qarangy

Description
✍︎︎ - жазу жанға ем, демек жазам
Advertising
We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated 1 week, 5 days ago

Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
7 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

ТЕГІН Quiz тапсырып көр:
http://quizmarafon.tilda.ws/140al

Last updated 1 month ago

Бір күні бұл парақшадан хабар келмейді!

Last updated 2 weeks, 6 days ago

3 weeks, 3 days ago

“Әуелі түсінуге, содан кейін түсінікті болуға ұмтылыңыз”

3 weeks, 3 days ago

Адамдардың әртүрлі екендігі таңқаларлық: кейбіреулері сенің айтқаныңды естімейді, ал басқалары сенің не ойлайтыныңды естиді.

1 month ago

Тәжірибе алу мүмкіндігінен құр қалма.
Жазғың келсе жаз. Ажырағың келе ме?
- ажыра. Көргің келсе, көр. Егер біреуге қайта оралғың келсе, оны жасап көр! Және ешкімнің өз тәжірибеңе сүйене отырып әрекет етуің үшін сені айыптауға құқығы жоқ. Мен тек ішкі импульстардан, сұраулардан және интуициядан бастау керек екеніне сенімдімін. Өйткені, бұл саған қуанышты нәтиже беретін немесе тәжірибе беретін дұрыс шешім. Тәжірибе баға жетпес нәрсе. Ешкім осы өмірді қалай тамаша өмір сүру керектігі туралы нұсқаулармен тумайды. Біз жақсы болу, өсу, құлау және қайта тұру, қателесу және сабақ алу үшін өмір сүреміз. Біраз уақыттан кейін сенің өміріңде маңызы болмайтын нәрселер туралы алаңдауды доғарып үйрену керек.

2 months, 2 weeks ago

Құс қанатына сүйенеді.
Адам – жанҰЯсына.

2 months, 3 weeks ago

Төрт жігіт Рамазан айының алғашқы күндерін де бір қарияның көзден таса жерде тамақтанып отырғанын көреді.
Кейін жанына жақындап:
-Ата! Сіз ораза ұстайсыз ба? - деп сұрады.
- Мен ораза ұстаймын. Мен жай ғана су ішемін және ас жеймін - дейді.
Жас жігіттер күлді де,
- Сіз мұнымен не айтқыңыз келді? - дейді.
Ата былай деп жауап берді:
Өсек айтпаймын, ешкімге менсінбейтін кейіп танытпаймын, ешкімге күлмеймін, ант бермеймін, ешкімге жамандық жасамаймын, Алла Тағаланы еске аламын, ешкімнің мүлкіне қызғанышпен қарамаймын, жалпы айтқан да, барлық нәрседен «тиыламын» Бірақ... өкінішке орай, асқазаным ауыратын болғандықтан, ауыз бекіте алмаймын - дейді.
Сосын жігіттерден сұрады:
-Балалар, сендер де ораза ұстадыңдар ма?
Жігіттер бастарын төмен түсірді. Содан, олардың бірі ұялып жауап берді:
- Жоқ, біз жәй тамақ ішпейміз.

3 months ago

Бір африкалық тайпаның қызықты әдет-ғұрыптары бар екен. Егер, бір тайпадан біреу жамандық жасаса, оны елді мекеннің ортасына әкеліп, айналасын қалың жұртшылықпен қоршап алады да, екі күн бойы оның барлық жақсылықтарын еске алып, рахметін айтады. Олар әр адам дүниеге жақсылықпен келеді деп сенеді. Барлығы сүйіспеншілік, бақыт, тыныштық, қауіпсіздікті қалайды. Бірақ кейде адам осы құндылықтарға жету жолында қателесіп жатады. Тайпа бұл қателіктерді сигнал, көмекке шақыру ретінде көреді екен. Олар құлаған адамды көтеру үшін күш біріктіреді, оған өзінің негізгі шынайы болмысын қалпына келтіруге көмектеседі және оның шын мәнінде кім екенін еске салады десті..

/қызық әрі таңқаларлық иә?

4 months, 2 weeks ago

Егер сені жақсы көрсе, сені міндетті түрде күтеді. Алыс жолдан, мектептен, депрессиядан, іссапардан, басқа қаладан, мейлі кез келген жерден. Шынында да, маған сен. Егер сені жақсы көрсе, сені күтеді.

- Ана

5 months, 1 week ago

Кейде, сондай адамдар болады екен. Кездескен кезде сағаттап сөйлесуге барсың. Мейлі, кез келген нәрсе туралы. Бір ерекшелігі бір-бірлеріңнен жалықпайсыңдар - бәрі сендерге жеткіліксіз көрінеді. Қандай тақырыпты талқыға салсаңдар да - кітап, дүние, табиғат, сөз…Кездесулерде, әңгімелесулерде өзгелер армандамаған жан жылуы пен рухани жақындық болатындай…

5 months, 2 weeks ago

Менің бақшама келгенде сыпайы бол. Мен қызғылт гүлдерді жақсы көремін, егер сен ақ гүлдерді ұнатсаң, оларды бақшаңда өсір. Ағаштарымды кеспе, гүлзарларымды таптама. Өз бақшаңды күт. Жасыл желкеннен емен, тұқымнан гүл өсіре алмағаның үшін мен кінәлі емеспін. Кемшіліктерді менің жетістіктерімнен емес, ойларыңнан ізде. Өзгенің бақшасын қызғанышпен таптап жүргенде, өз жеріңді шөп басып жатыр.

Сөздің төркінін әркім өзінше түсінеді.

6 months, 3 weeks ago

Жүректе Аллаға ұмтылудан басқа ештеңе түзете алмайтын біркелкілік бар. Және оның ішінде жалғыздық сезімі бар, оны жалғыздық сәттерінде Аллаға жақын болу сезімінен басқа ешнәрсе жоя алмайды. Оның бойында мұң бар, оны тану қуанышынан және оған деген шынайылықтан басқа ешнәрсе жоя алмайды. Оның бойында тыныштық бар, оны оған шоғырланудан басқа ештеңе жоя алмайды.

We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated 1 week, 5 days ago

Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
7 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

ТЕГІН Quiz тапсырып көр:
http://quizmarafon.tilda.ws/140al

Last updated 1 month ago

Бір күні бұл парақшадан хабар келмейді!

Last updated 2 weeks, 6 days ago