Unlock a World of Free Content: Books, Music, Videos & More Await!

Ystyqnews

Description
Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар
Advertising
We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 6 months, 2 weeks ago

Last updated 1 month, 3 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 1 month, 3 weeks ago

2 days, 14 hours ago

*📣*📣📣😍Тасқыннан қырылған малдың 98 пайызына өтемақы төленді
👍🏻Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлімдеді. Оның айтуынша, тасқыннан жалпы ел бойынша 12500-ден астам мал қырылған. Олардың иелеріне өтемақы төлеу жұмыстары аяқталып қалды. Тек 237 мал басы** бойынша төлем әлі төленбеген.

«Бұл шаруа министрліктің қатаң бақылауында», - деді вице-министр.

2 days, 20 hours ago
3 days, 1 hour ago

*📣*📣📣Үкімет Парламентке Түркістан қаласына рухани-мәдени және тарихи орталық ретінде дамыту үшін ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын ұсынады**

✍️ ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу туралы қаулыға қол қойды. Заң жобасы Мемлекет басшысының Түркістан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын іске асыру үшін әзірленді.
📄 Құжат Түркістанның Қазақстанның рухани-мәдени және тарихи орталығы ретінде қалыптасуы мен дамуының, сондай-ақ оның мемлекеттік маңызын танудың құқықтық негіздерін белгілейді.

✔️ Заңның қабылдануы қаланың тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштері мен объектілерін, оның ішінде  Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бүкіләлемдік мұра объектісі ретіндегі қорғау аумағында орналасқан ескерткіштерді, басқарудың, сақтаудың, олардың тұтастығын қолдаудың оңтайлы жүйесін құруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, кесене аумағында ғылыми археологиялық зерттеулер мен ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жоспарлау мен басқаруға мүмкіндік жасайды.

➤ Сондай-ақ заң жобасы мәдени мұраны сақтау және жаңғырту, дәстүрлі қолөнерді дамытуды, Түркістан қаласын рухани-мәдени, тарихи және туристік орталық ретінде дамыту және ілгерілетуді көздейді.  

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтау, оның айналасында бөтен құрылыс элементтеріне, көше желілерін өзгертуге жол бермеу мақсатында тарихи орталықтың құрылысын реттеу аймағында биіктігі 7 метрден асатын, сондай-ақ тарихи ескерткіштермен ауқымы, түсі және құрылыс материалдарымен үйлеспейтін объектілердің құрылысына жол берілмейді.

🔺 Жалпы Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау және қорғау үшін әрбір объектіге тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамаға сәйкес олардың қорғау аймақтары белгіленеді. Бұдан бөлек, қаланың бас жоспарына енгізілетін тарихи-сәулет тірек жоспарлары мен тарихи-мәдени мұра объектілерінің тиісті жергілікті жердің карта-схемалары жасалады.

Бұл ретте қала аумағында тарихи-мәдени мұра объектілеріне қауіп төндіретін құрылыс, шаруашылық қызметті жүргізуге тыйым салынады.

➤ Археология ескерткіштерінің тұтастығын, түпнұсқалығын, құндылығын болашақ ұрпақ үшін сақтау мақсатында Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерваты құрылады. Археология ескерткіштерінің резерватына енгізілген ескерткіштерге қатысты қорғау саясаты археология ескерткішін тұрақты инспекциялау, оны алдын ала күтім жасау және оны қолдау бағдарламаларын пайдалануға негізделеді.

✍️ Сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу туралы қаулыға қол қойды.  

✔️ Заң жобасы Түркістан қаласының Қазақстан Республикасының рухани-мәдени және тарихи орталығы ретінде дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тиімді институционалдық орта құру үшін уәкілетті органдардың, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреттерін кеңейтуге бағытталған.  

➤ Заң жобасы шеңберінде жер пайдалану құқығын беру, туристік қызметті жүзеге асыру, Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын қалыптастыру және басқа да мәселелер бойынша қосымша құзыреттер беру ұсынылады.

➤ Еске сала кетейік, 2021 жылы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінің қорытындысы бойынша Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани астанасы деп тану туралы шешім қабылданған болатын.

