинаны мойындау ХАМАС террористік ұйымын қолдаумен тең" деп мәлімдеді. Олар бұл мәселеге байланысты консультативті референдум өткізуді ұсынды.

Мемлекеттік жиналыс оппозициялық партияның ұсынысын қабылдамады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

2 months, 2 weeks ago
***🔴*** **Су тасқыны кезіндегі коммуникация: ақпарат …

🔴 Су тасқыны кезіндегі коммуникация: ақпарат министрінің ескертуі орынды ма?

Қазақстанда елді мекендерді су алып, президент Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты тұлғалармен шұғыл жиын өткізген тұста ақпарат министрі Аида Балаева жұртты жалған жақпарат таратпауға шақырып, ондай адам "жауапқа тартылады" деді. Министрдің бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде сынға қалды. Шенеунік сөзін журналистер де құптамады.

ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов де төтенше жағдай министрлігі таратқан ақпараттың сапасына көңілі толмағанын айтады.

*🗣 "Төтенше жағдайлар министрлігі тек өздері қандай жұмыс атқарғанын ғана хабарлайды, бірақ халыққа қай жерде қауіп барын, қандай жағдайға дайындалу қажет екенін айтпайды. Қандай жұмыс істеліп жатқанын сол жердегі халық онсыз да көріп отыр ғой. Басқа жақтағы адамдар не істеуі керек? Мүмкін малын түгендеп, бір жерге шығаруы керек болар, мүмкін киім-кешегін, мүмкін құжатын дайындауы қажет шығар. Мұндай ақпаратты байқамадым"* дейді ол.

Саясаттанушы Димаш Әлжанов төтенше жағдай кезінде биліктің халықты дер кезінде ақпараттандыра алмауын орталықтандырылған билік жүйесімен байланыстырады. Оның сөзінше, облыс және жауапты орган басшылары кәсібилігіне қарай емес, жүйеге адалдығына қарай тағайындалады.

*🗣 "Бұл жерде министр Аида Балаеваның "жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады" деген мәлімдемесі қисынсыз. Ол халықтың наразылығын басып, мемлекет басқарудағы президенттің сәтсіздіктерін жасырудың амалы. Себебі, заң бойынша әкімдер тікелей президенттің өкілдері. Қоғамдық пікір, блогерлер мен журналистерге осылай қысым жасау арқылы халықтың наразылығын басудан өзге Тоқаев тарапында түсінікті стратегия жоқ сияқты"* деді Димаш Әлжанов Азаттыққа.

*🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз*

❤️Азаттыққа жазылыңыз

2 months, 2 weeks ago

*💬 *Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті Наурыз мейрамын тойлап жатқан күндері Душанбеде теракт жасамақ болды деген күдікпен 20-ға жуық адамды ұстады

Бұл жөнінде Озоди радиосы хабарлады.

🔸 29 наурызда "Азия-Плюс" медиа тобы және Reuters дереккөздерге сүйене отырып, "Крокустағы" терактіге қатысы бар деген күдікке ілінген 9 адам ұсталғанын хабарлаған. Ресми орындар бұған түсініктеме бермеді.

🔸 Ақпаратқа қарағанда, күдіктілер — Вахдат, Рогун және Нүрек қалаларының тұрғындары, бәрі Наурыз мерекесі алдында ұсталған.

Қамалғандар арасында жасы кәмелетке толмағандар да бары айтылады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

2 months, 2 weeks ago
***🗣*** **Стамбулда жөндеу жұмысы жүріп жатқан …

🗣 Стамбулда жөндеу жұмысы жүріп жатқан түнгі клубтағы өрттен 30-ға жуық адам қаза болды

Стамбул губернаторы Давут Гүлдің айтуынша, өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 12:47-де 16 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде басталған. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан клуб жертөленің екі қабатында орналасқан.

Кейінгі мәлімет бойынша, өрттен көз жұмғандардың бәрі жұмысшы болған.

Түрік ақпарат құралдарының жазуынша, өртке байланысты алты адам ұсталған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

4 months, 2 weeks ago

Зерттеушілер Украинада 43,5 мың ресейлік әскери қызметкер қаза болғанын растады
Адам шығынын BBC-дің Орыс қызметі мен "Медиазона" еріктілермен бірігіп анықтады.

Қаза болғандардың 8099-ы – түрмеден соғысқа әкетілген бұрынғы тұтқындар, 5216 адам - мобилизацияға ұшырағандар.

Кейінгі екі аптада тізімге жаңадан 1176 адам қосылды, 15-і – подполковник және одан да жоғары шенділер.

t.me/azattyq

We recommend to visit

Отдел образования Караганды

Last updated 2 months ago

Сизде Коррупция менен байланыслы мүрәжатлар болса (мүрәжатлар анық ҳәм тийкарлы жазылыўы керек) @QRKQGAK_bot силтемеси арқалы жазыўыңызға болады.

Last updated 3 weeks, 6 days ago

Қазақша дыбыстама🎙️🇰🇿

Last updated 4 days, 19 hours ago