Dive into the Ultimate Free Library: Your One-Stop Hub for Entertainment!

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ

Description
Advertising
We recommend to visit

Веб-сайт: www.joqargikenes.uz
Instagram: www.instagram.com/joqargikenes.uz/
Facebook: www.fb.com/joqargikenes
Twitter: twitter.com/joqargikenes

© Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңеси

Last updated 1 Woche her

📌nothing except vkook📌

Last updated 1 Monat, 1 Woche her

⚡️Байрам сейиллери

🎉Фестиваллар

🔊Концерт бағдарламалары

🎭Театр тамашалары

🎬 Кино премьералары

🏛Музей көргизбелери

🏆Спорт жарыслары

ҳәм басқа да көплеген мәдений, кеўилашар илажлардан алдыннан хабардар болың!

Last updated 1 Woche her

1 month, 1 week ago

🎙️Ұстаз Нұржан Смағұлов

https://t.me/b_otbasy

1 month, 1 week ago

🎙️ Ұстаз Мирас Ерланұлы

Пайғамбарымыз ﷺ: "Ізгі болыңдар, әйелдерің де ізгі (салихалы) болады", - деген

(Табарани)

https://t.me/b_otbasy

2 months, 1 week ago

📌ЕР МЕН ӘЙЕЛ

Тұрмыстық зорлық-зомбылық

Бишимбаев ісі

Орамалды шайтан

🎙️Ұстаз Ерсін Әміре, Ұстаз Еркінбек Шоқай

3 months, 1 week ago

Қыздарыңа мына нәрселерді үйретіңдер:

  1. Жерден бір нәрсе алар болсаң, тәніңді жабу үшін қолыңды кеудеңе қой.

  2. Ұлдардың алдында әдеп ретінде аяқтарыңды айқастырма, аяқтарың бір-біріне жақын күйде отыр.

  3. Лифтке бейтаныс жігітпен бірге мінбе. Оның шыққанын күтіп, содан кейін мін.

  4. Таныстарыңмен және туыстарыңмен дауыс көтермей, әдеппен күлімсіре.

  5. Бөлелеріңмен (ұлдар) және әкеңнің аға-інісінің ұлдарымен, яғни саған махрам болмаған еркекпен қол беріп амандаспа.

  6. Біреумен сөйлескен уақытта әрдайым өзің мен өзгенің арасында қашықтық сақта.

  7. Кіммен сөйлессең де, мәміледе шектен шықпай, байсалдылығыңды сақта.

  8. Көшеде дос қыздарыңмен әзілдеме. Көше әдебін сақта.

  9. Базарда немесе дүкенде сатушыға жақын тұрма, және де ол жерде ұзақ уақыт қалмауға тырыс.

  10. Қоғамдық жерде және сауда орнында бір затты жерден алу үшін бел бүгіп майыспа. Дұрысы отырып ал, сосын қайта тұр.

Соңында айтарым:
Кей адамдар бұл әдептер өшті, уақыты бітті деп ойлайды. Бірақ біздің міндет — бұл нәрселерді қайта орнына келтіру. Бұл — ұлы дініміздің һәм мінез-құлқымыздың бір бөлігі.

Мәлімет Мухаммад Уайл әл-Хәнбәлидің (Алла оны сақтасын) арнасынан.

📌Дереккөз: Ұстаз Абылайхан Сүйіндік

https://t.me/turtip_algandarym

3 months, 1 week ago

✍️

Әйел алсаң көркіне қызықпа, дертіне қызық. Қыздың дерті іреңінде емес, жүрегінде. Өзегін өрт, жүрегін дерт жайлаған бойжеткен махаббатқа бой алдырады, ғазиз жанын ғашықтыққа қияды. Еркін есепке, етегін төсекке ыңғайлаған ұрғашының бас-аяғы түптің-түбінде өсек-аяңға шырмалады. Тектілік жөні бір басқа...

©Исраил Сапарбай

*📗"Бір тамшы көздің жасындай"*

https://t.me/turtip_algandarym

3 months, 2 weeks ago

*📌Рамазан күнделігі*

Жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар!

Пайғамбарымыз ﷺ:
“Игі іске себепші болған адам оны жасағандай сауапқа кенеледі”.-деген.

(Муслим)

https://t.me/turtip_algandarym

6 months, 1 week ago

📌Отбасы құндылықтары

Ұстаз Нұрсұлтан Рысмағанбет

https://t.me/b_otbasy

6 months, 1 week ago

*🌸*🌸🌸

📌Ата-анаға айтар кеңесім: «Жұрт не дейді?» деген комплекстен арылыңыз!!!**

Осы комплекс бала тәрбиесінде бізді үлкен қателіктерге ұрындыруда. Күнделікті өміріңізді бір сәт ой елегінен өткізіп көріңізші? Мынадай көріністер орын алуда ма?

