Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

júrekke oralu

Description
Advertising
We recommend to visit

Владелец канала - @KHAJI_SALE ✅
Менеджер: @KHAJI_NICO ✅
Админ: @KHAJI_UC ✅


Отзывы - @KHAJI_OTZIV ✅

Last updated 1 month ago

Last updated 5 months, 3 weeks ago

🖤CREATOR @MAJIDOFF_HH👑

👑GARANT @MAJIDOFF_HH 🖤

🔪rek 15r lich @MAJIDOFF_HH🔪

Staj olaman @Majidoff_HH lich🖤

🖤3k BOLAMIZ ALLOH HOHLASA🖤

Last updated 6 months, 2 weeks ago

4 weeks, 1 day ago

Кейде бәрі өзің қаламағандай болып жатады.
Сол кезде бәрі Жаратушының қалауымен болып жатқанын түсін.
Кімнің қалауы маңыздырақ?

1 month ago

Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса, ұқпасын жабықпаймын,
Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін.

©️Ахмет Байтұрсынұлы

1 month, 1 week ago

Шартсыз өмір сүруді қашан үйреніп қойғам деп бүгін өзімнің басқа бір қырымды танып қалдым.
Туған күнге шақырған. Көпшілікке танымал, абырой-беделі асып тұрған адам. Туған күнге келгендер де кілең әлеуметтік желіде жылтырап тұрған жандар. Бәрімен танысып, суретке түсіп, нетворкинг жасап, оны өз блогымда көрсетіп мен де “кімдермен тусоваться ететінімді көріп қалыңдар” деп абыройымды бір көтеріп алуыма болатын еді. Ішім біртүрлі қаламады. Туған күнге бармай жатып бәрінің жасандылығынан шаршап тұрдым.

Ең соңында ұзақ ойлана келе туған күн иесімен сыйлы қарым-қатынасымызды бұзып алмау ниетімен гүлшоғымды алып бардым. Бәрі дәл өзім күткендей. Ештеңеге таң қалмадым.
Бір қызығы тамада боп сөйлем тұрған тәтеміз менің киіміме қарап сондай қарым-қатынас жасады ма, әлде басқа себеп болды ма, тіпті жақтыртпай қарады. Сөз айтып та үлгерді.
Бірақ бір қызығы - оның сөзі де, өзі де, көзі де маған дым өтпеді) Еш қысылмадым да, қымсынбадым да. “Оның бұл әрекеті мені емес, оның өзін көрсетіп тұр” дедім де ләм демедім. Ішімде өзгенің сөзін оңайлықпен қабылдай қоймайтын алып қамал бар екенін осы сәтте ұқтым. Өзімді жаңа қырымнан танып қалдым. Сосын ішімнен “Аллаһым, менің жүрегім өзіңе деген махаббатқа толы. Мұндай адамдарға деген жек көрініш пен ренішке орын жоқ” дедім.

Сөйтіп ол отырыстан “Көретінімді көрдім. Рақмет” деп көп отырмай қайтып кеттім.

2 months, 1 week ago

Адам өзіне не керегін білуден бұрын ең алдымен сезеді.
Ақыл алдауы мүмкін. Бірақ сезімдер ешқашан өтірік болмайды.

Расымен, басқасы емес, адамның өзі өзін тоолық сезіне алады, сезімдерін түсіне алады. Тек бізге оңашалану жетіспейді. Басқаның үнін өшіріп қойып, өз жүрегіңді, өз үніңді естуге уақыт берші. Әсіресе түннің бір түйірін ұйқыға емес, өзіңе арнап көрші. Айлар бойы ақылыңнан алжастырған сансыз ойлардың түйіні шешіліп, тұншыққан сезімдерің сыртқа шығып жеңілдеп қаласың.

2 months, 1 week ago

Бүкіл әлемді құшағыма жиып алғым келетін сезім. Сондай әдемі сезім.
әттеең…

2 months, 1 week ago

Бәріне жауаптымын.
Қашан менен қалғалы тағат, тыным,
Пісіп тұрған егінді бұршақ ұрса,
Айтыңдар жауапты кім?
Әрине, мен.
Мен оған жауаптымын.

Бүгінгі сәт, кешегі ағаттығым,
Салғырттықпен өткізген салақ күнім.
Сыртылдаған босқа өтсе сағат тілі,
Оған да жауаптымын, жауаптымын.
Біреу кессе орманның тірі ағашын,
Жауап бермей қалайша тұра аласың.
Қарындасым алдыма жылап келсе,
Тік тұрып жауап берер мына басым.
Бұл шақта текті кімдер, тексіз кімдер,
Көрсоқырлар қаншама көпті күндер.

Дос адамдар өзара жауласса егер,
Ол да менің кінәмнен деп біліңдер.
Қол сынса, бас жарылса, қанап мүрын,
Ол да - менің сорақы ағаттығым.
Ар сотының алдына алып барып,
Алдымнан есігін аш абақтының!
Себебі, бәріне мен жауаптымын!

©️Мұқағали Мақатаев

2 months, 2 weeks ago

وَٱلَّذِينَ جَٰهَدُوا۟ فِينَا لَنَهْدِيَنَّهُمْ سُبُلَنَا ۚ وَإِنَّ ٱللَّهَ لَمَعَ ٱلْمُحْسِنِينَ

Біздің жолымызда аянбай күрескендерді (яғни, бойындағы бар күш-жігерін кемел адам, үлгілі мұсылман болу жолында жұмсағандарды) міндетті түрде Өзіміздің жетістікке жеткізетін жолдарымызға бағыттаймыз. Шүбәсіз, Алла әрдайым Раббыларын өз көздерімен көріп тұрандай үнемі игі істер істейтін ізгі жандармен бірге.

(«Анкәбут» сүресі 29:69)

2 months, 2 weeks ago

Кейбір адамдарды тәтті естеліктер үшін сағынасың. Ал кей жандарды рухың сағынады…💔

2 months, 3 weeks ago

Жаңа нәрсеге қаатты мұқтажбын. Зат емес. Жаңа сезім, жаңа эмоция, жаңа оқиғалар, жаңа көріністер…
Бәлкім жаңа таныстық.

2 months, 3 weeks ago

Жай жүргенде жаңа жазбаның, жаңа оқиғаның, жаңа кітаптың жолдары ойымда өрнектеле кетеді.
Кейіпкерлердің өзара диалогы, ішкі монологы үтір-нүктесіне дейін ең бірінші ойымда жазылады.
Кейде соның бәрін қағазға не телефонның заметкиіне түртіп ала қоятын мұрша болмай қалатыны(
Ой тұңғиығында қалып жазылмай кеткен жазбаларға өкініш!

We recommend to visit

Владелец канала - @KHAJI_SALE ✅
Менеджер: @KHAJI_NICO ✅
Админ: @KHAJI_UC ✅


Отзывы - @KHAJI_OTZIV ✅

Last updated 1 month ago

Last updated 5 months, 3 weeks ago

🖤CREATOR @MAJIDOFF_HH👑

👑GARANT @MAJIDOFF_HH 🖤

🔪rek 15r lich @MAJIDOFF_HH🔪

Staj olaman @Majidoff_HH lich🖤

🖤3k BOLAMIZ ALLOH HOHLASA🖤

Last updated 6 months, 2 weeks ago