Жаңалықтар - Stan.kz

Description
Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.

Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot
Advertising
We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 6 months, 2 weeks ago

Last updated 1 month, 3 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 1 month, 3 weeks ago

6 days, 21 hours ago
6 days, 21 hours ago

*Қазақстандықтар жыл сайын мейрамхана мен дәмханаларға қанша теңге жұмсайды*

Finprom.kz агенттігінің мәліметінше, елімізде бір отбасы жылына кемі 75 мың теңгесін мейрамхана мен дәмханаға жұмсайды екен. Тізімде Маңғыстау облысы көш бастап тұр. Олар 200 мың теңгеден астам қаражатын сырттан тамақтануға жаратады. Екінші орында астаналықтар тұр. Ал алматылықтар 100 мыңға жуық қаражатын қоғамдық тамақтану орындары мен дәмханаларда жұмсайды.

Рестораторлар ас мәзіріндегі бағаның күннен-күнге өсіп жатқанын айтады. Азық-түлік өнімдеріне кететін шығыннан бөлек, мекемені жалға алу, ыдыс-аяқ, қызметкерлерге беретін қаржы бағаның өсуіне әкеледі дейді.

t.me/stankznews

6 days, 22 hours ago

*"Іші, бөксесі, қолы мен мойнынан жарақат алған": Астанада мектеп оқушысы түрлі пышақ жарақаттарымен ауруханаға түсті*

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес қыз Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сыныбында оқиды. Алдын ала мәлімет бойынша қызды оның кездесіп жүрген жігіті пышақтап кеткен.

Полиция қазіргі таңда күдіктіні ұстаған. Оған “Кісі өлтіруге оқталу” бабымен іс қозғаған.

“Жарақат алған оқушы қыз №2 көпсалалы ауруханада ем қабылдап жатыр. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қыздың алдыңғы құрсақ бөлігінен көп жарақат алғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда құрсақ бөлігіне ота жасалды. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты”, – деп жазды телеграм-арнада.

Желіде қыздың іші, бөксесі, қолы мен мойнынан жарақат алғаны айтылған.

Дереккөз: Astanovka.98 Telegram-арнасы

t.me/stankznews

2 months, 1 week ago
2 months, 1 week ago

Көкшетауда еріген қар суы мектептің жертөлесін басып қалды

Су басқан мектептің видеосы Sinegor.kz парақшасында жарияланды. Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, су сорғызу жұмыстарына 16 адам мен 6 бірлік техника жұмылдырылған.

"Көкше-Тазалық" ЖШС қызметкерлерінің көмегімен №22 мектептің жертөле ғимаратынан еріген қар суы сорылды. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері де бар", – делінген хабарламада.

Су басуға электр желісі кіргізілген тесіктердің дұрыс жабылмауы себеп болыпты. Қазіргі таңда еріген қар суының мектепке ағуы тоқтатылған.

t.me/stankznews

2 months, 1 week ago

Испанияда қазақстандықтар криптовалютамен алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды
Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, ұсталғандар қатарында ұйымдасқан топтың 12 мүшесі бар. Олар Қазақстан, Молдова, Ресей және Украина азаматтары екен.

Тергеу қызметінің пікірінше, күдіктілер құны €50 асатын криптовалютамен түрлі алаяқтық әрекеттерді жүзеге асырып келген. Сонымен қатар Испания провинцияларында 20 алаяқтық операцияны іске асырған.

t.me/stankznews

4 months, 1 week ago

Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді Жер сілкінісі шамамен сағат 2:00-де болған. Сіздер сездіңіздер ме?

4 months, 1 week ago

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде орналасқан.

Қазақстандық сейсмологтардың дерегі бойынша, сағат 2.01-де Талғарда (Алматыдан 25 км қашықтықта аудандық маңызы бар қала) 2 баллдық жер асты дүмпулері сезілген.

MPV магнитудасы 5.7.
Эпицентрдің координаттары 41.32° С. Е. 78.84° ш. б.
Тереңдігі 10 км.

4 months, 1 week ago

Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сездіЖер сілкінісі шамамен сағат 2:00-де болған.

Сіздер сездіңіздер ме?

4 months, 2 weeks ago
We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 6 months, 2 weeks ago

Last updated 1 month, 3 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 1 month, 3 weeks ago