Almaty TV

Description
«Алматы» телеарнасының ресми Telegram парақшасы

Ресми сайт: https://almaty.tv
Instagram: https://www.instagram.com/almaty.tv/
YouTube: https://youtube.com/c/AlmatyUS
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.tv
Twitter: https://twitter.com/almaty_tv
Advertising
We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 6 months, 2 weeks ago

Last updated 1 month, 3 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 1 month, 3 weeks ago

1 day, 20 hours ago

*⚡️ Ғылымға бөлінетін қаржы ұдайы артып келеді*

«Өздеріңізге мәлім, ғылымға бөлінетін қаржы ұдайы артып келеді. Білікті кадрлар әзірлеуге арналған грант саны соңғы жылдары бір жарым есе көбейді.

Қазақстанда әлемнің беделді 12 жоғары оқу орнының филиалы жұмыс істеп тұр. Көп ұзамай тағы бірнешеуі ашылады. Зерттеу жұмыстарымен айналысатын университеттер көбеюде. Технология парктері және инжиниринг орталықтары ашылып жатыр. Жыл сайын 500 ғалым шетелде тағылымдамадан өтеді. Министрлік жас ғалымдарға мыңдаған грант бөліп жатыр. Мұның бәрі ғылымды дамытуға оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын.

Мен шетелге сапарларым кезінде ғалымдармен жиі кездесемін. Оларды қазақ ғалымдарымен тығыз байланыс орнатуға шақырамын. Өткен аптада сингапурлық ғалымдармен және ондағы жоғары оқу орындарының ректорларымен арнайы жүздестім. Енді Сингапурда ғылыми кадрларымызды оқытатын болдық. Жалпы, Сингапур сияқты экономикасы озық елдерден көп нәрсе үйренуге болады.

Постиндустриалды дәуірде әлемге ашық болу және инновацияға ұмтылу кез келген елдің табысқа жетуі үшін аса маңызды фактор саналады. Сондықтан үздік халықаралық тәжірибені мұқият зерттейміз және одан үлгі аламыз. Озық технологиялар мен идеяларды енгіземіз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

1 day, 20 hours ago

Шикізатқа арқа сүйеп отырған ел алысқа бармайды

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен кездесуде айтты.

*«Шикізатқа арқа сүйеп отырған ел алысқа бармайды. Бізге ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар қажет. Мамандарымыз әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай білімді, білікті болуы керек.

Бүгінде алпауыт елдердің арасында барлық салада бақталастық өршіп тұр. Біз осы күрделі кезеңде экономиканың жаңа үлгісіне көше бастадық. Әділ, инклюзивті әрі бәсекеге қабілетті экономика құруға кірістік. Ғылым мен инновация оның басты тірегі болуға тиіс.

Біз көшке ілесетін емес, көшті бастайтын елдердің қатарында болуымыз керек. Бір сөзбен, ғылыми әлеуетімізді арттыру қажет. Жалпы, осы бағытта біраз шаруа атқарылып жатыр. Мен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында бірқатар нақты тапсырма бердім. Барлық мәселе менің тікелей бақылауымда.

Қазір «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы Парламентте қаралып жатыр. Кеше Сенат оны бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл – өте маңызды әрі көптен күткен құжат. Ғылымды басқару жүйесін жетілдіру керек. Ғалымдарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі де өте маңызды. Сондықтан Заңда ғылыми қауымдастықтың мүддесі барынша ескерілетін болады»,* – деді Президент.

1 day, 20 hours ago

Адреса дежурных ЦОНов в Алматы изменилисьС 1 июня по дежурному графику будут работать ЦОНы Алатауского, Бостандыкского и Алмалинского района. При этом ЦОНы Ауэзовского и Медеуского района переходят на обычный график работы (в будни до 18:00).
Теперь алматинцы смогут получить государственные услуги в будние дни с 09:00 до 20:00, в субботу - до 13:00 по следующим адресам:
• Алатауский район, микрорайон Нуркент, 5/17;
• Бостандыкский район, микрорайон Алмагуль, улица Ходжанова, 9А;
• Алмалинский район, улица Богенбай батыра, 221.
При этом адреса дежурных спецЦОНов остаются прежними:
• спецЦОН №1, Алатауский район, микрорайон Саялы, улица Аккайнар, 1;
• спецЦОН №4, Жетысуский район, микрорайон Кемел, улица Аксуат, 118.

