Unlock a World of Free Content: Books, Music, Videos & More Await!

Спорт жаңалықтары

Description
Қазақ спортының жаңалықтары

Жарнама @futbigarna
Advertising
We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 6 months, 2 weeks ago

Last updated 1 month, 3 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 1 month, 3 weeks ago

2 days, 17 hours ago
**Елена Рыбакина Roland Garros додасының 1/16 …

Елена Рыбакина Roland Garros додасының 1/16 финалына шықты

🇰🇿 Қазақстандық теннисші (4) Франиядағы Grand Slam турнирінің 1/32 финалында нидерландтық Аранча Русті (50) 2:0 (6:3, 6:4) есебімен жеңді.

Ал Юлия Путинцева Паула Бадосадан 1:2 (6:4, 1:6, 5:7) есебімен жеңіліп қалды.

@sportqazaq

2 days, 18 hours ago
**Қазақстанның футзалдан Еуро-2026 іріктеуіндегі қарсыластары белгілі …

Қазақстанның футзалдан Еуро-2026 іріктеуіндегі қарсыластары белгілі болды

🇰🇿 Қазақстан
🇦🇲 Армения
🇩🇰 Дания
🇦🇱 Албания

🔥18 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Литва мен Латвияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі 9 желтоқсан күні басталады.

2 days, 19 hours ago

«Ордабасының» үш ойыншысы бір-бірімен төбелесіп қалды

🇰🇿 Қазақстан Екінші лигасының 8-ші турында «Ордабасы» «Оңтүстік Академиясынан» 0:4 есебімен жеңілді.

🤯 Ал үшінші голдан кейін Рысдәулет Асанбай, Шерхан Асанбек және Тұрар Асанбек бір-бірімен жаға жыртысып, үшеуі де алаңнан қуылды.

@sportqazaq

1 week, 2 days ago
**Бақтияр Зайнутдинов «Бешікташ» сапындағы алғашқы трофейіне …

Бақтияр Зайнутдинов «Бешікташ» сапындағы алғашқы трофейіне қол жеткізді

🇹🇷 Стамбулдың клубы Түркия кубогының финалында «Трабзонспорды» 3:2 есебімен жеңді.

🏆 Осылайша «Бешікташ» 11 дүркін Түркия кубогының иегері атанып, Еуропа лигасына жолдама алды.

🇰🇿 Жарақатынан енді айыққан отандасымыз бұл ойынды қосалқы құрамда өткізді.

@sportqazaq

1 week, 2 days ago
**Александр Бублик Франциядағы турнирдің 1/2 финалына …

Александр Бублик Франциядағы турнирдің 1/2 финалына шықты

🇰🇿 Қазақстандық теннисші Лиондағы Open Parc ATP 250 турнирінің 1/4 финалында ресейлік Павел Котовты (57) 2:1 (6:7 (4:7), 7:6 (7:4), 6:3) есебімен жеңді.

💰 Турнирдің жалпы жүлде қоры 579 320 еуроны құрайды.

@sportqazaq

1 week, 2 days ago
**Қазақстандық боксшылардың қарсыластары белгілі болды**

Қазақстандық боксшылардың қарсыластары белгілі болды

🥊 Бокстан Олимиадаға соңғы іріктеу турнирін отандық былғары қолғап шеберлері былай бастайды:

63,5 кг. 🇰🇿 Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Кристиан Питт Лауренте 🇵🇭

50 кг. 🇰🇿 Назым Қызайбай – Николь Дурикова 🇸🇰

54 кг. 🇰🇿 Ұлжан Сәрсенбек – Шера Мэй Патрисио 🇺🇸

60 кг. 🇰🇿 Римма Волосенко – Мария Фелиситас Гангльбауэр 🇩🇪

66 кг. 🇰🇿 Наталья Богданова – Кристина Кулухова 🇷🇸

75 кг. 🇰🇿 Валентина Хальзова – Каролина Махно 🇺🇦

🇹🇭 Бангкоктегі турнир 24 мамыр мен 2 маусым аралығында өтеді.

@sportqazaq

2 months, 1 week ago
***😍*** **Азиадада кеткен есені қайтардық**

😍 Азиадада кеткен есені қайтардық

🤺 Семсерлесуден Тбилисиде өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияны 45:30 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты.

2023 жылы Азия ойындарының финалында құрама жапондардан 35:36 есебімен жеңіліп, күміс жүлдегер атанған еді.

🇨🇿 Жартылай финалда Чехиямен күш сынасамыз.

🔥Жігіттердің Олимпиадаға жолдама алып қойғанын да айта кеткен жөн.

@sportqazaq

2 months, 1 week ago
***🔥*** **Париж Олимпиадасына семсерлесуден төрт жолдама …

🔥 Париж Олимпиадасына семсерлесуден төрт жолдама алдық

🇬🇪 Тбилисиде өтіп жатқан Әлем кубогының шешуші кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді.

▪️Руслан Құрбанов
▪️Вадим Шарлаимов
▪️Ерлік Сертай
▪️Эльмир Әлімжанов

🇰🇿 Қазақстан жалпы рейтингте топ-4 қатарына кіруінің арқасында үш спортшымыз автоматты түрде Олимпиаданың жеке сайысында да бақ сынайды.

@sportqazaq

2 months, 1 week ago
***🔥*****Бүгін тағы бір бокс додасы басталады**

🔥Бүгін тағы бір бокс додасы басталады

🇦🇿 Баку қаласында «Ұлы Жібек жолы» турнирінің жалауы желбірейді.

🇰🇿 Қазақстан 11 салмақ дәрежесі бойынша боксшылар апарған. Бүгін соның алтауы шаршы алаңға шығады.

🥊 Жарысқа 11 елден 121 боксшы бақ сынайды.

@sportqazaq

2 months, 2 weeks ago
***🔥*****Мөлдір Жаңбырбай Түркиядағы додада топ жарды**

🔥Мөлдір Жаңбырбай Түркиядағы додада топ жарды

🥋Каратэден Karate1 Premier League Antalya-2024 турнирінің финалына (50 кг) Салазар Йоргелис жарақат алуына байланысты шықпай, отандасымыз чемпион атанды.

🥉Ал Софья Берульцева мен Әсел Қанай қола жүлдеге қол жеткізді.

@sportqazaq

We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 6 months, 2 weeks ago

Last updated 1 month, 3 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 1 month, 3 weeks ago