Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

Ағылшын Тілі | ҰБТ | IELTS

Description
🇬🇧 Ағылшын тілін бізбен бірге үйрен!🇬🇧


Біздің Чат: @AgylshynTili_Chat

Admin : @alemtor_komek
Advertising
We recommend to visit

Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесиниң мәмлекетлик ҳүкимет порталы

Веб-сайт:
www.karakalpakstan.uz
Facebook:
www.fb.com/groups/karakalpakstan.uz
Instagram:
instagram.com/qr.ministrlerkenesi
Twitter:
https://twitter.com/qr_kenesi

Last updated 1 day, 14 hours ago

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің әлеуметтік желілері:

https://www.facebook.com/qrtjm?mibextid=LQQJ4d

https://instagram.com/tjm_mchs?igshid=YmMyMTA2M2Y=

www.tiktok.com/@tjm_mchs

Last updated 1 week, 4 days ago

Павлодар облысы білім беру басқармасы

Last updated 3 months, 1 week ago

1 week, 4 days ago

My extended family members - алыс туыстар

“My family” тақырыбындағы лексиканы үйренуді жалғыстырамыз және алыс туыстар жайында айтамыз, немесе extended family - алыс туыстар. Осы топтағы кейбір туысқандардың аттары “grand” префиксы арқылы жасалынады. Оларға мыналар кіреді: ⬇️

grandparents ➡️ ата-әже
🇺🇸 I used to spend every summer at my grandparents’ country house.
🇰🇿 Бұрын мен әр жазымды ата-әжемнің қала сыртындағы үйінде өткізетінмін.

👵🏻 grandmother/grandma/granny ➡️ әже
🇺🇸 My grandmother cooks the most delicious apple pie.
🇰🇿 Менің әжем ең дәмді алма бәлішін пісіреді.

🧓🏻 grandfather/grandpa ➡️ ата
🇺🇸 My grandfather retired last year.
🇰🇿 Өткен жылы менің атам зейнетке шықты.

grandchild/grandchildren ➡️ немере/немерелер
🇺🇸 Linda is only 52, but she’s already had three grandchildren.
🇰🇿 Линданың жасы бар-жоғы 52, бірақ оның әлдеқашан 3 немересі бар.

grandson ➡️ немере ұлға
🇺🇸 Jack is very proud of his grandson who has won the international dance competition.
🇰🇿 Джек өзінің халықаралық би жарысында жеңген немересімен мақтанады.

granddaughter ➡️ немере қызға
🇺🇸 Kelly’s granddaughter is just starting to walk. She is 11 months old.
🇰🇿 Келлидің немересі енді жүріп үйреніп жатыр, оған 11 ай.

Сонымен қатар, еxtended family’ға аттарын жаттау қажет туыстар кіреді. ⬇️

uncle [ʌŋkl] ➡️ ағай
🇺🇸 I go fishing with my uncle every Saturday.
🇰🇿 Әр сенбі мен ағаймен балық аулауға барамын.

aunt [ɑːnt] ➡️ тәте
🇺🇸 My aunt lives in London.
🇰🇿 Менің тәтем Лондон да тұрады.

nephew [ˈnɛfju] ➡️ жиен (ұл бала)
🇺🇸 Katy has three nephews. All of them are about 10 years old.
🇰🇿 Кэтидің 3 жиен інілері бар. Олардың барлығы 10 жаста.

niece [niːs] ➡️ жиен (қыз бала)
🇺🇸 Mary is his favourite niece.
🇰🇿 Мэри оның сүйікті жиен қарындасы (сіңілісі).

cousin [kʌzn] ➡️ немере ағасы
🇺🇸 Do you have any cousins?
🇰🇿 Сенің немере ағаң не әпкең бар ма?

second cousin ➡️ екінші немере ағасы
🇺🇸 I have a second cousin, but I have never met him.
🇰🇿 Менің екінші немере ағам бар, бірақ мен оны ешқашан кездестірмеппін.

1 week, 6 days ago

Family members 👨🏻👩🏻‍🦱🧒🏻👧🏻👶🏻

Ағылшын тілінде туысқандарды relatives деп жәйдан жәй атамайды, relative деген сын есімнің “қатысты” деген мағынасына байланысты, себебі туыстық қарым-қатынас бір-біріне қатысты жүреді. Бір және тура сол адам біреуге аға, біреуге ағай, біреуге немере болып келуі мүмкін.

My nuclear family - жақын туыстар
Өздеріңіз білетіндей отбасы ағылшын тілінде family болады.

Тематикалық лексикаға талдауды жақын туыстардан (nuclear family) бастаған дұрысырақ болады:
parents ➡️ ата-ана
🇺🇸 My parents have been married for 30 years.
🇰🇿 Менің ата-анамның үйленгендеріне 30 жыл.

👩🏻‍🦱 mother/mom/mommy ➡️ ана
🇺🇸 My mother is a teacher.
🇰🇿 Менің анам - мұғалім.

👨🏻father/dad/daddy ➡️ әке
🇺🇸 Lora’s father is a very kind of man.
🇰🇿 Лораның әкесі - өте мейірімді жан.

👶🏻 child/children ➡️ бала/балалар
🇺🇸 Hannah has two children.
🇰🇿 Ханнаның екі баласы бар.

