MAUARA-NAHR ما وراء النهر

Description
Ілім талап етушілерге арналған фиқһ және усуль фиқһ каналы

Каналды жүргізуші: Данияр Кенжеұлы

2015-2018 Сарыағаш медресесі
2018-2022 Ханафи фиқһ және усуль факультеті (Бакалавр)
2022-2024 Ханафи фиқһ және усуль факультеті (Магистратура)
Advertising
We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 6 months, 2 weeks ago

Last updated 1 month, 3 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 1 month, 3 weeks ago

1 week ago

Кейде тағдырыңа жазылмаған адамды Алладан қайта-қайта сұрап, өміріңнен кетем десе де жібергің келмей, бос нәрсені талап қылатын сәттер болады. Бұл әрекет — тек өзіңді шаршату болу мүмкін. Алла бізге ненің хайырлы яки хайырсыз екенін жақсы біледі. Өміріңе хайырсыз болған істі, адамды құдайдан сұрай беріп, қиындықтың үстіне қиындықты тілеп алма! Босат, жібер. Өмір тек сол іспен яки адаммен бітіп қалмайды. Кейде көкірек көзіңді шел басып, бақытсыздықты бақытпен шатастырып аласың. Нағыз бақыт — көңілдің жайлылығында…

1 week, 1 day ago

Шейх Осман Таһа қазақ болса, мен арабпын😀 Өйткені, қасаң қағидаға салсақ, “арабша білген адам — араб”

1 week, 4 days ago

Барлық дәстүрді дінге, дінді дәстүрге бұрып алуды қою керек. Дін дәстүрдің алдында ақталуға міндетті болмағаны секілді, дәстүрдің де діннен бөлек тұстары бар. Шариғат талабына қарсы келмеген дәстүрді берік ұстануымыз қажет. Оны алып келіп діннің алдында ақтай берудің керегі жоқ. Осыны ұқ, жамағат!

2 months, 1 week ago

Қазір кейбір адамдар «зекетті шет елдегі ілім талап етушілерге беруге болмайды. Себебі фиқһ кітаптарында зекетті басқа қалаға, елге беруге рұқсат жоқ деп айтылған» дейтін болған.

Негізінде бұл сөзді айтатын адамдар көбіне фиқһты тек өзінің пайдасы көзделген жерде ғана алады. Басқа жағдайда көңілі қаласа басқа мәзһабтан пәтуа ала салады. Оның бір мысалы, тек құран оқу үшін ақша алу — арам десең, «енді бұл жағдайда шәфиғи боламыз да» деп мазаққа айналдыратындарды көзіміз көрді.

Осындай көкелерге айтарымыз ең бірінші фиқһтағы мәтінді дұрыс түсініп, орнымен қолданың❗️Иә, фиқһ кітаптарымызда зекетті басқа елге, қалаға алып бару — мәкрүһ делінген. Тек осы жерін ғана оқымай, ары қарай оқысаң жалғасында:

(كره نَقْلُهَا إلَّا إلَى قَرَابَةٍ أَوْ إلَى طَالِبِ عِلْمٍ)

«Зекетті өзге қаладағы, елдегі жақын туысқа немесе ілім талап етушіге берсе, мәкрүһ емес», делінген.

Өзге елдегі адам ілім талап етуші, жақын туыс яки мұқтаж адам болмаса, зекетті сонда жіберу — мәкрүһ болады. Оның өзінде бұл жердегі мәкрүһ — тәнзиһан, тахриман емес. Бұл жайлы ибн Абидин:

أَنَّ الْكَرَاهَةَ تَنْزِيهِيَّةٌ تَأَمَّلْ، فَلَوْ نَقَلَهَا
جَازَ

«Бұл жердегі мәкрүһ сөзінен мақсат — тәнзиһан (хәләлға жақын). Егер зекетін өз жерінен басқа жаққа жіберсе, рұқсат», - дейді.

Және соңғысы, шет елдегі ілім талап етушілер өзге елдің адамы емес. Өзіміздің қазақтар. Екіншіден, ілім талап етушілер — елді тірілтушілер. Ілім талап етушілер болмаса, елде білім болмайды. Ілім болмаған елдің ертеңі жоқ. Өзге елде жүріп ілім талап етпеген адам олардың жағдайын түсінбейді. Сосын әлгіндей сөздерді айтады. Өз қалтаңды ойлап арыңды сатпашиш!

Егер керек десең фиқһ кітаптарынан сен күнде ішіп-жеп жүрген тамағыңды, іс әрекетіңді харамға шығаратын көзқарас тауып беруге болады. Сол үшін әр үкімді сүзгіден өткізбей мақсатыңа пайдалана берме❗️

2 months, 1 week ago

Телефоныңды 5-6 сағатқа өшіріп қоссаң, іздемейтін адамдар іздеп, жазбайтын адамдар жазып, смс-қоңыраулар толып қалады неге олай?) Өзіңді қатты важный адам сезініп қалады екенсің😁

2 months, 1 week ago
2 months, 2 weeks ago

Усуль шәши және мухтасар уиқаядан өткен дәрістерімді алғысы келетіндер болса, осы уатсабқа жазсын доступ ақылы!

2 months, 2 weeks ago

Әйел адамға өзінің қайын атасы махрамға жатады. Яғни қайын атасының алдында жоғарыда айтылған ағзаларын ашып жүре алады.

Ал егер қайын атасы қызқұмар, пасық болса, оның алдында орамалсыз жүруге болмайды. Тіпті ондай адаммен бір үйде тұруға да рұқсат жоқ. Себебі егер қайын атасы келініне қол жүгіртіп жақындайтын болса, ерлі-зайыптылардың арасында неке жойылып, бір-біріне харам болады.

Дәл сол секілді, ер адамға да өзінің енесі махрам саналады. Сәйкесінше, анасының қай жеріне қарау рұқсат етілсе, енесінің де сол ағзаларына қарауына рұқсат.

«Хәләл мен харамның шариғи нормалары» кітабынан

2 months, 2 weeks ago
2 months, 3 weeks ago

Бауырлар, шамаларыңыз келмейтін сұрақты қоймаңыздар! Кейбір бүлікшіл табиғаттағы адамдар скриншот үшін әдейі қысыр сұрақ қояды. Қысыр сөз түлеген жыланның түгіндей кез-келген шөптің басында қалатынын ұмытпаң! Ондай сұрақтарға жауап берілмесе яки қисық сөз естісеңіз өзіңізден көріңіз, сөкпеңіз

We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 6 months, 2 weeks ago

Last updated 1 month, 3 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 1 month, 3 weeks ago