men❤️‍🩹

Description
оқшау ой.
санаға салмақ салар сөз.
терең ойдың телміріп соңына ерген. ілім дәриясынан маржан терген.
көрген-баққан.
жиған-терген.
жазған-сызған.
Advertising
We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated 1 week, 5 days ago

Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
7 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

ТЕГІН Quiz тапсырып көр:
http://quizmarafon.tilda.ws/140al

Last updated 1 month ago

Бір күні бұл парақшадан хабар келмейді!

Last updated 2 weeks, 6 days ago

1 week ago

құмарлыққа келгенде нәпсің қаншалықты күшті болса, оған бағынбаудың сауабы да соншалықты көп болады.
шыда.
асау нәпсіні жүгендесең, алатын үлесің де таудай болады. өз нәпсіңе жақпайтын, бірақ Аллаға ұнамды істе тұрақтылық танытқан жөн. кеніш сонда.

1 week ago

ұбт тапсырушы түлекке тілек:
профориентолог маманның кеңесін ал, айналайын. елдің дамуына қосқан үлесің осыдан басталады.

1 week ago

– өлсе де тірі жүретіндер бар ма?
– бар. ғалым өлсе де өмір сүреді. надан тірі жүрсе де өліп қалған.

1 week, 6 days ago

аз да саз. ұнағанын бөлісіңіз💝

1 week, 6 days ago

– жасаған тағат-құлшылығымды қалай күзетем?
– кісі қақын жеме.

1 week, 6 days ago

– жамандығымды қалай тоқтатам?
– дәл соны жақсылыққа айналдыр.

3 weeks, 1 day ago

❗️‼️🔺
ideal һәм “жіберіп алма”
біздің қазекең креатив халық, неңізі. шабыт шырқауында, ән қанатында жүрген халық едік) киізтуырлықты көшпелілердің көкейі мен көмейіне Алла сыр жасырған. ол сыр – көңіл мен сөз.
жә, ол емес айтарым. тілге, әсіресе сөзге қатысты бірдеңе қоса кетейін – бірдеңеlike, ideal отбасы, айнаline тағысын тағы гибрид, жартыкеш тіркестер сәнді көрінеді деп ойлайсыңдар ма, шынымен?! өз басым ондай кітап, жоба, дүкен, подкаст атын көрсем болды іштей “дені дұрыс жетекшіге жарымаған екен” деп қуыстанып отырам…түк сәні жоқ.
ideal жігіт” деген кітапты көзім шалып қалды. обалы қане, автор кітапқа ат қоярда қалың көпшілікпен ақылдасыпты. көзіқарақты оқырман “сен жігітсің”, “жігіт жолы” дегендей танымға томпақ келмейтін, тілге жеңіл, әп-әдемі атауларды ұсынған екен. жоқ, бірақ “модныйлау” жылтырақ керек болды және ондай жылтырақ пен оңғаққа оқырман “елең” етеді деп ойлады, білем. автор “ideal жігіт” деп бастырыпты.
қазақ адамды ideal етуші ме еді жалпы?! жоқ! идеал деген орыстан еніп отыр, әуелі. немесе “ideal отбасы” деген кітапты алайық. менің тілімнің мүмкіндігі, ой көкжиегім жігітке, отбасыға қатысты айқындауышқа келгенде жан-жаққа жалтаратындай емес қой. бар ғой бізде небір әсем, сұлу, қазақы қолданыстар…бұны неге жырлап отырмыз?!
себебі мынау – халық қолына түскен әр кітап белгілі бір сөздік қор мен ұғымдарды ала түседі. ол дегеніңіз санада сақталып, қолданысқа енеді деген сөз. бұндай жарым-жарты атаулар ұғымдық мағынаға жетеқабыл, дүбәра бірдеңе болғанмен қоймай, ideal деген сөздің орнында тұруы тиіс (!) небір көркем сөзге көлеңке түсіріп, көмескілендіреді…ел аузына ideal ғана түседі. оқушылар idealдан басқа айтпайды. тіпті менің өзім күшті, кермет, келісті, тартымды, ұтымды, ұғынықты, жарасымды бірдеңені көргенде, болғанда, естігенде “ТЕМА” дейтінді шығарыппын. сорлы-ау одан басқа сөз қалмап па бізде…
сөздік қор тарылған. сөйте-сөйте сөз жоғалады. ideal да сондай. осы тұрғанда “жігіттің серісі” мен “берекелі отбасының” алдын көлегейлеп, тұншықтырып тұр. осыдан кейін жай ғана идеальный дейміз, сол ғана қап тұр.