Дежурные спецЦОНы принимают граждан с понедельника по пятницу с 9:00 до 18:00, в субботу - до 13:00.

Отметим, что центр миграционных услуг, расположенный по адресу: Турксибский район, Кульджинский тракт, 9К/1, работает в будни до 18:00, в субботу - до 13:00.

1 week, 1 day ago
**Атыраудағы** [**Соколок каналын**](https://almaty.tv/kz/news/proisshestviya/1841-atyraudagy-sokolok-kanalyn-taskyn-buzdy) **тасқын бұзды**

Атыраудағы Соколок каналын тасқын бұзды

Атыраудағы Соколок каналын тасқын бұзды. Ағысы қатты суға ауа райы да әсер етіп жатқан көрінеді.

Қазір мұнда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Сондай-ақ қосымша техника жіберілді.

Айта кетейік, Соколок – Атырауға бағытталған су нөпірін Жайық арқылы реттейтін негізгі канал. Қорғаныс бөгетінің беріктігін қамтамасыз ету үшін қосымша нығайту жұмысы жүргізіліп жатыр. Ал сарбаздар мен құтқарушылар қауіпті аймақта жұмысын жалғастырады.

1 week, 1 day ago
**Глава государства** [**выступил**](https://almaty.tv/news/politika/1723-glava-gosudarstva-vystupil-na-kazakhsko-singapurskom-forume-rektorov) **на Казахско-сингапурском форуме …

Глава государства выступил **на Казахско-сингапурском форуме ректоров

Касым-Жомарт Токаев сегодня на форуме ректоров в Сингапуре назвал важным последовательный подход Казахстана к открытию филиалов ведущих университетов в нашей стране** и развитию исследовательского партнерства с зарубежными институтами.

"За последние несколько лет мы создали стратегические альянсы с 19 престижными университетами. Американские, британские, российские и немецкие университеты уже открыли свои филиалы в нашей стране. Китайские, турецкие, итальянские и другие университеты также проявляют большой интерес к Казахстану"

1 week, 1 day ago

Назван размер самой большой пенсии в Казахстане
В ЕНПФ рассказали, сколько получает самый богатый пенсионер Казахстана.

"Сумма средней ежемесячной выплаты по графику из ЕНПФ (в связи с достижением пенсионного возраста) составила 33 858 тенге, а максимальная сумма ежемесячной выплаты – 945 752 тенге", - сообщили в фонде.

2 weeks, 2 days ago

🔥 Өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттан газ баллонын алып шықты

Өрт Алматы облысы Іле ауданының Байсерке ауылында орын алды. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде 2 қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған бір қабатты ғимараттың шатыры жанып жатты.

Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттан 1 газ баллонын алып шықты. Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекеттерінің арқасында жақын орналасқан автобөлшектер дүкеніне және 2 қабатты кешеннің ғимаратына өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді.

Өрттің ауданы 150 шаршы метрді құрады.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталуда.

2 weeks, 2 days ago

*⚡️Қызылорда облысында аса ірі көлемде "синтетика" саудаламақ болған күдікті құрықталды*

Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады.

Сараптама қорытындысы көрсеткендей тінту кезінде тәркіленген ұнтақ салмағы 261 гр. болатын α-PVP психотроптық заты екені анықталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды, тергеу жалғасуда.

2 weeks, 2 days ago

Мессенджеры руководства Министерства энергетики Казахстана взломалиВ министерстве предупредили, что мессенджеры руководства ведомства взломали неизвестные лица.
"Неизвестными лицами были взломаны мессенджеры руководства Министерства энергетики РК. В этой связи посредством взломанных номеров могут приходить различного рода вредоносные ссылки, недостоверная информация, просьбы и так далее. Просим не доверять подобным сообщениям и игнорировать их",**- сообщил Ильясов.Работа по восстановлению мессенджеров уже ведется.

2 months, 2 weeks ago

В МЧС рассказали, что 17 марта в 09:43 в дежурную часть поступило сообщение о возгорании склада. На место прибыли пожарные и выяснили, что огонь с него перекинулся на стоящую рядом времянку.

Пожар локализовали в 11:01, угроза перехода огня на соседние дома отсутствует. Жертв и пострадавших нет. В тушении были задействованы 54 сотрудника и 17 единиц техники.

We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 6 months, 2 weeks ago

Last updated 1 month, 3 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 1 month, 3 weeks ago