🧒🏻 son ➡️ ұл бала
🇺🇸 My son has just come home from school.
🇰🇿 Менің ұлым жаңа ғана мектептен келді.

👧🏻 daughter ➡️ қыз бала
🇺🇸 My daughter is good at dancing.
🇰🇿 Менің қызым жақсы билейді.

🧑🏻 brother ➡️ аға
🇺🇸 My brother is always making jokes about me!
🇰🇿 Менің ағам әрдайым мен туралы әзілдейді.

👩🏻 sister ➡️ тәте (әпке)
🇺🇸 Monica has five elder sisters.
🇰🇿 Мониканың 5 әпкесі бар.

Бір ата-ананың балалары “siblings” деп аталады. Қазақ тілінде әдетте туған әпке не туған аға/іні/қарындас деп айтамыз. Егер отбасында егіздер болса, оларды “twins” деп атайды. Егер біз егіздердің жынысын нақтылағымыз келсе, twin brothers, twin sisters деп атауға болады.

Nuclear family қатарына туған емес туысқандарда жата алады:

stepmother ➡️ өгей шеше
🇺🇸 I have a good relationship with my stepmother.
🇰🇿 Мен өгей анаммен жақсы қарым-қатынастамын.

stepfather ➡️ өгей әке
🇺🇸 Paul isn’t on speaking terms with his stepfather.
🇰🇿 Пол өзінің өгей әкесімен сөйлеспейді.

stepson ➡️ өгей ұл бала
🇺🇸 What does your stepson call you?
🇰🇿 Сенің өгей ұлың сені қалай атайды?

stepdaughter ➡️ өгей қыз бала
🇺🇸 My stepdaughter is only two years old. I believe that we will be best friends in the future.
🇰🇿 Менің өгей қызым екі жаста. Болашақта біз керемет достар боламыз деп сенемін.

stepbrother ➡️ өгей аға
🇺🇸 After my father got married the second time, I have two stepbrothers.
🇰🇿 Әкем екінші рет үйленгеннен кейін, менде екі өгей аға пайда болды.

stepsister ➡️ өгей әпке
🇺🇸 I’m lucky to have such a stepsister as you.
🇰🇿 Менің сендей өгей әпкемнің бары жолымның болғаны.

2 weeks, 3 days ago
2 weeks, 3 days ago
2 weeks, 3 days ago
2 weeks, 3 days ago
3 weeks, 4 days ago

Living - жанды, non-living - жансыз
Зат есім - заттың атын білдіретін сөйлеу бөлігі, кім? не? деген сұрақтарға жауап береді. Және зат есім бөлінеді: жанды(living) және жансыз(non-living).

Жанды және жансыз зат есім - бұл екі басты санат, айналадағы зат немесе объектті сипаттауға арналған.

Жанды зат есім - тірі ағзаларды сипаттайды. Мыс:
🐶 жануарлар: ит, мысық, арыстан, зебра, піл, аю
🌱 өсімдік: ағаш, гүл, шөп, раушан
🧍🏻‍♀️ адамдар: еркек, әйел, бала, қарт адам

Жансыз зат есім - аты айтып тұрғандай жансыз заттар. Мыс:
☎️ заттар: кітап, үстел, орындық, кілем, көлік, компьютер
🗿 материалдар: тас, метал, әйнек, ағаш, пластик, қағаз
🌩️ табиғи: жаңбыр, қар, күн, жел, найзағай

Ескерту маңызды, жанды және жансыз есімдердің әртүрлі қасиеттер мен функциялары бар, және оларды бір-бірінен ажырату оңай, олардың әрекеттері мен қаситтерін бақылау арқылы.

Жанды есімдер (animate nouns)
Peter ➡️ Петр
dog ➡️ ит
boy ➡️ бала

Жансыз есімдер (inanimate nouns)
river ➡️ өзен
table ➡️ үстел
iron ➡️ темір

3 weeks, 6 days ago
4 weeks ago
1 month ago

he - ол (ұлдарды айтамыз)
is - 1️⃣ қазіргі шақ
2️⃣ бір ғана адам туралы болғандықтан “is”, бірнеше адам туралы болғанда “are” қолданатын едік.
in - ішінде (ол қайда? кітапхананың ішінде)
the - белгілі артикль, біз “the” қолданамыз егер біз нақты қай субъект (кітапхана) туралы айтып тұрғанымызды білетін болсақ. Мыс: ол мектептегі кітапхананың ішінде. Ал егер біз оның кітапхананың ішінде екенін біліп, бірақ нақты қай кітапхана екенін білмесек “the” артикльін қолдана алмаймыз!

We recommend to visit

Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесиниң мәмлекетлик ҳүкимет порталы

Веб-сайт:
www.karakalpakstan.uz
Facebook:
www.fb.com/groups/karakalpakstan.uz
Instagram:
instagram.com/qr.ministrlerkenesi
Twitter:
https://twitter.com/qr_kenesi

Last updated 1 day, 14 hours ago

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің әлеуметтік желілері:

https://www.facebook.com/qrtjm?mibextid=LQQJ4d

https://instagram.com/tjm_mchs?igshid=YmMyMTA2M2Y=

www.tiktok.com/@tjm_mchs

Last updated 1 week, 4 days ago

Павлодар облысы білім беру басқармасы

Last updated 3 months, 1 week ago