1 week, 2 days ago
1 week, 2 days ago

*📣*📣📣Президент SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгпен кездесті**

➤ Кездесуде SOVICO Group компаниясының Қазақстан экономикасындағы түрлі секторға әлеуетті инвестор ретінде қатысу перспективасы талқыланды.

➤ Мемлекет басшысының пікірінше, SOVICO Group компаниясының Qazaq Air авиакомпаниясын сатып алуға ниет білдіруі вьетнамдық конгломераттың біздің өңірде азаматтық авиацияны дамытуға қатысты аса маңызды жоспары бар екенін көрсетеді.

➤ Нгуен Тхань Хунг компанияның Қазақстандағы бірнеше әуежайды басқаруға алу, сондай-ақ логистикалық қоймаларға инвестиция құю ісіне қызығушылық танытатынын жеткізді. SOVICO компаниялар тобының құрамына кіретін Vietjet Air авиакомпаниясы еліміз арқылы жүк және жолаушылар тасымалдайтын әуе рейстерінің санын біртіндеп көбейтіп келеді.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаевқа Вьетнам мен Сингапур инвесторлары қатысатын үшжақты серіктестік құру ұсынылды. Аталған бастама авиация, тау-кен өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздері, «ақылды қалалар» және активтерді басқару секілді түрлі салалардағы бірлескен жобаларды ілгерілетуге бағытталған.

➤ Мемлекет басшысы компанияның әртараптандырылған бизнес жүргізуде тәжірибесі мол екенін ескеріп, өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

➤ Кездесу барысында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SOVICO компаниялар тобына кіретін Aviation Holdings Company арасында Qazaq Air авиакомпаниясын сатып алу шарттарына қатысты міндет жүктейтін ұсынысқа қол қойылғаны жөнінде хабарланды. Алдын ала жасалған уағдаластықтарға сәйкес инвестор 5 жыл ішінде Boeing 737-Max8 және Airbus A320/321 модельді кемінде 20 ұшақ әкелуді жоспарлап отыр. Сатып алу-сату шартына қол қою және мәмілені аяқтау жұмыстары жақын арада іске асырылмақ.

✍️ Қазақстан-Сингапур бизнес форумы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен SOVICO Group арасындағы Стратегиялық серіктестік жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

1 week, 2 days ago

🇰🇿🇸🇬 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапур Республикасына мемлекеттік сапары аясында мынадай мемлекетаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды:

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

  2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Сингапур Республикасының Ішкі істер министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

  3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Сингапур Республикасының Әділет министрлігі арасындағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

  4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Сингапур Республикасының Әділет министрлігі арасындағы құқықтық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

  5. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Сингапур Республикасының Білім министрлігі арасындағы жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

  6. Қазақстан стандарттау және метрология институты мен Enterprise Singapore компаниясы арасындағы Сингапур стандарттарын тарату және аудару жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім.

2 weeks, 2 days ago
2 weeks, 2 days ago
2 weeks, 2 days ago

*📣*📣📣Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасын дамытуға елеулі серпін беру қажеттігін атап өтті**

📌 Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында өңірдің бірқатар жүйе құраушы өнеркәсіптік кәсіпорындарына барып, құрылыс және жылу оқшаулағыш материалдар, ауыл шаруашылығы және жүк техникасы өндірісін арттыру перспективаларымен танысты.

🔹Премьер-Министр Kazrost engineering Ltd. компаниясы цехтарын аралап көрді. Кәсіпорын ауыл шаруашылығы техникасын шығаруға маманданған, бағдарламаланатын талшықты-оптикалық лазерлік станоктармен, заманауи табақ ию және құбыр бүккіш станоктармен, жартылай автоматтандырылған дәнекерлеу аппараттарымен, CББ бар жону-фрезерлік жабдықтарымен және өндіріс процесіне қажетті басқа да құрылғылармен жабдықталған. Зауытта жыл сайын 1 мың комбайн мен 1 мыңға дейін трактор шығарылады. Кәсіпорын астықты өңірлердің бірінде орналасқандықтан өндірілетін өнімге сұраныс жоғары. Негізгі тапсырыс беруші – «ҚазАгроҚаржы» АҚ.