бір мысал келтірейін. қазір біз (инстада, әсіресе) бір жоба, спектакль, ән, небір тұсаукесердің межелі уақытынан қапы қалмас үшін “жіберіп алмаңыз!” деген жасанды тіркесті көөөөөп айтамыз. соны ғана. көпшілік “жіберіп алмалайды”. болды. сана, сөздік қор дыңғырлап бос жатыр. оған сол инстадағы “шешендер” кінәлі.
әй, айналайын, “жіберіп алмадан” басқа сөз болмап па не бізде?! тіпті, әуелі “жіберіп алманың” мағынасы “бұтқа жіберумен” атсасып жатқан жоқ па?!
оны байқайтын адам аз. көрдіңіз бе, бір ғана қолданыс… сонда концертті өткізіп алсаң, жауап қалай болмақ – “жіберіп алдым, жіберіп қойдық” болмақ. жетіскен екенбіз.

“жіберіп алмау” бір өзі жексұрын боп мынанша сөздің алдын бөгеп жүр – “тұсаукесерден қапы қалма”, “келелі кездесуден қалыс қалма”, “шоуды өткізіп алма”…құр қалма, қақас қалма. кете береді. ой байлығы, таным тереңдігі сөзбен, атаумен астасып жатыр. оны қолдан шектеп, өзгеге еліктеп отырған өзіміз!

ақылдасу мен мақұлдасу, көп пен топ бір ұғым емес…көптің бірі болмайықшы. шет тіліндегі қаңсықты таңсық көріп өзеурегенше, тіліміздегі мөлдіреп тұрған мың атаудың біреуін дөп басы неге қоймасқа?!
тәрбие тетігі – тіл.

3 weeks, 3 days ago

🔠
кісінің өне бойында жасырын жатқан кемшілікті сөзі көрсетіп қояды. көбік сөзден аулақ болған жөн.
танымы терең адамның ойы тіл ұшында емес, көкейінде жатады.

3 weeks, 3 days ago

расында, Алланың кез келген тыйған нәрсесінің ар жағында Оның бізге деген құрметі, Оның білімі жатады екен.
шектеу емес, сақтау.
тыйым емес, құрмет.

💖“махаббатпен жаратқан адамзатты…”

4 weeks, 1 day ago

әр қазақ оқуы керек кітап – “Дайағашшы”, Ұларбек Нұрғалым.
әр мұғалім оқуы керек кітап – “Ойлау” (“Mindset”) Кэрол Дуек.
әр тілші оқуы керек кітап – “Сөздер сөйлейді”, Рәбиға Сыздық.
әр оқытушы оқуы керек кітап – “Эмоциональный интеллект”, Д. Гоулман.
әр әдебиетші тәпсірлеп бере алуы керек кітап – “Қара сөздер”, Абай.
әр ғалым оқуы керек кітап – “Инновация”, Ави Йориш.
әр психолог оқуы керек кітап – “Кимиа-и сағадат”, Имам Ғазали.
мінезін түзеймін деген әр адам оқуы тиіс кітап – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мұрасы.
көркем әдебиеттен жалыққандар оқыса болады – “Дауысыңды естідім”, Рақымжан Отарбай.
ғибрат іздеген әр адам оқыса болады – “Тағылым таразысы”, Құдайберді Бағашар.

❣️тиктоктағы тақ-тұқ, түкке пайдасы жоқ шуылдақтан тасыр түсінікті ұрпақ тәрбиеленіп жатыр. соның алдын алып, санаға салмақ салатын контент жасасам ба дегем – анда-санда кітап талдау. жазылып қойыңыздар.

We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated 1 week, 5 days ago

Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
7 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

ТЕГІН Quiz тапсырып көр:
http://quizmarafon.tilda.ws/140al

Last updated 1 month ago

Бір күні бұл парақшадан хабар келмейді!

Last updated 2 weeks, 6 days ago