Қызымның туған күні еді. Үйге сәл кешігіп келдім. Үйге кіре бере байқаған көрінісім, қонаққа келген балалар менің қызымды жан-жақтан қаумалап алыпты. Себеп – сыйға тартылған ойыншықтар. Барлығы ойыншықтармен ойнағысы келеді. Қызым болса ойыншықтарды ұстап алған, ешкімге бергісі келмейді. Балаларымен ере келген ата-аналардың бәрі маған қарап тұр. Түрлерінде – не істейміз? – деген сұрақ. Оларға қарап ойыма ең бірінші келгені: «Балалардың ата-аналарынан ұят болды ау!» Сөйтіп қызыма барып:
– Қызым ойыншығыңды басқалар да көрсін, бере ғой? – деп сұрадым. Қызым:
– Жоқ, – деп жауап берді. Мен енді ақыл айтуға көштім:
– Қызым, ойыншықты басқалармен бөліскен дұрыс, – дедім. Қызым тағы да:
– Жоқ, бөліспеймін, – деді. Мен енді қорқытуға көштім: – Қызым, егер бермесең алып қоямын, – дедім. Қызым:
– Бермеймін, – деді. Мен соңғы тәсілді қолдандым. Қызымның қолынан ойыншықтарды:
– Әкел бері, – деп жұлып алдым да, басқа балаларға бере салдым.
Қызым жылап қала берді. Өзімше дұрыс іс тындырғандай болдым. Кейін қарап отырсам, қызымның көңіліне үлкен қаяу түсірген екенмін. Себеп не? Себеп – жұрт мен жайында не дейді? – деген ой. Осы ой үшін ғана мен қызымның көңіліне қаяу түсірдім. Ал ақиқатында қызымның көңілі үшін, жарқын болашағы үшін басқалардың мен жайында не ойлайтыны, не дейтіні мені қызықтырмау керек еді. Бұл жағдайдан шығудың ең оңтайлы тәсілі – мен қызыма қолындағы ойыншықтармен шамалы уақыт ойнап, өз тәжірбиесінде қолдануына мүмкіндік беруім керек еді. Сол кезде қызым өзі-ақ ол ойыншықтармен бөлісетін еді. Немесе ойыншыққа қызыққан балалардың көңілін басқа бір жаққа, мәселен тәтті нәрселерге аударып жіберуіме болатын еді. Бірақ мұны кеш ұқтым. Жағдайды кеш ұғынбай тұрып, біз де бұл мәселеге көңіл бөліп қояйық.

Оқиға желісі Стивен Р. Ковидің «7 навыков высокоэффективных людей» атты кітабынан алынды.

📌 Дереккөз: Ұстаз Данияр Сүлеймен

https://t.me/b_otbasy

6 months, 1 week ago

✍️

Айша (Алла оған разы болсын) анамыз: «Үйде Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) немен айналысушы еді?» – деген сұраққа: «Отбасына жәрдемдесетін. Намаз уақыты кірсе, мешітке кететін» (Бухари), – деген екен. Тағы бір деректе: «Киімін жамап, кебісін тігуші еді», – делінген.

Еркек түздің, әйел үйдің адамы. Бұл жазылмаған табиғат заңы. Десе де, үй шаруасына қарайласу еркектің ар-намысына дақ емес. Жалған намыспен ата-бабамыз олай етпеген деп үркиміз. Нағыз ердің ері Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) болатын. «Мықтымын» дегеннің барлығы одан өнеге алады. Күнделікті көмектесу міндет емес. Қала берсе, әйел де күйеуінен мұны талап етпейді. Ең бастысы, екі жарты бір бүтін болып бір-біріне демеу болу. Әйелдің үй шаруасы басынан асып жатқанда күйеуі жәрдем берсе, ешнәрсе жоғалтпайды. Керісінше, орталарындағы сезімнің нығаюуына, бір-біріне деген құрметі арта түсуіне септігі тиеді. Әрине, шаршап-шалдықса да «әйелдің қырық жаны бар» деп көз жұмып жатамыз. Біз сонда кімді үлгі етіп айтудамыз? Әлде Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үлгі алуға намыстанамыз ба?

©Руслан Қамбар

*📗"Үйленбей тұрып үйрен"*

https://t.me/turtip_algandarym

6 months, 4 weeks ago

✍️

ҮШ ТҮРЛІ АНАНЫҢ ӨНЕГЕСІ

1⃣ Бір аналар болады, баласына шұлық сатып алса: «Айтшы, кәне, бұл шұлықты кім әперді екен саған?»–деп сұрайтын. Сөйтеді де, өзін көрсетіп, баласын өзіне байлайды.

2⃣ Енді бір аналар бар, баласына көйлек сатып әперіп: «Балам, бұл көйлекті мен сатып әпердім, бірақ әкең аман болсын. Себебі, мұның бәрі әкеңнің маңдай терісімен келген ақшаға алынды»,–деп баласын әкесіне байлайды.

3⃣ Басқа бір аналар бар, баласына не сыйлық жасаса да: «Балам, ақшаны әкең берсе де, мен сатып әперсем де, мұның бәрі Алланың нәсібі, Алланың ырзығы, барлығы да Алладан келеді», – деп баласын Аллаға байлап, Аллаға парыздар, борыштар етеді. Сөйтеді де, баланы иманға, ғибадатқа, шүкірге ынталандырып, баланың өміріндегі сенім іргетасын қалайды.

📌Дереккөз: Ұстаз Наркес Боханов
https://t.me/turtip_algandarym

We recommend to visit

Веб-сайт: www.joqargikenes.uz
Instagram: www.instagram.com/joqargikenes.uz/
Facebook: www.fb.com/joqargikenes
Twitter: twitter.com/joqargikenes

© Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңеси

Last updated 1 Woche her

📌nothing except vkook📌

Last updated 1 Monat, 1 Woche her

⚡️Байрам сейиллери

🎉Фестиваллар

🔊Концерт бағдарламалары

🎭Театр тамашалары

🎬 Кино премьералары

🏛Музей көргизбелери

🏆Спорт жарыслары

ҳәм басқа да көплеген мәдений, кеўилашар илажлардан алдыннан хабардар болың!

Last updated 1 Woche her