🔹Kazrost Engineering Ltd. басқарушы директоры Дарын Иманмұсаев өндірісті кеңейту және моделдік қатарды ұлғайту жөніндегі алдағы жоспарлар туралы баяндады. Локализацияны тереңдету және қазақстандық қамту көлемін ұлғайту мақсатында кабиналар, көлбеу камералар мен капоттар өндірісі бойынша қосымша цех салынып, заманауи жабдықтармен жарақтандырылатын болады. Қазіргі уақытта жобалау және жобалау алдындағы құжаттама пысықталуда.

➤ Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы саласында машина жасауды дамытуға елеулі серпін беру қажеттігін атап өтті. Аталған бағытта Үкімет отандық кәсіпорындарды қолдауға ниетті, сондай-ақ Kazrost engineering Ltd., Claas және басқаларын мысалға ала отырып саладағы әлемдік жетекші компаниялар өндірісін локализациялауға мүдделі. Осыған байланысты жақын арада осындай кәсіпорындарды қолдаудың, оның ішінде импорттық техниканы субсидиялаудан бас тарту және Қазақстанда өндірілген техникаға субсидияларды арттыру жолымен қолдаудың жаңа құралдары енгізілетін болады.

➤ Премьер-Министр Макинск жылу оқшаулау зауытында болып, онда өндіріс барысымен танысты, жабдықтар мен дайын өнімдерді қарап шықты. Кәсіпорын құрылыс индустриясы үшін жоғары экспорттық әлеуеті бар жылу оқшаулағыш материалдар шығарады. Өндірісте италиялық компанияның технологиялық желісі енгізілген. Зауыттың қуаттылығы жылына 34 мың тонна дайын өнімді құрайды. Мұнда базальт негізіндегі жылу оқшаулағыш материалдардың барлық түрі, соның ішінде сэндвич-панельдеріне арналған плиталар да шығарылады. 2024 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1,4 млрд теңгенің 5 832 тонна минералды мақта плиталары өндірілді.

🔹 Зауыттың бас директоры Жасұлан Мұхаметжан өнім қуатын жылына 34 мың тоннадан 50-55 мың тонна дайын өнімге дейін арттыру үшін словакиялық серіктестерімен заманауи центрифугаларды жеткізу жөніндегі бірлескен жоба туралы айтты. Бұдан өзге, жаңғырту аясында қоршаған ортаға шығарылатын зиянды қалдықтарды қысқарту жоспарланып отыр. Зауыт жаңа технологияларды енгізудің арқасында болашақта қоршаған ортаға теріс әсері жоқ кәсіпорындарға берілетін «жасыл» өндіріс мәртебесін алуға ниетті.

Көкшетауда Үкімет басшысы керамикалық қаптама кірпіш өндіруші жергілікті ENKI кәсіпорнының әлеуетімен танысты. Бір жыл ішінде өндіріс көлемі 16,5%-ға өсіп, 4,3 млрд теңгеден асты. 2024 жылғы қаңтар-ақпан айларында 629 млн теңгенің өнімі шығарылды. Бүгінгі таңда зауыт 90% жұмыс істеп тұр. Оның жалпы жобалық қуаты жылына 90 млн кірпішті құрайды.

Анықтама: Ақмола облысында 1290 өнеркәсіп кәсіпорны, оның ішінде 27 ірі, 53 орта және 1210 шағын кәсіпорын жұмыс істейді. 2024 жылғы қаңтар-ақпан айларында өңірдің өнеркәсіп өндірісінің көлемі 279,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға ұлғайды.
Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 3,1%-ға өсіп, 204,4 млрд теңгені құрады. Бұл ретте жалпы көлемнің 16,6%-ы машина жасау саласына тиесілі. Сала қарқынды өсім көрсетіп отыр: өндіріс көлемі жыл басынан бері 3,6%-ға артып, 33,9 млрд теңгені құрады.

2 months, 2 weeks ago
We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 6 months, 2 weeks ago

Last updated 1 month, 3 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 1 month, 3 weeks ago