Dive into the Ultimate Free Library: Your One-Stop Hub for Entertainment!

АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ

Description
"Аллаһ Тағаланың құлдарындағы хақысы – құлдардың тек Аллаһқа ғана құлшылық етіп, Оған серік қоспауы. Ал құлдардың Аллаһтағы хақысы – кімде-кім Аллаһқа серік қоспаса, (Аллаһ) сол адамды азаптамауы" (Хадис Бухари мен Муслимде келеді).
Advertising
We recommend to visit

Қарақалпақстан мусылманлары қазыятының рәсмий сайты
https://www.facebook.com/groups/1393604727481912/
https://instagram.com/paziylet.uz?igshid=9ipx3fosdr4e
https://www.youtube.com/channel/UCrMPXuoyl0Wh3wUmka5pxHg

Last updated 5 days, 11 hours ago

#Travel ✈️
Путешествуйте по миру с каждым постом!🌎
#travelslocation 💙

📲Связь: @travelmanager

Last updated 3 weeks, 6 days ago

KRuz.uz сайтына мүрәжат жоллаў ушын бот: @kruzu_bot

Реклама ушын: @Polat_Turganbaev

Last updated 2 weeks, 6 days ago

1 month ago

🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚 ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУ:

🍃 Нәууас ибн Симған Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндағаны туралы жеткізіледі: «Аллаһ бұйрықты уахи арқылы жеткізуді қаласа, сол уахиді айтады, әрі сол кезде көктер Ұлы әрі Құдіретті Аллаһтың алдындағы қорқынышынан сілкіне түседі (немесе ол: «күркірей түседі», - деді). Мұны естіген көктің бүкіл мекендеушілері естерінен танады әрі Аллаһтың алдында сәждеге жығылады. Ең бірінші болып басын Жәбірейіл көтереді, әрі Аллаһ оған Өзі қалаған уахиін хабарлайды. Кейін Жәбірейіл періштелерге барады. Ол әрбір аспаннан өткен кезінде, сол аспанның періштелері одан: «Уа Жәбірейіл, Раббымыз не айтты?» - деп сұрайды. Жәбірейіл: “Ол ақиқатты айтты, өйткені Ол – аса Жоғары, тым Үлкен!", - дейді. Әрі олардың барлығы Жәбірейілдің айтқанын қайталайды. Осылайша, Жәбірейіл уахиді Ұлы және Құдіретті Аллаһ жеткізуді бұйырған жерге жеткізеді»» (Ибн Хазм «Таухидте» 206, Ибн Аби Ғасым «Сунанда» 515).

1 month, 1 week ago

📚 ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУ:

🌿 Пайғамбар ﷺ былай деді: “Аллаһ көктердегі әлдебір істі шешсе, періштелер өздеріне тастарға ұрылған шынжырдың күркіреуіндей тиетін Оның Сөздерінің алдында мойынсынушылық-тағзыммен қанаттарын жинайды. Ал олардың жүректерінен қорқыныш кеткен кезде олар: «Раббыларың не айтты?», - дейді. Әрі олардың өздері: «Ақиқатты, өйткені Ол – аса Жоғары, тым Үлкен!» – деп айтады. Ал шайтандар бірінің үстіне бірі мінгесіп (Суфиян ибн Уяйна саусақтарының арасын ашып көрсетті), Аллаһтың сөздерін ұрланып естиді. Бір сөзді естіп, әрқайсысы оны өзінен төмендегісіне жеткізеді, әрі ең соңында осы сөзді сиқыршы немесе сәуегей айтпайынша, жоғарыдан төменге қарай түсе береді. Жалындаған жұлдыз бұл шайтанды ол естігенін жеткізіп үлгермейінше немесе осыдан кейін қағып түсіруі мүмкін, әрі сол кезде ол осы шын сөзге жүз өтірікті қосады. Ал адамдар болса: «Ол бізге пәлен күні пәлен нәрсені және пәлен нәрсені айтпап па еді?», - деп жатады. Әрі көктерден естілген шын сөз адамдарды оған нануға сендіреді” (Бухари 4701).

1 month, 4 weeks ago

🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚 ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУ:

Аллаһ Тағаланың:

وَلا تَنْفَعُ الشَّفَاعَةُ عِنْدَهُ إِلا لِمَنْ أَذِنَ لَهُ حَتَّى إِذَا فُزِّعَ عَنْ قُلُوبِهِمْ قَالُوا مَاذَا قَالَ رَبُّكُمْ قَالُوا الْحَقَّ وَهُوَ الْعَلِيُّ الْكَبِيرُ (٢٣)
«Аллаһтың қасында рұқсат берілген біреуден басқа ешкімнің шапағаты пайда бермейді. Ақыр жүректерінен шошыну кеткен кезде, олар өзара: «Раббыларың не айтты?», - десе: «Хақты айтты. Ол Аллаһ – аса Жоғары, тым Үлкен», - деседі», - деген сөздері туралы» («әс-Саба» сүресі, 23-аят).

2 months, 3 weeks ago

🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚 ОН БЕСІНШІ ТАРАУ:

☘️Әл-Бухаридің «Сахих» жинағында Әнастың (Аллаһ оған разы болсын) былай дегені жеткізіледі: ”Ухуд шайқасында Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) беті жарақаттанып, тісі сынғанда, ол: «Өзінің пайғамбарын жарақаттаған қауым қалай жетістікке жетпек?» - деп айтқан болатын. Әрі сол кезде:

لَيْسَ لَكَ مِنَ الأمْرِ شَيْءٌ

«Ешбір іс сенің еркіңде емес» («Әли-Имран» сүресі, 128-аят), - деген аят түсті” («Сахих» әл-Бухари, 772).

3 months, 2 weeks ago

🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚 ОН БЕСІНШІ ТАРАУ:

🍃 «Әл-Фатыр» сүресі, 13-14 аяттар:

لَهُ الْمُلْكُ وَالَّذِينَ تَدْعُونَ مِنْ دُونِهِ مَا يَمْلِكُونَ مِنْ قِطْمِيرٍ (١٣)إِنْ تَدْعُوهُمْ لا يَسْمَعُوا دُعَاءَكُمْ وَلَوْ سَمِعُوا مَا اسْتَجَابُوا لَكُمْ وَيَوْمَ الْقِيَامَةِ
يَكْفُرُونَ بِشِرْكِكُمْ وَلا يُنَبِّئُكَ مِثْلُ خَبِيرٍ (١٤).

«(Бүкіл) Иелік Оған тән. Одан өзге табынғандарың бір ұрық қабығына да ие емес. Егер оларға жалбарынсаңдар, дауыстарыңды естімейді. Ал естіген жағдайда да, сендерге жауап қайтара алмайтын еді. Сондай-ақ Қиямет Күні олар сендердің құлшылықтарыңды теріске шығарады. Толық Хабардар Аллаһтай саған ешкім хабарламайды».

3 months, 2 weeks ago

🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚 ОН БЕСІНШІ ТАРАУ:

Аллаһ Тағаланың:

أَيُشْرِكُونَ مَا لا يَخْلُقُ شَيْئًا وَهُمْ يُخْلَقُونَ (١٩١)وَلا يَسْتَطِيعُونَ لَهُمْ نَصْرًا وَلا أَنْفُسَهُمْ يَنْصُرُونَ (١٩٢)
«Олар еш нәрсені жаратпаған, өздері жаратылған нәрсені Аллаһқа серік қосады ма? (Аллаһқа серік қосқан нәрселері) оларға жәрдем ете алмайды, әрі тіпті өздеріне де жәрдем ете алмайды» («әл-Әғраф» сүресі, 191-192 аяттар), - деген сөздері туралы

5 months ago

🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚ОН ТӨРТІНШІ ТАРАУ:
Аллаһтан өзгеден құтқару тілеу немесе Аллаһтан басқаға дұға етіп жалбарыну көпқұдайшылық болып табылады

🍃 «Юнус» сүресі, 107-аят:

وَإِنْ يَمْسَسْكَ اللَّهُ بِضُرٍّ فَلا كَاشِفَ لَهُ إِلا هُوَ وَإِنْ يُرِدْكَ بِخَيْرٍ فَلا رَادَّ لِفَضْلِهِ يُصِيبُ بِهِ مَنْ يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ وَهُوَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ (١٠٧)

«(Мухаммад,) егер Аллаһ саған бір зиян жеткізсе, сонда оны Аллаһтан басқа айықтырушы жоқ. Ал егер Ол саған бір жақсылық қаласа, оның кеңшілігін тойтарушы жоқ. Ол оны құлдарынан қалаған кісісіне береді. Ол өте Жарылқаушы, ерекше Рахымды».

5 months, 1 week ago

🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚 ОН ТӨРТІНШІ ТАРАУ:
Құтқаруды Аллаһтан емес (өзгеден) тілеу немесе Аллаһтан басқаға дұға етіп жалбарыну көпқұдайшылық болып табылады

🍃 «Юнус» сүресі, 106-аят:
وَلا تَدْعُ مِنْ دُونِ اللَّهِ مَا لا يَنْفَعُكَ وَلا يَضُرُّكَ فَإِنْ فَعَلْتَ فَإِنَّكَ إِذًا مِنَ الظَّالِمِينَ (١٠٦)
"Әрі Аллаһтан өзге саған пайда да, зиян да келтіре алмайтын нәрселерге жалбарынба. Ал егер (осыны) істесең, онда залымдардан боласың".

5 months, 2 weeks ago

📖🎙🔈"Аллаһтың құлдарыңдағы қақысы" кітабы

📚 ОН ҮШІНШІ ТАРАУ:
Аллаһтан басқаға пана тілеп жалбарыну (сиыну) көпқұдайшылық екені туралы

🍃 Хаулә бинт Хаким Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын естігені туралы жеткізілген: «Кімде-кім әлдебір жерде тоқтап: «Аллаһтың кемел сөздеріне жаратқан мақұлықтарының кесірінен сиынамын!» – деп айтса, ол осы жерде болғанға дейін оған ешқандай зиян тимейді» (Муслим 2708, әт-Тирмизи 3433, Ибн Мәжаһ 3547, Ахмад «Муснадта» 309, 388/6).

5 months, 2 weeks ago

📖 كيف أدخل في الإسلام): سلسلة علمية للدكتور هيثم سرحان، يتناول فيها أهم القضايا الشرعية على شكل سؤال وجواب.
وقد تناول في هذه الحلقة قضية الدخول في الإسلام، وكيف يصبح المرء مسلما؟ وماذا عليه بعد دخوله في الإسلام؟ وأهم ما يحتاجه المسلم الجديد للتدرج في تعلم الإسلام.

«Исламға қалай кіремін»: шейх, доктор Хайсам Сарханның бұл ғылыми топтамасы өзінің құрамына сұрақ-жауап түрінде келтіріліген ең маңызды шариғи мәселені қамтыған.
Бұл топтамада Исламға кіру мәселесіне, сондай-ақ адамның қалайша мұсылман болуына, ол Исламға кірген соң не істеуі керектігіне әрі жаңадан мұсылман болған адамға Исламды бірте-бірте оқып үйренуде қажетті болған ең маңызды нәрселерге қатысты сұрақтардың жауаптары жинақталған.

We recommend to visit

Қарақалпақстан мусылманлары қазыятының рәсмий сайты
https://www.facebook.com/groups/1393604727481912/
https://instagram.com/paziylet.uz?igshid=9ipx3fosdr4e
https://www.youtube.com/channel/UCrMPXuoyl0Wh3wUmka5pxHg

Last updated 5 days, 11 hours ago

#Travel ✈️
Путешествуйте по миру с каждым постом!🌎
#travelslocation 💙

📲Связь: @travelmanager

Last updated 3 weeks, 6 days ago

KRuz.uz сайтына мүрәжат жоллаў ушын бот: @kruzu_bot

Реклама ушын: @Polat_Turganbaev

Last updated 2 weeks, 6 days ago